Тіс шөгінділерін алу - Жұмсақ шөгінділерді немесе қақты (налет) сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен немесе марганецқышқылды калийдің 0,05% ертіндісімен суланған анжымен сүрту арқылы, болмаса аршығышпен (экскаватор) қырып алады. Тіс бетіне жақсы бекіген жұмсақ шөгіндіні және шылым шегушілер қағын аршығыштың көмегімен алып, соңынан тістерді арнаулы ағартқыш қойыртпақтармен (паста) щетканың, резіңке шәшкелердің, полирлердің көмегімен тазалайды. «Септодонт» фирмасы кремнезем негізінде абразивті қойыртпақтар «Detartrine», цирконий оксиді және иондалған фтор негізінде «Detartrine fluoreе», ұнтақталған кремнезем және цирконий негізінде «Detartrine Z» қойыртпақтарын шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |