ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б. Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар.
АИТВ келесі жағдайларда
жұқтырылмайды:
- қол алысу, құшақтасу мен сүйісу, жөтелу мен түшкіру;
- тағамды ішіп-жеу, ортақ ыдысты, асхана құралдарын, сүлгілер мен төсек жаймаларын пайдалану;
- бассейнге, дәретхана мен душқа бару;
- АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адаммен бір бөлме ішінде болу;
- жәндіктердің шағуы мен хайуандардың тістеуі.
АИТВ жұқтырмау үшін не істеу керек?
Келесі қауіпсіздік ережелерін сақтасаң АИТВ жұқтырмауға болады:
- есірткіге әуестенбе;
- оларды көктамырға егуден аулақ бол;
- некелескенге дейін жыныстық қатынас жасама;
- бір адаммен ғана жыныстық қатынас жаса;
- мүшеқап қолдану арқылы өзіңнің жыныстық қатынасыңдағы қауіптілікті азайт
ӨМІР АДАМҒА БІР-АҚ РЕТ
БЕРІЛЕДІ!
ӨЗІҢІЗДІ НАДАНДЫҚ ШЫРМАУЫНАН
БОСАТЫҢЫЗ
ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫ
ҚОРҒАҢЫЗ.
Пайдаланылған әдебиеттер - Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет.
- Google.ru
Достарыңызбен бөлісу: |