Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру жүйкенің қиылысқан жеріннің үстінде жататын ядролар, сұр төмпешіктің және оған көшілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғары жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.
Гипоталамус зақымдщаланатын болса ішке мүшелер қызметі мен зат алмасу бұзылады. Егер супраоптикалық ядроны тітіркендірсе, организмде судың алмасуы күшейеді, ал ядро тітіркендірілетін болса көмір судың алмасуы бұзылады; сұр төмпешіктің ядросы зақымдалса жылу реттелу бұзылады; субталамикалықядроның бір учаскісін бұзу тер бөліну мен тамыр қозғағыш реакцияларының бұзылуына әкеліп соғады. Төмпешік астындағы аудан организмінің рефректорлық буындарының бірі. Гипоталамус тамыр қозғағыш орталықпен және жұлының осындай мотонейрондарымен байланысты. Екінші жағынан гипоталамус ми қыртысымен де байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |