Жоспар: Іштен жану қозғалтқыштарының циклдері



бет3/3
Дата24.10.2023
өлшемі483,03 Kb.
#187906
1   2   3
Байланысты:
2 тапсырма

Төменгі өлі нүкте(ТӨН) деп- ең төмен орналасқан кривошип пен піспекті атайды.
Піспек өлі нүктелерде орналасқан жағдайда, піспекке газ қысымы арқылы иінді біліктің бұрылуын қамтамасыз ете алмайды,өйткені шатун мен кривошип бір жолға орналасады.
Піспектің соғуы деп – соңғы ұстанымдар арасындағы қашықтықты айтамыз.(ЖӨН ден ТӨН ге дейін). Піспек кривошиптің екі радиусына тең. Піспек диаметрі цилиндр диаметрінен аз болып келетін қозғалтқыштар – қысқа мерзімді деп аталады.мұндай қозғалтқыштар айтарлықтай мол таралған, себебі піспектің аз жүріс салдарынан (иінді білікті айналу жылдамдығы бірдей)оның орташа жылдамдығы үлкен диаметрлі цилиндлердің қозғалтқыштарымен салыстырғанда оның жылдамдығы төмен болып келеді. Осының арқасында піспек және цилиндрдің тозуы азаяды, сонымен қоса қозғалтқыштың ұзақ мерзімділігі қамтамасыз етіледі. Кривошип өлі нүктеде бірдей бұрыштарға бұрылған кезде, піспек әр түрлі қашықтықты өтеді. Бұл иінді білікті айналған кезде,цилиндр ішіндегі піспек бір қалыпты емес, жедел немесе баяу қозғалады. Соның салдарынан жұмыс істеп тұрған қоғалтқышта инерция күші пайда болады.
Такті деп - цилиндр ішіндегі бір өлі нүктеден екіншісіне дейінгі піспектің қозғалу процесін атайды. Піспек төмен қарай ЖӨН мен ТӨН ге дейін орын ауыстырған кезде цилиндрдің ішкі көлемі (жану камерасының көлемі)піспектің үстінен ең азынан максимумға(піспектің барынша толық көлемі)дейін өзгереді.
Жану камерасы - ЖӨН жағдайындағы піспектің астыңғы цилиндріндегі кеңістік көлемі.
Цилиндрдің жұмыс көлемі – бұл жоғары және төмен орналасқан піспектің түбі.
Толық көлемді цилиндр – жұмыс көлемі мен жану камерасының сомасы.
Жұмыс көлемі немесе литраж, литрмен өлшенген қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі
Қозғалтқыштың сығу дәрежесі – толық көлемді цилиндрдің жану камерасына қатынасы.сығу дәрежесі цилиндрге түскен қоспаның қанша рет сығылғанын көрсетедді.ЖӨН ден ТӨН ге дейін орналасқан қозғалтқыштың сығу дәрежесі жоғары болса, соғұрлым оның тиімділігі артады, отын шығыны азаяды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет