Жоспар: I кіріспе


в) Қылмыстардың қайталануы



бет6/8
Дата23.05.2020
өлшемі49,77 Kb.
#70659
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық

в) Қылмыстардың қайталануы.

      Қайталану – қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртінші бөлігінде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескермейді делінген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл – оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.

      ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың  қайталанған қылмыстар туралы  қылмысты істерді қарастыру тәжіребесі  туралы» №1 қаулысында бұрын  болған соттылық, бұған дейін  тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтер жан-жақты және мұқият тексерілуі керектігі, сонымен қатар, сотталушымен жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігі атап көрсетілді1.

     Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану – ж а л п ы  және       а р н а й ы  болып бөлінеді.

      Жалпы қайталану – бұрын соттылығы бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.

Жалпы қайталанудың заңдылық  тұрғысынан маңыздылығы – оның  қылмыстардың саралануына әсерін  тигізбестен, жеке жауаптылықты  анықтау мен жаза тағайындау кезінде ескерілетіндігі (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы бұрынға жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезінде орын алса, жаза ҚК-тің 60-бабымен үкімдердің жиынтығы үшін бекітілген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшін сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бостандғынан айыру қатаң режимдегі түзеу колониясына тағайындалады.

      Соттылығы бар тұлғаның ұқсас  немесе біртекті жаңадан қылмыс  жасауы арнайы қайталану болып танылады.

      Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан  алғандағы мәні мынада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екінші бөлігі,175-бабының үшінші бөлігі т.б.). Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнай қайталануды да егер де ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталан сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін субъект бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады.

      Қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша қайталану   қ а р а п а й ы м  ,         қ а у і п т і  және  ө т е    қ а у і п т і болып бөлінеді.

      Қарапайым қайталану – бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес келмейтін қайталану.

      ҚК-тің 13-бабының екінші бөлігіне  сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп танылады:

    а) егер адам бұрын қасақана  жасаған қылмысы үшін екі рет  бас бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

    ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс  жасағаны үшін сотталған болса,  ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

      Қылмыстың қайталануы ҚК-тің 13-бабының  үшінші бөлігіне сәйкес мынадай  жағдайларда өте қауіпті қайталану деп танылады:

    а) егер адам бұрын ауыр қылмыс  немесе ауырлығы орташа қасақана  қылмыс жасағаны үшін кемінде  үш рет бас бостандығынан айыруға  сотталған болса, осы адам қасақана  жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

    ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі ретбас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

    б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

      Қылмыстың қайталануының қарапайым,  қауіпті және өте қауіпті болып  бөлінуінің заң тұрғысынан алғандағы   мағынасы – ҚК-тің 59-бабының  екінші бөлігіне сәйкес, қайталанудың қандай да бір түрі орын алғанда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалған қылмыс үшін заң жүзінде көзделген ең қатаң жаза түрінің еі жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен тағайындай алмайтындығында. 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      


           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет