Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль, самолет, компьютер) іскерлік белсенділіктің жоғарлауына және кең инвестицияға әкеледі. Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді.
Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу. Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкіметтің әрекеті.
Экономикалық циклда сұраныс пен ұсынымның әр түрлі үйлеспеу формаларында көрініп отыратын іс белсенділігінің (кәсіпкерліктің) өрлеу кезеңдері және құлдырау кезеңдері болып тұрады.
Циклдың көрінісі дегеніміз - әр түрлі экономикалық белсенділік көрсеткіштерінің ауытқуларын қосқандағы алатын нәтиже: ЖҰӨ-ның өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі т.б.