Агрегаттау – автрматтандыру құрылғыларының сериялы өндіруінің құрамын құрастыру принципі, бұл сериялы өнімнің шекті шығарылуы кезінде кəсіпорын–қолданушының сұранысын максималды қанағаттандырады.
Агрегаттаудың мəні күрделі басқару функциясының қарапайым құрастырушыларға жіктеуге болады (мысалы, күрделі есептеу алгоритмдерін жеке қарапайым операторлардың жиыны ретінде қарастыруға болатыны сияқты).
Осыдан, агрегаттаудың негізі жалпы басқару есебін бірнеше қатар қарапайым біртипті операцияларға жіктеу, əртүрлі басқару жүйелерінде сол немесе басқа комбинациялардың қайталануы болып табылады. Осындай көп мөлшерлі басқару жүйелерін қорытындай келе қарапайым функционалды операторлардың шектеулі тобын ерекшелеуге болады, оның комбинациясы кез – келген ТҮАБЖ варианты арқылы құрылады. Оның қорытындысында автоматика құрылғыларының сериялық құрамы құрастырылады, ол блоктар жəне модульдер,приборлар мен механизмдер сияқты аяқталған жəне функционалды жеке бірліктерден тұрады.
Блок – ақпаратты түрлендіру кезінде бір немесе бірнеше операция орындайтын консируктивті құрама құрылғы.
Модуль – блок немесе прибор құрамында элементарлы типті операциялар орындайтын унифицирленген түйін.
Орындаушы механизм (ОМ) – басқару ақпараттарын объектті басқару ісі үшін жеткілікті болатын орнықты күші бар механикалық орын ауыстыруға түрлендіру қондырғысы.
Агрегаттау принципіне сəйкес басқару жүйелері модулдер, блоктар, приборлар жəне механизмдердің тізбекті каналдарын коммутациялауы жəне олардың арасындағы байланыс сызығын монтаждау жолымен де құрылады. Модулдер техникалық құрылғылардың элементтік базасын құрайтын қарапайым түйіндерден (микромодулдер, микросхемалар, платалар, коммутация құрылғылары жəне т.б.) тұрады. Осымен қоса блоктарды, приборларды жəне модулдерді дайындайтын толықтай дайындайтын завод шарттарына сəйкес жүреді, бұл уақытта ТҮАБЖ монтажы мен коммутациясы толығымен эксплуатация орнында аяқталады. Мұндай блоктар мен приборларды құрастыру автоматиканың техникалық құрылғыларының орындалуында блокты – модулді принцип атауын алды.
Блокты–модулді принципін қолдану тек қана автоматика құрылғыларын өндіретін салада кəсіпорынның кең мамандандыру мен кооперативтендіруді жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар осы құрылғыларды басқару жүйесінде ремонтқа жарамдылығын жоғарлату мен пайдалану коэффициенттерінің өсуіне əкеліп соғады. Əдетте өндірістік автоматика құрылғыларын шығаратын кəсіпорындар функционалды құрамы ТҮАБЖ қандай да бір ірі функцияның немесе жүйесін жүзеге асыратын кешенді немесе блоктар мен приборларды жасауға мамандандырылады. Сонымен қатар барлық блоктар мен приборлар сəйкес интерфейстерменорындалады, яғни ақпараттың сигнал –тасығыштары параметрлері жəне сипаттамалары сəйкес келеді, жəне коммутация құрылғыларының конструктивті параметрлері мен сипаттамалары бірдей болады. Автоматика құрылғыларының осындай кешендері мен жүйесі агрегатты немесе агрегатталған деп аталады.
Ресейде өндіріске арналған автоматика құрылғыларын өндіру мемлекеттік приборлар жүйесі мен өндіріске арналған автоматика құрылғылар (немесе қысқаша МПЖ) шегінде жүзеге асырылады. МПЖ құрамына ақпараттық сигнал–тасушыларының параметрлері мен сипаттамаларына, құрылғының дəлдік сипаттамалары мен сенімділігіне,олардың параметрлері мен конструктивті орындалу ерекшеліктеріне жауап беретін барлық автоматика құрылғылары кіреді.