АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : «Реттеуші органдар»
Пән атауы
|
Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру
|
Баға
|
|
Ескертпе
|
|
Орындаған:
|
Танжар А. Ө.
|
Тобы:
|
|
Тексерген:
|
Ильясов Е.С.
|
Алматы, 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
1. Автоматиканың техникалық құрылғыларының құрылымы мен стандарттау əдістері. 5
2. Автоматика құрылғыларын унификациялау 7
3. Автоматты басқару жүйесінің технкалық құрылғылары 10
4. Таратылған басқару жүйесі 14
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Автоматтандыру еңбектің өнімділігінің өсуі мен шығарылатын өнімнің сапасының жоғарлауының маңызды факторы болып табылады.
Автоматтандырудың өсу қарқынын жоғарлатудың міндетті шарты болып оның техникалық құрылғыларын дамыту мен жетілдіру болып табылады, оған басқару жүйесіне кіретін барлық құрылғылар мен ақпарат алу, оны беру, сақтау жəне түрлендіру құрылғылары жатады, сонымен қатар басқару объектісіне басқару əрекетін жүзеге асыру. Бұл əрекеттер орындаушы механизмдер жəне реттегіш органдар арқылы жүзеге асырылады. Осы оқу құралы осылардың анықтамаларына арналған.
Негізгі назар электромеханикалық орындаушы механизмдерге аударылады, себебі басқару-реттеу құрылғысының электр сигналдарын басқару объектісіндегі материалды жəне энергетикалық ағындарды өзгертетін реттегіш органдарға қажетті механикалық ауыстыру арқылы түрлендіру ыңғайлылығы арқасында олар іс жүзінде кең таралымға ие болды.
Автоматтандырудың техникалық құрылғыларының құрамының құрастыруларының принциптері мен даму этаптары
Автоматтандырудың техникалық құрылғыларының даму этаптары. Автоматтандырудың техникалық құрылғыларының дамуы күрделі үрдіс болып табылады,оның негізінде экономикалық қызығушылық жəне автоматтандырылатын өндірістің техникалық қажеттіліктері жатады, бұл бірінші жағы,ал екінші жағы-сол қызығушылықтар мен автоматтандырылган техникалық құрылғыларды өндірушілердің технологиялық мүмкіндіктері. Дамудың бірінші қызықтыруы болып жаңа, жетілдірілген автоматтандырылган техникалық құрылғылар арқылы кəсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігін жоғарлату болып табылады.
Автоматтандырылған техникалық үрдістерді (ТҮ) пайдалану жəне енгізулер кезіндегі экономикалық жəне техникалық алғышарттарының дамуында келесі этаптарды көрсетуге болады:
1. Бастапқы этап, бұл арзан жұмыс күші, өнімділіктің төменділігі, агрегат пен қондырулардың аз бірлік қуатымен сипатталады. Осының арқасында ТҮ басқару, яғни басқару объектісін бақылау, сонымен қатар басқару шешімдерін қабылдау жəне орындауда адамның ең кең тараған қатысуы осы этапта экономикалық ақталды. Механикаландыру мен автоматтандыруға тек қана адам психофизиологиялық берілгендері арқылы жеткілікті жəне сенімді жүзеге асыра алмайтын бөлек үрдістер мен операцияларды басқару, яғни үлкен бұлшықет күшін, реакция тездігін, назардың жоғарлылығын қажет ететін технологиялық операциялар жатады.
2. Кешенді механикаландыру мен автоматтандыру өндірісіне өту этапы еңбектің өнімділігінің өсуіне, агрегаттар мен қондырулардың бірлік қуатының толығуы, автоматтандырудың материалды жəне ғылыми-техникалық базасының дамуының арқасында жүрді. Бұл этапта, ТҮ басқаратын адамоператор объектіні іске қосу жəне тоқтату кезінде əртүрлі логикалық операцияларды орындау арқылы ми еңбегімен көптеп айналысады, əсіресе ойда болмаған жағдайлар туып қалған кезде,апат алдындағы жəне апаттық жағдайларда, сонымен қатар объектінің күйін бағалайды, автоматты жүйенің жұмысын бақылайды жəне реттейді. Бұл этапта автоматтандырудың техникалық құрылғылыры өндірісінің негізі қаланды, бұл стандарттау, мамандандыру жəне кооперативтендіру бағыттарында кең қолданыла бастады.Автоматтандыру құрылғыларын кең көлемде өндіру жəне оларды дайындау ерекшеліктері осы өндірістің жеке сала болып біртіндеп ерекшеленуіне əкеледі.
3. Басқарушы есептеуіш машиналарының (БЕМ) шығуынан бастап техникалық үрдістерді автоматты басқару жүйесі (ТҮАБЖ) этапына өту басталды, бұл ғылыми-техникалық революцияның басталуымен сəйкес келді. Бұл этапта БЕМ пайдаланып жүзеге асыру арқылы басқарудың күрделірек функциясын автоматтанндыру мүмкін жəне экономикалық орынды болды. Бірақ ол кезде БЕМ өте үлкен жəне қымбат болғандықтан, басқарудың қарапайым функциясын жүзеге асыру үшін автоматиканың дəстүрлі аналогты құрылғылары кең қолданылды. Мұндай жүйелердің кемшілігі болып олардын жоғарғы емес сенімділігі табылады, яғни ТҮ жүруі туралы ақпарат БЕМ түсіп жəне өңделіп отырады, ол істен шыққан кезде ТҮАБЖ жұмысын басқаратын оператор-технолог оның функциясын қолына алу керек. Əрине, мұндай жағдайларда ТҮ басқару сапасы төмендейді, себебі адам басқаруды БЕМ-дей тиімділікте жүзеге асыра алмайды.
4. Қымбат емес жəне жинақты микропроцессорлық құрылғылардың пайда болуы ТҮ басқарудың орталықтандырылған жүйесінен бас тартуға мүмкіндік туғызды, оларды техникалық үрдістердiң жеке өзара байланысты операциялардың орындауы туралы ақпарат жинау жəне өңдеу жүретін таратылған жүйемен ауыстырды, сонымен қатар басқару шешімдерін қабылдау микроконтроллер деген атауға ие болған локальды микропроцессорлық құрылғылар арқылы автономды түрде жүреді. Сондықтан таралған жүйелердің сенімділігі орталықтандырылған жүйеге қарағанда жоғары болады.
5. Тораптық технологияның дамуы бірыңғай коорпоративті торапқа көпсанды жəне бір-бірінен өшірілген компьютерлерді байланыстыра алды, жəне осының көмегімен өнім өндіретін кəсіпорынның финансты, материалды жəне энергетикалық ағынының қорытындысы, сонымен қатар ТҮ басқару басқарудың интегралданған жүйесіне өтуге себеп болды. Бұл жүйелерде күрделі программалық қамтамасыздандырудың көмегімен кəсіпорын қызметін басқару, тіркеу тапсырмаларын қосқанда, онымен қоса пландау жəне ТҮ басқару сияқты барлық кешенді тапсырмаларды шешуге болады.
6. ТҮ басқару үшін қолданатын микропроцессордың тез жұмыс істеуін жəне басқа да ресурстарын жоғарлату қазіргі кезде басқарудың интеллектуалды жүйесін құру этапына өтуге мүмкіндік береді, бұл ақпараттың белгісіздік шартында кəсіпорынды басқаруда тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, яғни кіріске əсер ететін қажетті ақпараттың жетіспеушілігі кезінде.
Негізгі бөлім 1. Автоматиканың техникалық құрылғыларының құрылымы мен стандарттау əдістері.
Автоматиканың құрылғыларын өндіретін сала экономикасы ірі сериялы біртипті құрылғылар шығаратын тар мамандандырылған кəсіпорынды қажет етеді. Сонымен қатар, автоматиканың дамуы жаңа одан да күрделірек басқару объектілерінің пайда болуы жəне функцияны автоматтандыру көлемінің өсуіне байланысты автоматика құрылғыларының функционалдық əртүрлілігі мен олардың орындауының техникалық сипаттамалары мен конструктивті ерекшеліктеріне талап та өседі. Автоматтандырылатын кəсіпорынның сұраныстарын тиімді қанағаттандыру кезінде функционалды жəне конструктивті əртүрлілікті азайту тапсырмасы стандарттау əдісі көмегімен шешіледі.
Стандарттау шешіміне автоматтандыру тəжірибесіндегі жүйелік зерттеу, берілген шешімдерді типтеу жəне экономикалық тиімді варианттардың жəне əртүрлі құрылғылардың алдағы уақытты қолдану мүмкіндіктерінің ғылыми негіздері жатады. Осы жағдайларда тəжірибелік тексеруден кейін қабылданатын шешім міндетті мемлекеттік стандартпен (МЕСТ) жасалады. Тар сферада қолданылатын шешім салалық стандарт (ССТ) түрінде, сонымен қатар одан да шектелген қолданыста кəсіпорын стандарты (КСТ) түрінде де жасала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |