Минералданған тіс шөгінділері немесе тістің қатты шөгінділері (минерализованные или твердые зубные отложения) құрылу тегіне байланысты екі түрге бөлінеді: қызылиекүсті тіс тасы және қызылиекасты тіс тасы. Пародонты қалыпты жағдайдың өзінде адамдардың 80% әртүрлі дәрежеде тістің қатты шөгінділері орын алады. Қызылиекүсті тіс тасы жиірек кездеседі және 9-15 жас арасындағы балаларда 37-70% құрайды. Жасы 16-22 арасындағы жастарда қызылиекүсті тіс тасы 44-88%, ал 40-тан асқан адамдар арасында 86-100% жағдайда орын алады. Қызылиекасты тіс тасының құрылуы сирегірек, бірақ 40-тан асқан адамдардың әрқайсысында анықталады деуге болады.