Жоспар: Жоспар

бет3/7
Дата04.06.2022
өлшемі1,09 Mb.
#145973
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
абыну абыну этиологиясы (2)

Патогенезі.

Патогенезі.

Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша қарауға болады:

1. Әлтерация: бірінші және екінші.

2. Экссудация (микроциркуляция бұзылыстары, лейкоцидтердің эмиграциясы).

а) қан тамырларының реакциялары (ишемия, артериялы және веналық гиперемия, стаз).

ә) экссудацияның өзі

б) лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп тұруы (маргинациясы) мен эмиграциясы.

в) қан тамырлары сыртындағы үрдістер (хемотаксис, фагоцитоз).

3.Пролиферация.

Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.

Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.

Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі7

Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет