4. Таратылған басқару жүйесі
Таратылған басқару жүйесі бірнеше компонеттерден тұрады: бір немесе бірнеше операторлық жəне бірнеше басқару станциясынан. Операторлық станциялар орындайтын функцияларды қарастырайық:
1. экранда технологиялық обьекттердің басқарылуы туралы ақпараттың шығуы. Клавитураның көмегімен командалардың орындалуы, технологиялық обьекттер туралы есеп беру;
2. технологиялық обьекттің параметрінің ауытқуының тіркелуі;
3. математикалық есептердің орындалуы,ақпараттардың ұзақ уақытқа сақталуы, басқару станцияларымен ақпарат жəне басқару жүйелерінің алмасуы.
Технологиялық үрдістерді басқару станциялары келесі функцияларды
орындайды:
1. басқару объектісінде орнатылған датчиктердегі сигналдардың енгізілуі;
2. сигналдардың логикалық жəне арифметикалық өңделуі;
3. реттеу, іске қосу – істен шығу.
Бүгінгі таңда компьютердің алуан түрі бар. Олардың басты айырмашылығының бірі –шина типі болып табылады. Шиналар офистік жəне өндірістік болып келеді.
Орындаушы механизмдер. Орындаушы механизмдер басқару объектісінің жұмыс режиміне əсер ететін реттегіш органдарды басқаратын автоматты реттеу жəне басқару жүйелерінің соңғы жетістіктерінің бірі болып табылады. Реттегіш органдар əртүрлі болады клапандар, қозғалтқыштар, шиберлер,бағыттағыш аппараттар жəне тағы да басқа басқару объектісіне түсетін энергия көлемін өзгертетін элементтер жатады.
Өндірісте жəне ауылшаруашылықта көптеген заттар ағыны кездеседі жəне əрқайсысы үшін сəйкесінше реттегіш органдар қолданылады. Қатты заттар үшін ат тарақтылар жəне ленталы қорек көздері қолданылады,ал талшықты заттар үшін биттерлі қорек көздері ,ұсақ себілгіш заттарға (дəн, гранула) тəрелкелілер қорек көздері жəне жапқыш.
Сұйық заттар ағынын реттеу үшін тұтқырлығына сəйкес құрылғылар қолданылады. Қамыртектес заттарға шнековые скребовые қорек көздері, жартылай сұйықтықтарға – насосты құрылғылар, ал сұйық заттарға (су) – насостар, клапандар, қозғалтқыштар.
Түрлі газдар ағынын компрессорлық жəне вентилияциялық құрылғыларды іске қосу жəне істен шығару арқылы реттейді, сонымен қатар газды клапандар, жапқыштардың жəне т.б. арқылы.
Энергетикалық ағындарды жəне əсерлерін төмендегі құрылғылардың энергиялары бойынша реттейді:
1. механикалық – редукторлар, вариаторлар, муфталар.
2. электрлік – автотрансформаторлар, электронды күшейткіштер арқылы.
3. жылулық – масса алмасу құрылғылары арқылы.
Көбінесе реттегіш орган орындаушы механизмдердің ажырамас бөлігі болып табылады жəне құрылғымен бірге қарастырылады. Кейбіреулерінде реттегіш орган басқару объектерінде орнатылады, бірақ оның құрама бөлігі болып табылады.
Аналогты басқару жүйесінің функционалды схемасында орындаушы механизмдердің орналасуы 4.1 суретте көрсетілген.
4.1. сурет. Аналогты басқару жүйесінің функционалды схемасы
Жалпы жағдайда орындаушы механизм (4.2 сурет) мына элементтердің жиынтығынан тұрады:орындаушы қозғалтқыштан,белгілі бір жылдамдық, бағыт алу үшін арналған түрлендіргіш құрылғыдан, ақырғы істен шығу құрылғысынан (конечные выключатели), басқару элементтерінен (реле, золотник, плата жəне т.б.), сақтандырғыш (алдын ала сақтандыру клапанынан жəне т.б.), сигнализация жəне басқарудан.
4.2. сурет. Орындаушы механизмнің функционалды схемасы
Орындаушы механизмді мына белгілер бойынша айыруға болады.
1. математикалық сипаты бойынша
а) сызықты
б) сызықты емес.
2. сигнал түрі бойынша
а) үздіксіз
б) релелі
в) дірілді (вибрационные)
3. тұтынатын энергиясы бойынша
а) электрлік
б) пневматикалық
в) гидравликалық
г) комбинирленген.
Басқарылатын өндіруші объекттің тасымалдауы кейбір факторларға (ылғалдылықтың, температураның өзгеруі, шаң–тозаң, агрессивті газдар, діріл жəне т.б.) байланысты қиын болғандықтан, орындаушы механизмдерге қатал шарттар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |