Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға, көшбасшы екенін таныстыру. Тәрбие сағатының түрі: ашық сабақ Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ой қозғау. Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, шар, күн, гүлдер. Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, әңгімелесу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Музыка әуенімен қысқы кешке саяхатқа шығамыз. мезгіліндегі көріністі елестетеміз. «Көзімізді жұмамыз. Қыс мезгіліндегі көріністі елестетеміз. Күн шығып, қар жылт - жылт етеді. Ауа бірден өзгеріп, аспанды қара бұлт басып, лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп, қона бастады. Менің бойымда қуаныш, шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге келдім. Көзімді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма? Балалар: - Жоқ, еріп кетті.
Мұғалім: Балалар, қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес. Бір - бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш, сыйлайтын жылу. Олай болса, бір - біріміздің көңілімізді көтеру үшін алақанымызды жайып, жеңіл үрлеп, бір - бірімізге жақсы игі тілек білдірейік. 1. Судай таза бол. 2. Кешірімді бол. 3. Достарыңмен тату бол. 4. Отаныңа адал бол. 5. Бірлікте, сыйластықта өмір сүр. 6. Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. Ойын: «Кемпірқосақ» Ал балалар енді, «Кемпірқосақ» ойынын ойнайық. Қазір мен сендерге түстерді айтамын. Ол түстер кез келген жерлерде болуы мүмкін. Сендер сондай түстерді барып ұстайыңдар. Көк, сары, қара, ақ, Мұғалім: Жеріне күн нұрын шашқан, Елі бар дәулеті асқан. Ол біздің - Қазақстан! Білімді ұрпағы бар, Әсем қала Астанасы бар. Ол біздің – Қазақстан! Желбіреген көк туы бар, Болашаққа елін бастаған Елбасымыз бар. Ол кім? Ол біздің – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. *Біздің тұңғыш Президентіміз кім? Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Ұлтына қамқор Елбасы Менің елбасым жайлы оқушылар сөйлейді. (Күн шуағы шығады) 1 - оқушы. Назерке Менің елбасым Тәуелсіз Қазақ елін дүние жүзіне таныстырған, табыстырған тұлға. 2 – оқушы. Маржан Менің елбасым Тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асқақтатқан саясаткер. 3 - оқушы. Бекзат Менің елбасым ұлттық тіліміздің берік қорғаны. 4 - оқушы. Нұрай Менің елбасым дініміздің берік қорғаны. 5 – оқушы. Тоғжан Менің елбасым Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы – жастардың білім алып, еңбек етуіне бағыт - бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршы. 6 - оқушы. Саян Менің президентім Тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.
ІІІ. «Сөз құрастыру» ойыны Қазақстан деген сөздегі әріптерді пайдаланып, бірнеше сөздер құрау. Қаз, ақ, ас, тас, ана, тана, сана, сан, нақ, тақ, қақ, зат, сақ, саз, таз, наз, аза, қазақ, қазан, сазан, қас, Астана, сақта, Қақан, Тақан, нақақ, сақтан, асқазан, Санат, Сақан, таза, азат, азақ, Қасан, асқақ, тасқан, Зақан, Ақан, Қанат, сақа, тасқа, қасқа, асқа. Ең көп сөз ойлап тапқан команда жеңіске жетеді ҮІ. «Ойландырған он сұрақ» «Елбасы» командасына Әр командаға 5 - сұрақтан беремін. Әр сұраққа 1 ұпайдан қойылып отырады. 1. Елбасымыз жайлы көркем фильмдерді ата. («Балалық шағымның аспаны», «Теміртау», «Елбасы жолы».) 2. Тұңғыш Президент күнін нешінші рет тойлағалы отырмыз? (8 - ші рет) 3. Президент күні қай күн? - 1 желтоқсан 4. Елбасының аты кім? - Нұрсұлтан 5. Елбасының анасының есімі кім? – Әлжан.
«Қазақстан» командасына 1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әкесінің аты кім? – Әбіш. 2. Біздің тұңғыш президентіміз кім? – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 3. Елбасы қай ауылда туған? - Шамалған ауылында. 4. Елбасының туған күнін ата. – 6 шілде. 5. Елбасының кітаптарының бірін ата. Әділеттің ақ жолы т. б Н. Ә. Назарбаев сабақты қалай оқыған? - Елбасы сабақты өте жақсы оқыған. Берген тапсырманы жауапкершілікпен орындаған. – Балалар, біздер де Нұрсұлтан ата сияқты сабақты қалай оқуымыз қажет? – Жақсы.
Сергіту сәті «Тойбастар» Тойбастарды сіздерге сергіту сәті ретінде ұсынып отырмыз. Барлық жерлерде Тұңғыш Президент күнін тойлауда. Тойбастардың шартын білетін шығарсыздар деп ойлаймыз. Тойбастардың заттарын әкелу. Тойбастарды ашу. Ән «Тәуелсіз елдің ұланы» Орындайтын Хадиша мен Аяжан Сабақты қорытындылау. «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Президент халқына тілегін былайша жеткізді: Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Тәләйлі болсын талғамың! Өркені өссін қазақтың, Осы менің арманым! Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын, Қала берсін Астана Осы – менің мұратым. Халқым менің тірегім, Құрбан жаным жүрегім. Атымыз озсын бәйгеде, Осы - менің тілегім. Шын жүректен! Балалардың Елбасына тілегі: 1. Балалар 1 желтоқсан «Президент күнімен» Елбасымызды құттықтап, қолдарына шар алып, шын жүректен жазған лебіздерін білдіреді. Әр оқушы өзінің тілегін оқып, шарды ұшырып отырады. 2. Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген, Лебізіңнен ақ арманы көрінген. Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп, Ақ көгершін әні шырқайды төрімнен! Хор: «Көк тудың желбірегені» Қорытынды: Гүлдей бер, Қазақстан, менің Отаным, - деп сынып сағатымызды аяқтаймыз