Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі145,15 Kb.
#130859
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kurs ishi

ІІІ. Қорытынды.
Мұндағы негізгі мəселе тіркесе келіп жаңа атау туындағанда бұрынғы болған еркін сөз тіркесі кезіндегі байланыс сақталғандай болуы ықтимал. Еркін сөз тіркесінде болатын сабақтаса байланысу оның атау ретінде қалыптасу деңгейінде сақталмайды. Біз бұны синтагматикалық байланыс түрінде ғана түсіндіреміз. Қазіргі тіл дамуында, жаңа атаудың жасалуында аналитика-семантикалық сөзжасам маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл тəсілдің сөзжасамдық қабілеті мен мүмкіндігі аса мол. Сөздердің, əсіресе бір буынды сөздердің себепші негіз ретінде жұмсалу мүмкіндігі айрықша мол, сөзжасамдық қалып сипаты кең. Сондықтан қазіргі қазақ тілінде аналитика-семантикалық сөзжасам 359 тəсілі арқылы жасалған атаулардың саны мол. Сөзжасамдық мағына тұрақталып, дайын атау ретінде еркін қолданысқа түскендіктен, аналитика-семантикалық сөзжасам тəсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы себепші негіздердің мағынасы да бір-біріне біте қайнасып, ортақ сема деңгейінде мағыналық сіңісу дəрежесіне жетеді. Мағыналық сіңісу – себепші негіз мағыналары арқылы уəжделген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы. Мағыналық сіңісу нəтижесінде көптеген күрделі сөздер жеке атау ретінде таңбаланғанда олардың лексикалық құрамы жеке-жеке толықтай түсінікті бола бермейді. Атаудың негізгі сөзжасамдық мағынасы айқын болғандықтан, бір себепші негіз мағынасының көнергендігі оның мағынасына ешқандай түсініксіздіктің көлеңкесін түсіре алмайды. Ортақ негізгі сөзжасамдық мағына айқын болғандықтан, жеке сыңардың мағынасыздығына көңіл бөлінбейді. Айталық, жігітжелең, қыз-қырқын, ығай-сығай, көрші-қолаң, ту-талақай, некенсаяқ, ым-жым, тым-тырақай, т.б. сияқты атаулардың бір сыңарының мағынасы тілдің қазіргі дамуында көнергендігі не көмескіленгендігі, бұл атаулардың түсініксіздігін туғызбайды. Сөзжасамдық мағына жалпы халық тілінде түсінікті болғандықтан, атау ретінде белсенді жұмсала береді. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда қос сөз немесе біріккен сөз құрамындағы көмескіленген немесе мүлде мағынасы көнерген сыңарлардың мағынасы тілдің көне тарихи бастауында бір-біріне барабар (эквивалент) немесе жақын мəнде жұмсалған тұлғалар болып шығады. Сонымен, аналитика-семантикалық сөзжасам тəсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді: 1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі; 2) құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уəжделеді; 3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады; 4) бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады; 5) себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет