Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайда іс жүзінде бірімен бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл — спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі. Дараланған атомдар қатаң белгілі ұзындықтағы толқын шығарады. Әдетте сызықтық спектрлерді бақылау үшін жалындағы зат буларының жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрадының жарқылы пайдаланлады.
Жолақ спектрлер
Жолақ спектр өзара аралықтармен бөлінген жеке жолақтардан тұрады. Өте жақсы спектрлік аппараттардың жәрдемімен әрбір жолақтың өте тығыз орналасқан көп сызықтардың жиынтығы екенін байқауға болады. Сызықтық спектрлерді атомдар беретін болса, жолақ спектрлерді бір-бірімен байланыспаған немесе нашар байланысқан молекулалар туғызады.
Қандай да бір заттың сәуле шығаруындағы жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың шығару спектрі деп аталады. Берілген зат жұтатын жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың жұту спектрі деп аталады.