Жоспар және оның түрлері.
Күнделікті жоспар
Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Типтік оқу жоспары – Білім және ғылым министрлігінде жасалып, барлық орта мектепке ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар – мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Оқу жоспары
жылдық жоспар
Сабақ жоспары
тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Тақырыптық - күнтізбелік жоспарда әр сынып бойынша тұтас оқу жылында қамтылатын тақырыптар мен оларға бөлінген сағат саны белгіленеді. Бұл жоспар оқу бағдарламасы негізінде Қалалық білім бері бөлімінде жасалып, барлық мектепке таратылады.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады.
Сабақ жоспары
Сабақ жоспары ТКЖ негізінде жасалады, яғни мұнда ТКЖ-да көрсетілген тақырыптар сабақ барысына ыңғайландырылады. Басқаша айтқанда, сабақ жоспары күнделікті өтілетін сабақ көлеміне байланысты (45 минут).
Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді жоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары);
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).
Жай жоспар – мұны тәжірибелі мұғалімдер жасайды, дегенмен қажет болған жағдайда тәжірибелі мұғалімдер де күрделі жоспар жасайды.
Күрделі жоспар (көбінесе жас мамандарға міндеттеледі).
Сабақ жоспары көлеміне қарай 2-ге бөлінеді:
Күнделікті сабақ жоспары өтілетін сабақтың түріне қарай тағы да 2-ге бөлінеді:
Дәстүрлі сабақ жоспары
Дәстүрлі емес сабақ жоспары
- Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз тура және ауыспалы мағынасы туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
- Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.
- 40-жаттығу.
III Білім тексеру:
Сұрақ жауап
- Cөз неден тұрады?
- Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
- Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жек мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра аламыз.
Мысалы: аспан,жер,жел,бұлт дегендер заттарды атаса, биік,жылы, жақсы дегендер сапаны, бару, оқу дегендер қимылды білдіреді. Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді, сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы: көз адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы мағынасы да, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз – оның ауыспалы мағынасы, туынды мағынасы. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп қолданудан барып туады.
VI. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тауып, олардың тура мағынасына мысал жаз.
Бірге оқыған құрбыға
Бас бәйгені бермедің.
Төре болдың, бас болдың.
Көкірегіңді кермедің.
VII. Жаңа сабақты бекіту:
1 . Оқулықпен жұмыс.
42 – жаттығуды жазбаша орындау.
Өлеңді көшіріп жазу.
Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
43 – жаттығуды ауызша орындау.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Шешен сөзін таратып, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.
44- жаттығу тақтаға орындау.
Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар. Қалаған үш тіркесті қатыстырып үш сөйлем жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
туралы түсінік
2. 45 – жаттығу.
Пайдаланылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/
http://sc0026.stepnogorsk.akmoedu.kz/documents/view/B5037DB0967D36A7.html
agarty.com/index.php?newsid=515
kitaphana.kz
referat.int.kz/pedagogika/3244- jospar
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |