Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет3/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К

«Қамшы» және «Пряник» саясаты.
Мұның мәні мұнда: жеке бастары мен жанұялары күн көруі үшін адамдар бәріне де риза болып көнуге мәжбүр болады.
Үнемі «пряник» әдістері адамдарды жақсы еңбектенуге мәжбүр ете алмайды. Осы факт басқару саласындағы мамандардың психологиялық аспектідегі мотивация мәселелерінің жаңа шешімдерін іздеуге мәжбүр етті.
Психологиялық әдістерді басқаруда пайдалану талпыныстары
Біз әр түрлі мотивация теорияларының екі категорияға бөлеміз: мазмұндық және процессуалдық.
Мотивацияның мазмұндылық теориялары адамдарды дәл солай әрекет жасауға мәжбүр ететін ішкі оянуларға негізделген. Бұл орайда Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клелланд, Фредерик Герцберг еңбектері қарастырылады.
Мотивацияның процессуалдық теориялары адамдардың түсінігі мен дүниетанымына байланысты өздерін қалай ұстайтындығына негізделінеді.
Процессуалдық теорияларына: күту теориясы, ақиқат теориясы және Портер – Лоулер теориясы жатады.
Мотивацияның мазмұндық немесе процессуалдық теорияларының мағынасын түсіну үшін алдымен мына түсініктердің мағынасын меңгеріп алу қажет. Олар – қажеттіліктер және сыйлықтар тапсыру.
Бірінші және екінші қажеттіліктер.
Бастапқы және қосымша қажеттіліктер.
Психологтардың айтуынша, адамдар физиологиялық және психологиялық жетіспеушіліктер салдарынан қажеттілікті сезінеді.
Алғашқы немесе бірінші қажеттілік табиғаты жағынан физиологиялық болып табылады және туа пайда болады. Бұған: тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық қажеттіліктерін жатқызуға болады.
Қосымша қажеттілік табиғаты жағынан психологиялық болып келеді. Мысалы табысқа жету, құрметке ие болу, үстемдік қажеттіліктер.
Бастапқы қажеттіліктер адамдарға ген арқылы беріледі, ал қосымша қажеттіліктер тәрбие арқылы жинақталады.
Қажеттіліктер және мотивациялық мінез – құлық, тәртіп.
Қажеттіліктерді тікелей бақылау немесе өлшеу мүмкін емес. Оларды тек адамдардың мінез – құлқына қарап бағалауға болады.
Қажеттілік пайда болса, онда ол адамның ынта – жігерін оятады.
Ояну - бұл белгілі бір бағыттағы жетіспеушілікті сезіну. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін адам алдына мақсат қояды.
Алдыға қойған мақсатқа жету нәтижесіне қанағаттану дәрежесі адамның алдағы іс - әрекетіне әсерін тигізеді. Егер адам белгілі бір мақсатқа қолын жеткізсе, онда ол келесі реттерді де сол жолғы әрекеттерді қайталауға тырысады. Бұл нәтиже заңы деп аталады.
Қажеттілікке байланысты мотивацияның күрделілігі.
«Бес саусақ бірдей емес», ал адамдардың мінез – құлқы тіптен алуан түрлі. Осыған байланысты әрбір адамның қажеттілігі де әр түрлі және оларды қанағаттандыру да түрліше.
Яғни тұрақты, ең жақсы дейтін әдіс мотивацияда жоқ. Біреулер үшін тиімді мотивация, екінші біреуге мүлдем маңызсыз болуы мүмкін.
Жұмыстардың өзара байланыстығы ақпаратттың жеткіліксіздігі, технологияның жаңаруына байланысты қызметкерлердің жиі ауысуы осының барлығы мотивацияның күрделілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет