Тілдік норма



Дата04.01.2022
өлшемі15,86 Kb.
#109096
Байланысты:
тілдік норма. 104Б-Жанаділ А
ықтималдылықтарды қосу, науч стиль, Пользователь с таким ИИН существует :

Тілдік норма

Тіл адам баласының пікір алысу, қарым-қатынас жасау қажетін өтейтін өткір құралы болғандықтан, оны жасаушы, пайдаланушы қоғам ол құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер-білім, ғылым, мәдениетінің біріне- бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ыкпалын тигізеді. Қазіргі қазақ әдеби тілін кемелденген бай тіл, мәдениеті жоғары тіл деп танимыз. Оны қазақ халқының Октябрьден кейінгі ұшан- теңіз көп табыстарының бірі деп те ұғынамыз.

Тіл байлығы, тілдің икемділігі оның қоғамдық қызметінің ұлғая түсуімен, әдеби тілдің нышан-белгілерін дамыта түсумен ұштасып жатады. Өйткені әдеби тілге тән ерекше белгілерін, соның бірі – нор­мально жүйесін жетілдіру әдеби тілдің өзін қалыптастыра, дамыта түсудің қамы болмақ.

Әдетте мәдениетті елдің тілі де, жазуы да жүйелі түрде тәртіпке түскен болады. Солар адам ойының жүйелілігімен үйлескен барлық іс-әрекеттерінің орнықты, тап-тұйнақтай айқын, дәл болуын тілейді.

Тіл жұмсауда да сондай дәлме-дәлдік, айқындылық болуға тиіс. Соның бір саласы тілдік нормалардың қалыптасу мәселесімен ұштасады.

Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, солар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.

Ол тәртіпті орнататын да, оның иін қандыратын да әдеби-тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы –  бәрі атам заманнан келе жатқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тіліндегі сан алуан байлықтар басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыстар емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтары бар. Сонымен қатар ауызекі халық тілінде ол заңдылықтардан жөнді-жөнсіз ауытқитын әдеби нормадан тыс жатқан құбылыстар да бар.

Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін, оларды бір ізге түсіреді. Ол ұзын-сонарлы процесс бірер жылда аяқтала қоймаса керек, көптеген әдебиеттер арқылы әдеби тілдің түрлі даму кезеңдерінде тіл нор­малары түрлі себептермен өзгеріп, белгілі бір дәуірде олар басқаша айтылып, басқаша жазылып, жаңа нормалар орнығуы да мүмкін.



Мысалы, қазіргі әдеби тілдің басын демократиялық әдебиеттің дамуымен байланысты деп қарайтын болсақ, оның алдында түркі халықтарының біразына ортақ “шағатай әдеби тілі” болғаны мәлім. Оның бір түрі XVIII ғасырда “кітаби тіл” деп те аталатын. Қазақ елінде сол тілді пайдаланушылар арабша сауаты бар ақындар болатын. Мысалы, М. Қалтаевтың “Насихат қазақия” деп аталатын кітабында (1911 ж., Қазан) уағда –  уәде, тоғры– тура, ғамал –  амал, хакім–  әкім, халал — адал, харам — арам, ғадал– адал сияқты сөздер кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет