3. Лимбиялық жүйе. Ескі және жаңа қыртыс
Лимбиялық жүйе( Limbus-латын, әдіп) деп үлкен ми сыңарының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдармен олардың байланыстарын ацтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Әдебиетерде бұл құрылымдарды әрқалай айтады. Лимбика, висцеральдық ми, интероциптивтік онолизатор және т.б. Бірақ барлық атауларға ортақ нәрсе – бәрі де лимбиялық жүйенің орталық буындарына миндаль тәрізді комплексті, типпокампт және белдеуше иректі кіргізеді.
Бадамша қызметін жаснды жолмен жандандырса жануарды иіскелеп –тіміскелеу, жалау, шайнандау, жұтыну, т.б. реакциялар байқалады. Бұдан оның ішкі звенолар қызметін реттеуші гипоталамуспен тығыз байланысты екенін аңғаруға болады.
Бадамшаны алып тастаса, жануардың қалыпты орта жағдайларына сәйкес іске асып жүрген іс-әрекеттің актыларында күрделі де терең өзгерістер туады. Оларда қорқу, ызалану сиақты сезімдер жойылады. Егер қалыпты жағдай маймыл жыланды көргенде қорыққанынан шыңғырып қашатн болса, енді қорықпайтындығы былай тұрсын, тіпті оның жанына барады.
Иіс сезу қыртысы немесе ертедегі қыртыс және аммон я ескі қыртыс. Бұл туындының екеуіде бұрынғыша иіс сезумен байланысты.
Сүтқоректілердің үлкен ми сыңарыларының негізгі массасы болып табылатын жаңа қыртыс ең бірінші рет амфибияларда байқалып, рептилияларда одан ары дамиды. Ол үлкен ми сыңарларының сыртқы қабырғасында ертедегі қыртыс ауданда пайда болды. Бірақ қазіргі кезде өмір сүретін рептилияларда жаңа қыртыстың көлемі болымсыз ғана және аз ғана функциялармен байланысады.
Жаңа қыртыстың дамуы төмпешік ядроларынан талшықтардың ми сыңарының бүйір қабырғасындағы қыртысына енуі мен байланысты. Осының салдарынан қыртыс тек иіс сезу қызметін ғана атқаруды қойып, оған теріден, қозғалыс аппаратынан көру мүшелерінен т.б. импульстер келе бастады. Кейін басқа да барлық афференттік жүйлер қыртыс пен байланыс орнатты. Жаңа қыртыс пен филогенетикалық ескілеу туындылардың шекарасындағы қыртыс учаскелерін аралық қыртыс деп атайды.
Филогенетикалық даму процесінде үлкен жарты шарлардың гностикалық (танымдық) функциясы да, праксистік немесе қозғалғыштық функциясы да жетіледі. Қыртыстың жеке пунктерінің арасындағы байланыстар күрделеніп, көбейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |