Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі145,15 Kb.
#130859
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kurs ishi
Практикалық тапсырмалар 2021, dokumen.pub 9786010417045, -9786010417045 convert compress
Фонетикалық сөзжасам

Сөзжасамдық процесс көне заманалардан бастау алатын тарихи күрделі процесс. Сөзжасамдық мағына қалыптастырып, жаңа мағына туғызу үшін, дыбыстардың жіктелуі, сәйкесуі, қосылуы т.б. фонетикалық процесстер тілдің ішкі даму заңдылығына айналған.


Қазақ тілі білімінде қалыптасқан сөзжасамдық теория негізінде синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдер қарастырылып, фонетикалық сөзжасам тәсілі мүлде әңгіме болмайды. Дегенмен, сөзжасамның фонетика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы тілдік факты. Тарихи фонетиканы зерттеген түрколог ғалымдар дыбыстардың сәйкестігі нәтижесінде туынды мағына жасалатынын ескертіп, бұл мәселе төңірегінде зерттеу жүргізу зәрулігін атап көрсеткен. Фонетика-семантикалық сөзжасамды арнайы зерттемегенімен, сөзжасамдық форманттар арқылы жаңа сөз жасалатыны туралы В.Томсон, В.Банг, Ж.Дени, В.В.Радлов, К.Гренбек, К.Г.Залиман, В.Богородицский, Г.И.Рамстедт, М.Рясянен, В.Л.Котвич, Н.К.Дмитриев, А.Заинчиковский, Н.А.Баскаков, Б.М.Юнусалиев, А.Н.Кононов, Ф.Г.Исхаков, Э.В.Севортян, Ж.Аралбаев, М.Т.Томанов, Е.З.Кажибеков т.б. ғалымдар зерттеу еңбектерінде атап өткен болатын. Көптеген түркологтар сөз мағынасының өзгеруіндегі интонацияның рөліне ерекше мән берген: А.Н.Кононов, Д.Г.Киікбаев, Ш.М. Абдуллаев, Ж.Дуйшеев т.б. ғалымдар дыбыстардың жіктелуінің себебін анықтауға, жаңа мағына туғызатынына мән берген. Айталық, А.Н.Кононов СГС тұлғалы түбірдің соңғы дыбыстарының қызметін былайша баяндайды: «Конечным согласным выступает формант, выполнявший в свое время определенную грамматическую функцию, но позднее и ее утративший и в силу этого вошедший состав нового корня - основы» [1,77]. Автор жаңа сөздерді туғызушы соңғы форманттар екенін байыпты зерделейді.
И.А.Батманов мұндай құбылыстарды «ішкі флексия» деп танып, түбір мағынасының семантикалық жағынан нақтылану сипаты ретінде қарастырады [2,11]. Н.А.Баскаков «л» және «т» дыбыстарының сөздің лексикалық мағынасын өзгертудегі рөлін айқындап, етістіктің сөзжасамдық көне тәсілі ретінде бағалаған: «Возможно что древний способ словообразования, заключаюшиеся в варировании конеч+ного искренного был когда-то весьма продуктивным»- деп жазады [3,144].
Қазақ ғалымдарының ішіндегі фонетикалық сөзжасам жөнінде құнды пікір айтқан - Е.З.Қажыбеков. Ғалым зерттеуінде дыбыстық өзгерістер арқылы сөз мағынасының өзгеретінін бірнеше жерде анықтайды. Екпін арқылы сөз мағынасының даму мүмкіндігін айта отырып, дыбысық жіктелу нәтижесінде болған туынды сөздерді талдайды, бір буынды сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі арқылы сөз мағынасының өзгеруі мен дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы сөз мағынасының өзгеру мүмкіндігін дәлелді көрсетіп береді. «Словообразование в тюркских языках также может осушествляться фонетическим способом» деген ашық айтылған пікірді де осы еңбектен оқимыз [4,87].
Автор л-т; и-қ; р-з дыбыстарының сәйкестігі арқылы: сал-сат, кел-кет, ал-ат, жой-жоқ, той-тоқ, көр-көз т.б. сөздерінің жаңа мағына алуына негіз болатын фонетикалық өзгерістер екенін көрсетеді.
Тарихи фонетика мен тарихи лексикология мәселелерінің негізінде дыбыстардың жіктелу жағдайы мен жасалу сипаты сөздің даму және қалыптасу жүйесі кешенді түрде қарастырылады. Егер тарихи фонетикада тікелей олардың дыбыстық мәні, фонемалық сипаты, жіктелу жағдайы әңгімеленсе, лексикология сөзді даяр қалпында зерттейтіндіктен, сөзжасамдық жаңа мағыналы нәтиженің даму жолы мен жүйесін сипаттайды. Демек, фонетика мен лексикология арасында сөзжасам саласы аралық буын ретінде тіл дамуына қызмет етеді.
Көне замандардағы тіл дамуында дыбыс жіктелісінің болғаны, бір дыбыстың өзінің жеке аллофондарына жіктеліп, кейін бұл аллофондар фонемалық дәрежеге дамығаны жөнінде Ж.А.Аралбаев, Ш.Х.Ақбаев, Н.А.Баскаков, Т.А.Бертагаев, А.Н.Кононов, А.Мартине, М.Т.Томанов, Э.В.Севортян, А.Щербак, Б.Сағындыков т.б. ғалымдар еңбектерінде негізделді. Зерттеушілер дыбыс жіктелісін тарихи фонетикада – фонетикалық заңдылық ретінде бағаласа, тарихи лексикологияда – дыбыстардың өзгерісі арқылы жасалған сөздерді тұлғалық – мағыналық даму жолы ретінде қарастырады. Дыбыс жіктелісі арқылы жаңадан номинативті атау жасалып, туындау сөз қалыптасқандықтан, дыбыс жіктелісі мен сәйкестілігі арқылы жасалған туынды сөздер тарихи сөзжасам обьектісі болып табылады. Себебі дыбыстардың жіктелуі, сәйкес дыбыстарға ажырауының негізгі себебі мен болу қажеттілігі сөздің жасалуымен, яғни жаңа танылған ұғымды атау қажеттілігімен тығыз байланысты.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі: а-е-ә; у-ұ-ү-о-ө; и-ы-і мен дауыссыз дыбыстардың: п-б-в-у; ц-т-с; ч-т-ш; дж-д-ж-з-й; р-х-к-к-ғ-г жіктелуі, ең алдымен, адам танымының өсіп дамуымен, құрылыммен сабақтаса қарастырылып, номинация теориясы негізінде ұғымды атауда ерекше номинативтік белгілерді танумен, жаңа туынды сөздер мағыналарының ерекшеленуімен байланыстырылады. Жіктелу мен сәйкестік құбылыстары – күрделі ұғымның номинативтік ерекше белгілері жіктелуіне сәйкес, оны белгілейтін тілдік таңба ретінде дифференциалданады. Сөйтіп, фонемалық мағына иеленіп, тілде екіншілік таңба жасайды. Біздіңше, дыбыстардың жіктелу процесінің негізінде әлем бейнесінің көрінісі болатын ұғымды белгілеу, жаңа мағыналы сөзді таңбалау қажеттілігі жатады.
Тілдегі дыбыстық жіктелістердің табиғи – тарихи заңдылығы бар. Жалпы, энергия жоқтан пайда болмайды, бар нәрсе ешқайда жоғалып кетпейді. Сол сияқты тілдің даму жолында да жоқ жерден жаңа мағыналы сөз жасай алмайды. Жаңа мағыналы сөз туу үшін, алдымен ұғым қалыптасып, түсінік арқылы сөз жасалып, оған өзгеше мағына берілуі шарт. Яғни, энергия - тіл бөлініп, жіктеліске түседі. Тілдің табиғи даму деңгейіндегі адам танымында жасалған ұғымды таңбалау, атау қажеттілігі туындайды.
Номинациялық қажеттілікті өтеу үшін тілдегі бар аффрикат күрделі тұлғалар жіктеліске түседі, аллофондары мағына жасаушы фонемаға айналады. Осының нәтижесінде жаңа мағыналы туынды сөз жасалады. Сөйтіп, дыбыстық жіктелісті екі бағытта қарастырамыз: 1) күрделі аффрикаттардың жеке фонемаларға жіктелуі (ТС = Т-С; ТШ=ТШ; ДЖ=Д-Ж; ДЗ=Д-3 т.б.). 2) Жеке дыбыстар аллофондарының мағыналық дамуы арқылы, аллофондық дәрежеден мағына айырушы фонемалық дыбысқа дейін даму процесі (Н-Н-М-Б-П-Ф; Н-Б-В-У; Л-Р; А-Е-Э; Ы-І; У-У-У; Х-К-Ғ-К-Г т.б.).
Мұндай дыбыстардың жіктеліп немесе сәйкес дыбыстарға өзгеруі арқылы тұлғалық жағынан даралыққа ие болуының басты себебі:
- зат немесе құбылыстың номинативтік ерекше белгілерінің танылуы нәтижесінде ұғымдық пайда болуы;
- жаңа ұғымды ерекше тұлға арқылы таңбаланып, мағыналық атау жасау қажеттілігі.
Дыбыстардың тұлғалық өзгерістері мен дамуы көне алтай тілдерінің даму сатыларынан кейін, түркі тілдерінің де іштей диалектілерге жіктеуіне алып келді. Дыбыстық өзгеру мен сәйкес дыбыстарға жіктелу бір жүйедегі тіл топтарына әртүрлі деңгейде және әр алуан сипатта жүреді. Бір тілде дыбыстық өзгеріс баяу қалыппен, басқа тілде ерекше сипатта жүріп, тілдердің әр түрлі тіл бұтақтарына тарамдалуына обьективті себептердің бірі болды деп есептейміз.
Академик А.Н. Самойловичтің түркі тілдерін жіктеуде фонетикалық – морфологиялық өзгешеліктер мен айырым белгілеріне маңыз беруінде әрі этникалық түпкі негізіне қарай бөлуінде үлкен мән бар. Ғалым – зерттеуші фонетикалық – морфологиялық сипатына сәйкес мынадай алты топқа бөлген:
1. Р – тобы, бұлғар немесе чуваш тобы, негізгі айырмашылығы: 1) тыхыр (тоғыз), 2.ура (айак, р-з-й, у-а), 3. пул-бол, 4. тау-ту (ағу), 5. сары (ғ-о), 6. қалан – йулна.
2. Д-тобы, ұйғыр немесе Солтүстік шығыс тобы. Негізгі айырым белгілері: 1. токуз, 2. адақ-азақ, 3. пол, 4. тағ, 5. сарығ, 6. қалған.
3. Тау тобы, қыпшақ немесе солтүстік батыс тобы. Негізгі айырым белгілері: 1. тоғыз, 2. айық, 3. бол-бұл, 4. тау, 5. сары, 6. қалған. Бұған алтай, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, қазақ, ноғай тілдері енеді.
4 Тағылық тобы, шағатай, оңтүстік – шығыс тобы. Негізгі айырым белгілері: 1. токуз, 2. айак, 3. бол, 4. тағ, 5. сары, 6. қалған. Бұған көне шағатай, Қытай, Түркістан тілдері, өзбек, қара татар тілдері жатады.
5. Тағлы тобы, қыпшақ-түрікпен немесе орта топ, айырым белгілері:
1. токуз, 2. айак, 3. бол, 4. тағ, 5. сары, 6. қалған. Өзбек тобының Хорезм тобы жатады.
6. Ол тобы. Түрікпен Оңтүстік- Батыс тобы. Айырым белгілері: 1. докуз, 2. айак, 3. ол, 4. дағ, 5. сары, 6. қалған. Бұл топқа түрікмен, азербайжан, түрік тілдері жатқызылады. [5,27-28].
Бұл классификациялауды толық беруіміздің себебі, түбірі мен мағынасы бірдей тұлғалардың дыбыстық жіктелісі негізінде бірте-бірте бір-бірінен ерекшелене бастауының сипатын таныту. Қазіргі түркі тектес тілдердің әрқайсысының өзіндік айшықты келбеті, тұлғалық ерекшелігі мол. Бір-бірімен еркін түсінісе алмайды. Яғни тіл тұлғалық және мағыналық дамуға өзіндік ерекшелік сипатта түскен, әр халықтың өзіндік ерекше танымы мен дәстүріне сәйкес, ерекшеліктері де молайған.
Осындай тілдік даму тек түркі тілдерінің өз ішінде ғана жүрген құбылыс емес, бұл тек микрожүйе деп ұғынамыз, ал макрожүйеде тілдік даму сатысы да осы сипатта танылуы қажет. Ең көне этимон түбірлер даму сипаты жан-жақты болып, дыбыстық, мағыналық ерекшеліктері әр халықтың танымдық, дәстүрлік, салт-саналық ерекшелігіне байланысты дамығанда, олардың бүгінгі көрінісінен жақындық аңғару тіпті мүмкін болмай, бір-бірін түсінбейтін жағдайға жеткен.
Дыбыстардың жіктелуі сөзжасамдық процесс негізінде жасалады, өйткені, түптеп келгенде, атау қажеттілігінің туу салдары деп түсінеміз. Кең мағыналы, макросемалы архитұлғалар ұғымды атау үшін дыбыстық жіктеліске түседі, сөйтіп дыбыстық жіктеліспен қоса мағыналық жіктеліс қатар жүреді. Тұлғалық жіктеліс пен мағыналық жіктелісті бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
Дыбыстардың жіктелуінің бір парасы аллофондардың фонемалық сипат алуымен байланысты. Айталық, «А» фонемасының аллофоны «е» кейін «э» дыбысы болып қалыптасқаны белгілі. Дауысты дыбыстардың сингармониялық варианттары мен параллельдерінің қалай болғаны жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар. Г.А.Рамстедт, Н.А.Баскаков, Э.В.Севортян, Д.Г.Киікбаев, А.М.Щербак бірінші буындағы дауысты дыбыстардың алмасуы дауыссыз дыбыстардың комбинаторлық, позициялық жағынан сәйкестендіруінің нәтижесі деп бағамдайды. Э.В.Севортян, Е.И.Убрятова т.б. ғалымдар әр түрлі диалектілердің араласуынан пайда болған – сингармониялық варианттар деген ой айтады.
Қазақ зерттеушісі Ж. Аралбаев тілдің ең көне дәуірінде «а», «у», «ы» болып кейін - «е», «ү», «і» варианттары қалыптасқаны туралы жазған [6,120-121]. Сондай-ақ, Б. Сағындықұлы зерттеуінде «кеуек-қауақ», «ажа-әже», «ақа-әке», «қол-көл» варианттарының кездесетінін көрсете отырып, дыбыстарының жуан түрінің ең көне заман куәгері екенін, жіңішке варианттар тіл дамуында кейін пайда болғаны туралы жазады [7,95-96]. Жіңішке варианттар кейін пайда болған деген пікірді қолдасақ, мұның негізгі себебі қандай екенін де мәнісін білу қажет. Жіңішке дауысты дыбыстардың екіншілік құбылыс екені дәлелденген. Бұл құбылыстың орындалу мәнісі тарихи құбылыс. Дыбыстардың айтылуының артикуляциялық – акустикалық өзгешелігіне сәйкес аллофондар пайда болады. Диалектілерде кездесетін «қау-кеу», «бау-беу», «апа-әпке» т.б. көптеген сөздерде А-Е, Е-Э, Е-Ы, Е-І бір-бірімен сәйкеседі, бірақ мағынаға әсер етпейді, жаңа мағына жасамайды. Тілдің ілгерідегі дамуында да бұл дыбыстар алдымен аллофон ретінде туындаған, әр диалектіде әр түрлі аллофондар арқылы таңбаланған. Кейін тіл дамуында, адам танымының толығып, ұғымдар кеңейгенде, сөзді таңбалау қажеттілігінен бір фонеманың әр түрлі аллофондары мағыналы туынды сөз жасауға қатынасып, фонемалық қалыпқа жеткен. Яғни жіңішке вариантты фонемалардың қалыптасуының басты себебі, сөздің семантикалық дамуымен тікелей байланысты деп пайымдаймыз. Сөйтіп ұғымның номинативтік ерекше белгілері арқылы атау пайда болғанда, жуан фонемалардың жіңішке аллофондары сөзді тұлғалауға негіз болған. Екіншілік номинация пайда болған. Екіншілік номинация екіншілік тұлғаның негізінде болған, бұл екіншілік тұлға жіңішке дауысты дыбыстар болады. Жіңішке дауысты дыбыстар жуан дауыстылармен қатар қолданылып, сөз мағынасына ешқандай лексика – семантикалық мағына қоспаса, сол дыбыстың аллофоны ретінде қарастырылып, ал жекелей ерекше мағына үстеп, жаңа туынды жасауға себепкер болса, жаңа фонема ретінде танылады. Мысалы, ау-әуе тұлғалары әуелдегі бір ғана мағыналы сөз ұғымның дамуымен сәйкес жіктелген, «ауа»- воздух, «әуе»-ғарыш мағынасында қолданып «ә» - жеке фонема болып қалыптасқан. Сондықтан, біздіңше, «ә» дыбысы орта ғасырда араб тілінің әсерінен пайда болған дыбыс емес, қазақ тілінің төл дыбысы, «а» дыбысының жіңішке аллофоны негізінде пайда болған деп танылады. «Ақ-әк, әппақ, апа-әпке, абыржу-әбігерлену», «бас тігу – бәстесу» т. б. Сөздердің болуы ойымызды дәлелдей түседі. Қазіргі қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тілінде белсенді қолданылатын варианты – ләр; ла-ле тұлғасының варианты лә-нің болуы да , тілдің табиғи дамуындағы «ә» дыбысының жіктелуін айғақтай түседі. Мысалы: кінәлі, кітәптәр, әктәр т.б. Сонымен, жуан дауысты дыбыстардың жіңішке аллофондарының фонемалық қасиетке ие болуының басты себебі – олардың сөзжасамдық қызметі. Сөзжасамдық мағына туғызып, жаңа номинация жасау арқылы жіңішке дауысты дыбыстар бөлініп шыққан, сингармониялық қалыптасқан. Сөзжасамдық варианттар сингармониялық параллельдер негізінде жасалады. Варианттар кейін синонимдерді туғызады. Сөзжасамдық процесс жүргендіктен, бұл сөзжасамның бір тәсілі ретінде бағаланып, фонетикалық – семантикалық сөзжасам деп ерекше бөлініп қарастырылады.
Дыбыстардың аллофондарының дыбыстық сәйкесуі, олардың артикуляциялық – акустикалық жағынан жақындығынан ғана емес, генетикалық шығу тегінің бірлігімен де байланысты екендігі түркологияда дәлелденген деуге болады. Аллофон ретінде пайда болған дауыссыз дыбыстардың фонемалық деңгейде дамуының басты шарты – жоғарыдағыдай ретпен сөзжасамдық қызметі деп танимыз.
Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоғалмайды. Генетикалық тамыры бір аллофондар жоғалып кетпей, қайта мағына айырушылық қызметі бар тұлғаларға айналған. Ал жеке дауыссыз дыбыстар жоқ жерден пайда болған жоқ, дыбыс аллофондарының жаңа мағыналы сөзді таңбалау қажеттігі негізінде қолданыла келіп, мағына айырушылық қабілетке ие болды. Сөйтіп сөзжасамдық процесстер нәтижесінде тілдегі бар дыбыстар жіктеліп, жаңа мағыналы туынды сөздерді таңбалайды.
Жаңа ұғымды атау үшін тілдегі бар тұлғаларды тиімді пайдаланып, оның мағыналық және тұлғалық сипатын өзгерте қолдануды тілдегі номинация заңдылығы арқылы түсіндіруге болады. Ең көне замандардан бастап, қазіргі кезеңдерге дейін жаңа туынды мағына жасау үшін дыбыстардың сәйкестігі мен алмасуы пайдаланылады.
Дыбыстардың жіктелуі мен сәйкестенуі арқылы жасалған сөзжасамның бұл түрі сөзжасамдық мағына туғызудың негізі болған.
Дауыссыз дыбыстардың генеологиялық тектестігі мен туыстығын тектес сәйкестіктер мен әр тектес сәйкестіктерге бөліп зерттеген ғалым Б.Сағындықұлы оларды былайша бөледі: Тектес сәйкестіктер: Т(т) – д (д); с(с)з – ш-ж; у-у-у-н-б-в; х-к-к-ғ-г; н-н-м; [7,51]. Әр тектес сәйкестіктер: л ш, р – з, ғ – у, ғ – й дыбыстар сәйкестігі жатқызылады. Бұл дыбыс сәйкестіктері өздігінен пайда болған құбылыс емес, сөз жасау негізінде қалыптасып, олардың тұлғалық және мағыналық дамуында үлкен рөл атқарған процесс.
Дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі негізінде жасалған сөзжасамдық процесстер сөз таптарына бөлінудің де негізгі бір қайнар көзі болған. Сөзжасамдық процесстер сөз мағыналарының жіктелуін тездетеді. Түбірдің макросемасы жаңа ерекше микросемаларға ажырағанда, бір заттың атауы мен сол заттың қимылын, белгісін білдіретін семаларға бөлінеді. Ал түптеп келгенде, мұның өзі сөз таптарына бөліну, жіктелу деген сөз. Мысалы: ат-ет, ас-аш, көз-көр, өд-өт, бай-бақ, тоң-тон, көң-көн, күн-күй, бор-боз, аз-ар (ық), жай-жақ, қаз-қад(а), дақ-жақ, бес-мес, далаң-жалаң, атырау-ажырау, алақан-айа т.б.
Әдетте, түркологияда «тарихи тұрғыдан сөздердің етістік және есімдеп аталатын грамматикалық құрылысының дамуымен, соның нәтижесінде аффиксация тәсілінің болуымен байланысты» деп қарастырылады [5,111]. Ал біз сөздердің морфологиялық тұлғалар арқылы түрленіп, белгілі бір сөз табына өтуі, негізінен, сөздің семантикалық дамуымен қатысты болатын мағыналық жіктелуімен тікелей байланысты деп есептейміз. Сөз табына жіктелу процесінің болуын фонетикалық – семантикалық сөзжасам процесі жетілдірді, тездете түсті. Жалпы алғанда, тарихи тұрғыдан, сөзжасамдық аспектіде сөздерді сөз табына жіктеуден гөрі, оның мағыналық ішкі құрылымына сәйкес, семантикалық өріске бөліп талдау дәйекті нәтижелерге әкеледі.
Тілдің даму барысында сөздік құрамның молайып, ұғымда танылған заттар мен құбылыстардың белгісін, сипатын, сапасын, қасиетін айқындап таңбалау үшін дауыссыз дыбыстардың сәйкестігімен бірге, дауысты дыбыстардың сәйкесу мен алмасуы жүйелі түрде қолданылады. Дауыстар кешені жүйелі түрде дами отырып, сөзжасамға, ондағы номинация процесінің орындалуына қызмет етеді.
Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарына жіктелу процесінде сөздің лексикалық мағынасын өзгерте алу қасиеті түркологияда бұрыннан белгілі.
Дауысты дыбыстардың сөз мағынасына өзгеріс енгізу не өзгеріс енгізбеу мәселесі теориялық тұрғыдан ең түйінді мәселелердің бірі саналады. Сингармониялық параллельдердің сөз жасаушылық қызметінің көне замандарда болып, кейін бұл процесс тоқтаған деген пікірді монғол тілінің маманы Г.Д.Санжеев айтқан. Ал Б.Я.Владимирцев пен Т.А.Бертаев сингармониялық параллельдердің сөз мағынасын дамытудағы рөлін мойындап, лексика-семантикалық қызметінің болуын кейін пайда болған құбылыс деп таниды.
Қазақ ғалымдары Ж.Аралбаев пен Б.Сағындықұлы түркі тілдерінде көне кезеңде жіңішке дауыстылар болмағанын толық дәлелдеп көрсетеді. «Ежелгі түркі дәуірінде қазіргі тілдердегі жіңішке айтылатын сөздердің мүлде болмағандығын, олардың жуан варианты ғана қолданылғандығын біздің заманымызға келіп жеткен тарихи ескерткіштер қалтқысыз дәлелдейді»,-деп жазды [7.95].
Яғни, бір кезеңдерде тек а, у, ы дауыстылары тілдегі негізгі қызмет атқарып, олардың жіңішке варианттары тіл дамуы барысында кейін пайда болған. Ал дамудың негізгі себебі, дыбыстардың артикуляциялық – акустикалық дамуы ғана емес, сөзжасамдық қасиетімен де тығыз байланысты деп бағамдаймыз. Тілдің дамуы өзінен -өзі болатын құбылыс емес, әлем бейнесін белгілеу қажеттілігінен туатын күрделі де кешенді құбылыс десек, адам танымы таныған ерекше белгі мен сипатты белгілеу үшін дыбыстар жіктеледі, өзгереді. Дауысты дыбыстар да сөз жасау үшін, яғни ұғымға атау беру үшін жіңішке варианттарына жіктеліп дамыған.
Сингармониялық варианттардың пайда болуының негізгі шарты - олардың сөзжасамдық қызметімен тікелей байланысты болған.
Дауысты дыбыстардың алмасуы мен өзгеруі сөз семантикасының жіктелу құралы болатыны туралы Е.З.Қажыбеков мынадай пікір айтады: «Чередование гласных в корне, также, как и все возможное соответствии согласных и другие фонетические изменение, часто приводят к дифференциации семантики комплексного слова»,- деп фонетикалық және семантикалық эволюцияның бір-бірімен байланысты екенін бағамдайды [4,110].
Тарихи тіл даму барысында «а» фонемасы «е», «ә»-ге; «У»дыбысы у, у, о, ө-ге, «ы» дыбысы ы мен і- ге жіктеліп дамыған. Бұл дыбыстар өз кезегінде алғаш тек аллофон ретінде жұмсала келе, бірте-бірте тез мағынасын өзгертушілік қабілетіне ие болып, фонема сипатында қалыптасқан. Дауысты дыбыстардың сандық және сапалық жағынан өсуінің басты себебі жаңа мағыналы туынды сөз жасау қабілеті. Дыбыстардың өзгеруі тек сөзжасамдық мағына жасау қажеттілігіне негізделеді деп бағамдаймыз.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің өзінде дауыстылардың жуан және жіңішке варианттары жіктеліп, жаңа туынды сөз жасау үшін жұмсалғандығын дәлелдеуге болады. Мысалы: «Ар» сөзінің мағыналары: 1. рыжый, бурый, красноватый. 2. обманывать, лгать, соблазнять. 3. уставать, утомляться т.б. болып қолданған. Яғни, а және е дыбыстары толық мағынасындағы жеке фонема болып жұмсалып, өзіндік ерекше сема туғызып тұр. «Ат» - «ет» тұлғаларының да мағыналарын салыстыра байқасақ, олардың жеке фонема ретінде сөзжасамдық мағына туғызғанына көз жеткізуге болады: Ат-1. имя. 2. лошадь, конь. 3. бросать. 4. биться; Ет-1. мясо. 2. совершать, создавать, строить. 3. петь;
Дауысты дыбыстардың сөзжасамдық қасиеті дауыссыз дыбыстармен салыстырғанда кейін жасалды десек те, бұлар жаңа мағыналы туынды сөз жасауға үлес қосқан. Дауыстылардың сөзжасамдық қызметінің болғанын көптеген тілдік деректер дәлелдейді.
Сонымен, түйіндей келгенде, тілдің мағыналық және тұлғалық даму жүйесінде фонетика-семантикалық сөзжасамның рөлі өте зор болған. Тілдің көне даму сатыларында адам танымының дамыған белгілерінің құбылыстарының қасиеті мен сипатын белгілеу үшін жаңадан жаңа тұлға жасалмаған, тілде бұрыннан бар элементтер негізінде, олардың жіктелуі мен алмасуы арқылы номинативтік мағыналар туындап отырған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет