Жоспар Кіріспе «Авестаның»



бет1/2
Дата01.05.2020
өлшемі37,57 Kb.
#65257
  1   2
Байланысты:
Авеста


Авеста

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. «Авестаның» шығу тарихы

  3. Заратуштрашылдықтың тарихының төрт кезеңі

  4. Үлкен және кіші Авеста

  5. Авеста және Ислам

  6. Қорытынды

Кіріспе

Заратуштрашылдық - Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түбі түркі тілінде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.



«Авестаның» шығу тарихы

Авеста Зороастра дінінің қасиетті кітабы, Иран жерінде Аршак дәуірінен басталған және әсіресе Сасанилер кезінде бірнеше діни реформалар барысында қалыптасқан қағида болып табылады. Авестаның мәтіні көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.) тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған. Бастапқыда шамамен 1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста мәтіні, Сасанилер кезінде қалыптаскан парсы (арамей әліпбиі негізінде) әліпбиімен, содан соң соның негізінде жасалған фонетикалық жазбамен тұңғыш рет бір ізге салынған болса керек. Бізге дейін жеткен Авеста мәтіндерінің мерзімі ерте дегенде XIII ғасыр деп белгіленеді және ол бастапқы мәтінінің жартысына жетпейді. Сақталған Авеста мәтіні мынадай бөліктерден тұрады: «Тағзым ету» яснасында арабтар жаулап алғаннан кейін қуғын көрген құдайлар мен батырлар тізіп келтіріледі және жалпы алғанда кейінгі кезде, ең алдымен зороастралық қауымдардың қажеттері үшін жазылған, алайда өте ертедегі мәтіндер, атап айтқанда, Гаталар — дәстүрді Заратуштраның өзіне апарып тірейтін салтанатты әндер, соңдай-ақ бірсыпырадешталар (Хом- яшт, Срош-яшт және басқалар) да бар. Виспрат («әділет салмағы») — яснаға рәсімдік косымша. Видевдат («Дәулерге карсы заң») — зороастрашылардың күнделікті мінез-құлқы туралы, негізінен кейінгі кезде жазылған, бірақ өте ежелгі заманнан келе жатқан фрагменттер де бар өмір салттың, мәтіндер мен бұйрықтардың жинағы. Яшталар («ән-ұрандар») — өте ежелгі дәуірден, кейде үнді-иран қауымы дәуірінен келе жатқан және Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан Иран мен Ауғанстанның ертедегі тұрғындарының рухани өмірін зерттеу үшін көп ақпарат беретін құдайлардың ән-ұрандары. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис: «заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан» деген. Василий Бартольд, Александр Маковельский, Александр Бернштам, Әлкей Марғұлан авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады. Авеста – Заратуштра (грекше - Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 1 мыңжылдықтар арасы) қалыптасқан. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі Заратуштрашылдықты қабылдамаған. Алайда олардың бір бөлігі Заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасына таратты. Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет