Жоспар І. Кіріспе



бет7/23
Дата21.01.2022
өлшемі254,5 Kb.
#113191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

Қсый =F/Q,

Мұндағы: Қсый - өнімнің қор сыйымдылығы;

F – халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;

Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.

Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.

Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:



  • өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;

  • өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірісік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.

Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:



  • негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;

  • кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Сату рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындармен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым–қатынастың тиімділігін сипаттайды.

Активтер рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылуы тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х100%), кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Меншік капиталының рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100%). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолднылу тиімділігін көрсетеді.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:



  • активтердің айналымдылығы (сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.

  • Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;

  • Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;

  • Материалдық - өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.

Өтімділік көрсеткіштері

  • Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды.Бұл көрсеткіш коммерциялық іс - әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.

    • Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.

    • Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

    • Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз–маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.

    • Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.

    • Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ мерзімді жоспардағы оның іс - әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.

Көрсеткіштері:


  • Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы / активтер).Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.

  • Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер / меншік капиталы) – меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіш динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе (немесе 100%), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.

  • Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым қаражаттары / меншіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс - әректтерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.

  • Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді міндеттемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.

  • Меншіктік және тартылған қаражаттардың арақатынас коэффициенттері (тартылған капитал / меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағдарламасын көрсетеді. Оның 0,155-ке тең белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5 тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет