«Солдатово орта мектебі» кмм XXI ғасыр көшбасшысы



Дата14.04.2017
өлшемі176,12 Kb.
түріСабақ
«Солдатово орта мектебі» КММ

XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ (ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН).

Жамбасова Г.М.-биология пәнінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы
2016 оқу жылы

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

(ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН).

Жамбасова Г.М.- биология пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Солдатово ауылы

« Солдатово орта мектебі» КММ


Түсініктеме

Мұғалімнің басты міндеті – дамыта оқыту. Ол оқу материалы мазмұнын

оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, оқушымен бірлесе шешүдің жолдарын

іздестіру. Әр оқушыда «Менің пікірім бойынша» деген сияқты өз ой – пікірінің дұрыстығы не бұрыстығы анықталып, оқушының көзі жетеді.

Сабақ – оқыту, дамыту және тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы.

Дәстүрлі емессабақ өз мәнінде мұғалімнің шеберлігімен байланысты. Шеберлік – сабақ түрі мен әдісті таңдай білуі. Осы мақсатта білім тексерудің тиімді әдісінің бірі – тестік бақылау оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру үшін неше түрлі интеллектуалдық ойындар қолдану аса маңызды.


Мақсаты:

1. Оқушылардың білім мен біліктерін жетілдіріп дамыту.

2. Оқушылардың білім деңгейін бақылау.

3. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың түрі: Ойын – сайыс.

Тәсілдер: интерактивтік тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жоспар:


1.«Бәйге» сайысы.

2.«Жеті жұмбақ» сайысы.

3.«Тапқырлық» сайысы.

4.«Жорға» сайысы.

5.Қазылар алқасының шешімі.

Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреүінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреүінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреүінің қатты істейтін миы бар.

Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз. Ойыншылармен, әділ қазылармен таныстырып өтеміз.
Ойын ережесі.
Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтын дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа екінші ойыншы жауап береді. Ол ойыншының жауабын жүргізуші айтады. Сонымен, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастайық!

Ойыншыларымызға сәттілік тілейміз!



Негізгі бөлімі.

ІІ Оқушылардың білімін жан – жақтан тексеру.

І сайыс «Бәйге».

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

Сұрақтар:

1. Биология нені зерттейді?(Тірі ағзаларды).

2. Өсімдік жасушасы неше бөліктен тұрады? (5).

3. Барсакелмес қорығы қайда орналасқан? (Арал теңізінде).

4. Алакөл қорығы қайда орналасқан? (Алматы мен Талдықорған жерінде).

5. Жасушаны алғаш микроскоппен қараған ғылым? (Р.Гук).

6. Құрамында болатын бояғыш заттардың құрамына қарай пластидтер нешеге бөлінеді?

7. Амеба қалай көректенеді? (Барлық денесімен).

8Зоология нені зерттейді? (Жануарларды).

9.Қыналар неден тұрады? (Балдыр мен саңырауқұлақтан)

10.Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті? (Иммунитет).

11.Микробиология нені зерттейді? (Көзге көрінбейтін ағзаларды).

12.Екі ағзаның бірігіп тіршілік етуін қалай атаймыз? (Симбиоз).

13. Ихтиология нені зерттейді? (Балықтарды).

14.Адам жасушаның ядросындағы хромосом саны неше? (46).

15.Плазманың көп бөлігі неден тұрады? (Судан).

16. Туберкулез қоздырғышы не? (Кох – таяқшасы бактерия).

17.Жорғаушыларды зерттейтін ғылым? (Герпетология).

18.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын қалай атайды? (Ұлпа).

19.Бидай масағын зақымдайтын саңырауқұлақ түрі? (Қаракүйе саңырауқұлақ).

20.Орнитология нені зерттейді? (Құстарды).

21.Гипертония дегеніміз не? (Қан қысымының көтерілуі).

22. Қан қысымын қандай құралмен өлшейді? (Тонометр).

23.Цитология нені зерттейді? (Жасушаны).

24.Гидра денесі неше қабаттан тұрады?(2).

25.Бластула дегеніміз не? (Бірқабатты ұрық).

26. Жүйке жасушаның атауы? (Нейрон).

27.Йод алынатын өсімдік не? (Қына).

28.Қазақстан қызыл кітабының шыққан жылы? (1978).

29. Жүректің бұлшықетті қабаты? (Миокард).

30.«Динозаврлар дәүірі» болып есептелетін заман? (Мезозой).

31.Кітап оқу кезінде затты орналастыру қашықтығы? (30 – 35).

32.Агроценоздар дегеніміз не? (Жасанды биоценоз).

33.Вирустарды кім ашты? (Ивановский).

34.Автотрофты көректенетін ағзалар? (Өсімдіктер).

35.Шылым шегу зардабынан болатын қкпе ауруы? (Туберкулез, рак).


Жүргізуші : 1 сайыс бойынша ұпайларды атап өтейік. Өкінішке орай, ойын ережесі бойынша ұпайы аз – ойыншымен қоштасамыз.

ІІ сайыс «Жеті жұмбақ».

Ойын ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы ұяшықты таңдайды.

І. Тірі организмдер


10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50
(өсімдіктер әлемі)

ІІ. Тірі организмдер

(жәндіктер әлемі)

ІІІ. адам және оның

денсаулығы

ІV Жануарлар патшалығы

V Жалпы биология

І. Өсімдіктер әлемі:

10 – гүл дегеніміз:

а) фотосинтезге қатысатын мүше

в) өсімді мүше

с) жыныс мүшелері, бар өсімдік мүшесі

д) ағзаның ең кіші бөлігі

е) жасушалар жиынтығы.

20 – Раушангүлдерге жататын шөптесін өсімдік:

а) көкнәр

б) қазтабан

с) жоңышқа

д) картоп

е) алабота.

30 – Екі ағзаның селбесуінен құралған өсімдік:

а) зең саңырауқұлағы

в) қалпақшалы саңырауқұлақ

с) қына

д) балдыр



е) түйнек бактерия

40 – Бунақденелілермен қоректенетін өсімдік:

а) алабота

в) шыбынжұт

с) балдыр

д) бақбақ

е) шаң жапырақ

50 – Сабақ бойымен органикалық заттар қозғалады:

а) тін талшықтары арқылы

в) сүрек арқылы

с) тоз арқылы

д) өзек арқылы

е) камбий арқылы.
Дұрыс жауаптар: 10 – С, 20 – В, 30 – С, 40 – В, 50 – А.
ІІ Жәндіктер әлемі:

10 - Жақаяқтары бар ұлу:

а) жалаңаш шырын

в) үлкен тоспа ұлу

с) жүзім ұлуы

д) сегізаяқ

е) айқұлақ.

20 – Шаянтәрізділердің зәр шығару мүшесі:

а) имек түтікшелер

в) өкпе


с) екі жасыл без

д) бүйрек

е) бауыр

30 – Қыста орам жапырақ көбелегі:

а) қырылады

в) құыршақ күйінде қыстап шығады

с) ересек күйінде қыстап шығады

д) жұмыртқа қалпында қыстап шығады

е) дернәсіл қалпында қыстап шығады.

40 – денетұрқы 10 метрге жететін таспа құрт:

а) мысық сорғыш

в) қылқұрт

с) аскарида

д) сиыр цепені

е) бауырсорғыш.

50 – Лямблияның таралуы:

а) көмекейге

в) ішектерге

с) өкпеге

д) асқазанға

е) бауырдағы өт қалтасына.
Дұрыс жауаптар: 10 – А, 20 – С, 30 – В, 40 – А, 50 – Е.

ІІІ Адам және оның денсаулығы.

10 – Ағзадағы ең ірі без:

а) бауыр

в) ұйқы без

с) жыныс бездер

д) гипофиз

е) қалқанша без.

20 – Адамнан әр түрлі қашықтықта тұрған заттың кескінін көздің ажырата

алатын құрылымы а) нұрлы қабықша

в) қасан қабықша

с) тор қабықша

д) көз бұршағы

е) шыны тәрізді дене.

30 – ұйқы рефлексін зерттеген ғылым:

а) Анохин П.К.

в) Мечников И.И.

с) Пирогов Н.И.

д) Сеченов И.М.

е) Павлов И.П.

40 – Жас адамның сүйегінің өсуін реттейтін:

а) ұйқы безі

в) қалқанша безі

с) тыныс бездері

д) бүйрек үсті безі

е) гипофиз.

50 – Қанды сол жақ құлақшаға әкелетін қантамыр:

а) қолқа

в) өкпе қантамыры (салатамыр)

с) көктамыр

д) өкпе көктамыры

е) қылтамыр.
Дұрыс жауаптар: 10 – А, 20 – Д, 30 – Е, 40 – Е, 50 – Д.
IV Жануарлар патшалығы.

10 – Сәндік үшін өсірілетін тауық:

а) тауыс (павлин)

в) виандот

с) орыстың ақ тауығы

д) род – айланд

е) Орлов тауығы.

20 – Жүрегі төрт қуысты жорғалаушы:

а) кесіртке

в) жылан


с) тасбақа

д) құрбақа

е) қолтырауын.

30 – Бір орнында тұрақты қоныстайтын құстар:

а) отырықшы

в) жыл құсы

с) кездейсоқ

д) өтпелі

е) көшпелі құстар.

40 – Бақалардың бұнақденелерді аулау кезіндегі қатысатын ең негізгі мүшелері:

а) дәм сезу

в) көздері

с) иіс сезу

д) сезім мүшелері

е) есту мүшесі.

50 – Құс жұмыртқасының жорғалаушы жұмыртқасынан айырмашылығы:

а) бояулы таңбалары жоқ

в) сырты өте қатты, әктас қабақпен қапталған

с) жұқа терілі қабықпен қапталған

д) тек ақ уызды

е) қабығы болмайды.

Дұрыс жауаптар: 10 – А, 20 – Е, 30 – А, 40 – В, 50 – В.



V. Жалпы биология.

10 – Қасқырдың бөкенге шабуылы:

а) арам тамақтық

в) паразиттік

с) жыртқыштық

д) бәсекелестік

е) сел бесу.

20 – РНқ моллекуласының тізбегі:

а) 2, в) 4, с) 3, д) 1, е) 5.
30 – Сыртынан қарағанда жасырын қалатын белгінің аталуы:

а) доминантты

в) гомозиготалы

с) гетерозиготалы

д) альтернативті

е) рецессивті.

40 – ДНҚ – молекуласында азотты негіздердің болмайтын түрі:

а) гуанин

в) урацил

с) цитозин

д) аденин

е) тимин.

50 – Гомологтық хромосоманың конъюгациялануының жүретін фазасы:

а) мейоздық анафазада

в) мейоздық метафазада

с) мейоздық профазада

д) мейоздық интерфазада

е) митоздық профазада.


Дұрыс жауаптар: 10 – С, 20 – А, 30 – Е, 40 – В, 50 – С.
Жүргізуші: - Ойын ережесі бойынша ұпайы аз 2 ойыншымен қоштасамыз.
ІІІ - сайыс «Тапқырлық».

Жүргізуші – келесі сайысымыз – «Тапқырлық»


Ертеде кіші жүздің әлем руынан шыққан Жетес деген тапқыр да шешен адам өтіпті. Көпшілік бас қосқан үлкен жиында Жетестің тапқырлығын сынамақ болған бір адам «Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде?» - деген сауал қойыпты. Сонда Жетес іркілместен: «Адамның сәні – өнер – білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс – өнім, дақылы,

Сөздің сәні – өнегелі, өткір нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдалы нақылы, мақулы» деп жауап берген екен дейді.

Сол сияқты біздің де ойыншылырымыздың тапқырлығын сынайық.

Берілген сөздерді қосып мақал – мәтелдер, өлеңдер, әндер айту керек. Ал, енді осы

Сайысымызды ұпайы аз ойыншыдан бастайық.

Аю, құлақ, түлкі, аққу, көз, бидай, қыз, аяқ, тіл, бүркіт, шошқа.

Жүргізуші – Ойын ережесі бойынша ұпайы аз 2 ойыншымен қоштасамыз.

IV – сайыс «Жорға».

Жүргізуші – Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Келесі сайысымыз – «Жорға» сайысы. Әр – бір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан және 20 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. Ойын ережесі бойынша ұпайы аз ойыншы бастайды.

1.Біржасушалы ағзалар қалай аталады? (Қарапайымдар).

2 .Балдыр жасушасындағы хлоропластар? (Хроматофора).

3 .Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер? (Жабайы).

4 .Денесі балдыр мен саңырауқұлақтан тұратын ағза? (Қына).

5 .Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?(Микология).

6 .Жасушаны кім ашты? (Роберт Гук).

7 .Бактерия жасумасына енетін вирус? (Бактериофаг)

8.Митрохондрияның қызметі? (Энергетикалық).

9.Спирогираның хроматофорының пішіні? (Спираль тәрізді).

10.Мақтаны зақымдайтын саңырауқұлақ ауруы? (Гоммоз).

11.Мүктерді зерттейтін ғылым? (Бриология).

12.Спораның қызметі? (Қорғаныш қызметі).

13Біржасумалы балдыр - хлорепланың көбеюі? (Жыныссыз жолмен)

14Ядроның қызметі? (Көбею).

15.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер? (Сапрофиттер).

16.Жынс жасушаларының дамуы. (Гаметогенез).

17.Мендельдің бірінші заңы. (Біркелкілік немесе Басымдық заңы).

18.Тітіркенуді қабалдайтын жүйке ұштары. (Рецепторлар).

19.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. (3500 см3)

20.Митрохондрияны кім ашты? (Кликкер, Альтман, Бенда).




  • * * *

1.Қыналар қай жерде тіршілік етеді? (Ауа таза жерде).

2.Спора дамитын орын. (Спорангий).

3.Зең саңырауқұлағынан алынатын антибиотик. (Пенициллин)

4.Мүктердің кең тараған түрі. (Жасыл мүк).

5.Жасумасы жоқ өте ұсақ ағза. (Вирус).

6.Хлоропластың негізгі қызметі. (Фотосинтез).

7.Улотрикс көбею жолдары. (Жыныссыз және жынысты).

8.Жасыл мүктің басқаша атауы. (Көкек мүгі).

9.Ашыту процесіне қатысатын саңырауқұлақ. (Ашытқы саңырауқұлақ).

10.Өрмекшілерді зерттейтін ғылым. (Арахнология).

11.Мүктерде тамырдың қызметін кім атқарады? (Ризоидтар).

12.Бал жинайтын адам. (Омарташы).

13.Өкпенің қызметі. (Тыныс алу).

14.Прокариоттар қандай ағзалар? (Ядросыздар).

15.Адам денесіндегі биосүзгіш. (Бүйрек).

16.Жұмыртқа жасушаның дамуы. (Овогенез).

17.Мендельдің екінші заңы. (Ажырау заңы).

18.Темекі түтінінде ең зияндысы – (никотин).

19.Қай витамин күннің сәулесінің әсерінен синтизделеді? (Д).

20.Лизосоманы кім ашты? (Де Дюв).

***
1.Ядролы ағзалардың атауы. (Әу кариоттар).

2.Информасоманы кім ашты? (Айтхожин).

3.Циста қандай қызмет атқарады? (Қорғаныш қызмет).

4.Вирусты кім ашты? (Ивановский).

5.Хлорелла қандай ағза? (Біржасушалы).

6.Балықтарды зерттейтін ғылым. (Ихтиология).

7.Тірі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер. (Паразиттер).

8.Ядроның қызметі. (Көбею).

9.Бейорганикалық заттарға жатады. (Су мен минералды заттар).

10.Дәнекер ұлпаға жатады, сұйық – (Қан).

11.Нейронның қысқы өсінділері –(Дентриттер).

12.Тимуста қай гормон түзеледі? (Тимозин).

13.Аталық жасумаларының дамуы. (Спермотогенез).

14.Жануар крахмалы. (Гликоген).

15.Жұлын неше сегменттен тұрады? (31).

16.Пияз қай тұқымдасқа жатады? (Лала гүлділер тұқ).

17.Тироксин гормонын бөлетін без. (Қалқанша без).

18.Жүйке жасушаларының аталуы. (Нейрон).

19.«Оқушының денсаулығын сақтау» еңбекті кім жазды? (Х.Досмұхамедов).

20.Гольджи жиынтығын кім ашты? (Гольджи).


Жүргізуші : Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы анықталды. Келесі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
ІІІ. Қорытындылау, марапаттау рәсімі.
5. Әділқазыларға сөз беру. Марапаттау рәсімі.

6. Рефлексия.




Каталог: uploads -> doc -> 07de
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07de -> Сабақ Тақырыбы: «Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi»
07de -> Қазақ күресін ұлттық ойындармен байланыстыра үйрету жүйесі және ойынның адам ағзасына берер пайдасы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу