I.Ұйымдастыру. (7 мин)
Тренинг «Сағат»
Мұғалімдерді топқа бөлу.
Талантты, дарынды тұлғалардың суреттерін алған әріптестер осы тұлғалардың саласы бойынша топқа бөлінеді.
/Әншілер мен спортшы,бишілердің суреттері бойынша дарындылар және таланттылар болып бөлінеді /
II.Ой шақыру.
І –топ:
1.Қандай балаларды “Талантты және дарынды бала” деп ойлайсыздар?
2.Дарынды және талантты балаларды қалай оқытып жүрміз?
ІІ –топ:
1.Дарынды және талантты балалармен жұмыс кезіндегі қандай кедергілер кездеседі?
2.Қалай жұмыс жасауымыз керек?
Берілген тапсырмалар бойынша топтар өз ара ақылдасып, сұрақтарға жауап беріп, топтан бір мұғалім қорғайды. (7 мин)
Көрсетілім. «Козакевич», «Одаренные дети» 5 минут
ІІІ. Тапсырмалар
І топ. «Дарынды және талантты оқушылармен сабақ үстіндегі жұмыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» жоба дайындау.
ІІ топ «Мектептен тыс жұмыс орталығындағы дарынды және талантты балалармен жүргізіліп жатырған жұмыстардың тиімді жақтары» саралау
Әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 5 минут
Түйін.
1. Стикер арқылы бағалау.
2.«Дарындылықты анықтаудың тиімді жолдары»
Тиімді, нақты нәтиже беретін әдіс-тәсілдерді саралау, бір шешімге келіп, ұсынбалар дайындау
|