Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.