Жоспар Кіреспе 2


Нормативтык сілтемелер стандарт мәтінінде сілтемелері берілген нормативтык



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі2,5 Mb.
#172406
1   2   3
Байланысты:
STJT1

Нормативтык сілтемелер стандарт мәтінінде сілтемелері берілген нормативтык
құжаттар тізбесі келесі тәртіпте тіркеу нөмірлері өсу ретімен келтіріледі:
-Мемлекеттік стандарттар, техникалық- экономикалық ақпарат сыныптауыштары,
ұйым стандарттары;
-Мемлекетаралық стандарттар,техникалық -экономикалық ақпарат
сыныптауыштары;
-Қазақстан Республикасы аумақтарында қолдануға рұқсат етілген халқаралық,
аймақтық стандарттар мен техникалық- экономикалық ақпарат сыныптауыштары, шет
елдердің ұлттық стандарттары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында ұйымдық стандарттарға
сілтеме беруге болмайды.
Анықтамалар стандарттарда пайдаланылған терминдерді белгілеу немесе анықтау
үшін мәтін түрінде, сонымен қатар кесте түрінде келтіріледі.
Белгілер мен қысқартулар стандартта қолданылатын тізбесі келтіріледі:
-экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптауыштары ( ЭҚТӨС) және
өнім жөніндегі сыныптауыштары(ЖӨС), процесс ( жұмыс) , қызметтер кодтары;
- негізгі сөздер сыныптаушы, каталог, сілтеме, деректердің қоры мен банкі бойынша
құжаттарды іздеуді жеңілдететін, стандартталатын обьекті ( обьектілерді) бір мағыналы
сипаттайтын негізгі сөздер жиыны.
Талаптар стандарттау объектісіне, олардың ерекшелігіне байланысты келесі стандарттар түрлерінде белгілейді:
-негізгеалушы стандарттарға;
-өнім мен қызмет стандарттарына;
-бақылау әдістері стандарттарына;
-процесстер (жұмыстар);
Қосымшалар стандарт ережелерін толыктыратын материалды орналастыру үшін қолданылады, мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кестелер, есептеу, жабдықтар мен аспаптарды сипаттау, ЭЕМ, ЭҚТӨС коды ж.т.б.шығарылатын есептердің алгоритмдері мен бағдарламалары. Қосымшалар міндетті және ақпараттық болады.
2.2 Стандарттардың баяндалуына қойылатын талаптар
Стандарт мәтініне қойылатын талаптар:
  • Стандарттардың ерекшелігі мен талаптарына байланысты талаптарды мәтін, кесте,

  • графикалық материал (сурет, сызба, диаграмма) немесе олардың үйлесімі түрінде
    баяндайды.
  • Стандарт мәтіні оның қолдану саласына сәйкес стандартты қолдану үшін қысқа,

  • нақты, түрлі талқылауларды рұқсат етпейтін, логикалық тізбекті, қажет әрі жеткілікті болу
    тиіс;
  • Стандартқа тек объективті әдістермен тексерілген талаптар мен сипаттамаларды кіргізу

  • тиіс.
  • Стандартқа күші бар стандарттармен белгіленген терминдер, анықтамалар, белгілер

  • және қысқартуларды қолдану тиіс;
  • Егер стандартта қабылданған терминдер, анықтамалар, белгілер және қысқартулар

  • басқа стандарттармен белгіленбесе немесе белгіленген тәртіпте осы терминдердің жаңа
    анықтамалары қабылданса, онда оларды “Анықтамалар” және “Белгілер мен қысқартулар”
    стандарттың құрылымдық элементтеріне ресми көздерге (бар болса) сілтеп келтіреді.
  • Міндетті талаптарды баяндаған кезде стандарт мәтінінде “тиіс”, “қажет”, “үшін талап

  • етіледі”, “тек рұқсат етіледі”, “тыйым салынады”, “болмайды” сөздерін қолдану тиіс;
  • Ұсынылатындарға жататын басқа талаптар мен ережелерді баяндаған кезде “мүмкін”,

  • “дағдыдағыдай”, “қажет болса”, “болуы мүмкін”, “жағдайда” “рұқсат етіледі”,
    “ұсынылады” және басқа сөздерді қолдану тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет