Мақалада жалайыр тарихына байланысты мәліметтерді жинақтауға талпыныс жасады. Жұмыс барысындағы-зерттеу нәтижесі, жалайыр атауының шығу тегіне, оның этникалық тарихына деректеме-тарихнамалық тұрғыда талдау жасалынды



Дата02.07.2018
өлшемі51,65 Kb.
#45709
УДК 94(574) "8/13"

Ж.М. Арапов. әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты, arapov_1992@inbox.ru
Қазақ этносының қалыптасуындағы Жалайыр тайпасының орны

Түйіндеме

Мақалада жалайыр тарихына байланысты мәліметтерді жинақтауға талпыныс жасады. Жұмыс барысындағы-зерттеу нәтижесі, жалайыр атауының шығу тегіне, оның этникалық тарихына деректеме-тарихнамалық тұрғыда талдау жасалынды. Бұл мақалада тарих, аңыз-әңгіме және этнографиядан мағлұматтар келтірілді. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ даласы тұрғындарының этномәдени тарихында жалайырлар ерекше орын алған. Олар қазақ халқының қалыптасуындағы орны көрсетілген. Жалайырлардың қалыптасуындағы орны мен ерекшелігімен зерттелген. Тарих сахнасында қазақты құраған түркі тайпаларының орта ғасырлардағы бабалары Жалайырлар, Меркіттер, Қоңыраттар, Керейлер және тағы басқалар шығып, олар тайпалық бірлестіктер, тіптен шағын мемлекеттер ретінде бой көрсетті. Бұл әрине тарихшыларымыздан түркі этностары тарихын тереңдете зерттеуді, осы мәселелерге аса қатты мән беруді талап етеді.



Түйін сөздер: Жалайыр, тайпа, қазақ қауымы, этнос, түркі тайпалар

Қазақ халқының тарихы рулық-тайпалық бірлестігімен тығыз байланысты. Тайпалық-рулық қауымдастық құрылымның ортақ этникалық, саяси-әлеуметтік заңдылықтарымен қатар, өзіндік ерекшеліктері аз емес. Әрбір тайпа немесе ру тарихында қайталанбас тарихи оқиғалар орын алады. Түркі тайпаларының жан-жақты зерттеу барысында ежелгі және орта ғасырлық қазақ этно - саяси мәселелерін кең түрде қарастыруға болады.

Тарихи-зерттеулерде негізге тоқтала кететін мәселе, Жалайыр тайпасы туралы этнонимі қалыптасу үдерісі X ғасырдан бастау алады. Жалайырлар атауы, Қидан империясының тұсында тарихи карталарда көріне бастады. Моңғолия тарихының Қидан империясы туралы картада көрсетілгендей, Керулен мен Онон ортасындағы алқапты жалайырлар алып жатты. Негізгі көршілері тайшуыттар, татарлар, моңғолдар болды. Қазақ хандығына да дейін, Жетісуды мекендейтін Жалайырлар, Дулаттар, Шапыраштылар, Албандар және тағы басқа ұлы жүздің рулары болды [1, 37- 40- бб.].

Жалайыр этноним туралы біраз аңыз-әңгімелер келтірген Қойшығара Салғараұлы. Ол, Жалайырдың шын есімі Құдайберген, ол жауға қарсы асығып жүген-ноқтасыз айғырды жайдақ мініп шапқанда, жылқының жалын айырып жіберіпті. Осыдан соң, Жалайыр атанып кеткен еді [2,189-190- бб.].

Жалайыр туралы тағы бір аңыз бар, онда Жанпоз (Жансақал) атты батырмен теңестіріледі. Аңызда келтіргендей Жанпоз батыр үш бірдей ерлік жасайды: 1) Жолбарысқа қарсы әрекеті; 2) Үйір тұрған құлындар ішінен айғырды ұстап алады; 3) Балуандардың арасындағы сайыс. Осы да көрсеткен Жанпос батыр өзінің ерлігімен көзге түседі. Осының арқасында Жанпоз батыр, елінің өзінің атына сәйкес Жалайырхан батырдың елі деп аталып кетеді. Еліңінің ұранын «Қабылан», таңбасын «Тарақ» деп белгілеймін. Жалайырған батырдың өзі де, елі де «Жалайыр» атанып кетеді [3, 84-86 - бб.]. Ал Сәбит Мұқановтың келтірген аңызында, Жалайырлар шын аты Жансақал деген еді. Ол аң аулап жүргенде құлан айғырының жалын сырыпты - мыс. Осыдан тараса керек деген ой қорытады. Профессор Талас Омарбековтың «Қазақ түркілерінің шығу тегі» атты еңбегінде, Жалайырлар туралы Үйсіннен немесе Мекіреден тарайтын шежірелік аңыздар бар екен айтады. Оның айтуынша Жалайырдың Құдайберген немесе Қабылан болуы мүмкін емес. «Құдай» деген ұғымның түркі-моңғол дәуірінің сөзі емес еместігің, оның «Тәңірінің» орнына қолданысқа кіру кейінгі парсылардың ықпалымен байланысты дейді. Қабылан атауы Жалайырды алмастыра алмайды, өйткені жалайыр тайпасы кейініректе ұран ретінде қалыптасқан. Сондай-ақ алдында айтқан, Жансақал тұлға есімі Жалайыр бола алмайды. Жалайырды Үйсіннен немесе Мекірден тарату қисынсыз дейді. Өйткені үйсін этнонимі мен жалайыр этнонимі екеуінің арасында біраз ғасыр жатыр. Жалпы көптеген тайпалардың шығу, аса күрделі процесстің әсерінен, әр түрлі рулардың бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан [4, 147 -б.].

Жалайыр туралы Ораз Исмаиловтың еңбегінде 6 жуық аңыз келтіреді. Біріншісі Үйсіннің бір баласы Бақтиярмен байланыстырылса, екіншісі Жансақал жал айырған туралы келтіреді, үшіншісі үйсіннің екінші баласы Жансақалдан туған Құдайберген есіммен байланыстырады, төртіншісі Жалайыр шын аты Тілеуқабыл батырмен, алтыншы аңыз бойынша Мерке жалайырмен байланыстырады [5, 18-22 - б.].

Жалайыр этноним туралы деректерде Қалайыр немесе Халайыр деген атаулар кездеседі. Рашид ад-диннен аударған И.Н. Березин, аударған басылымға қатысты үзінді келтіреді: «.... Во мно жествъ мъсть лътнихъ и зимнихъ, кочевъевь, извъстныхъ подъ именемъ Монголіи и принадлежащихъ племени Кераитъ как-норъ, Боиръ, Кулукатъ, Кюинь, Аргуна, Халаиръ, Селенга, Баргуджинъ-Тукумъ, Халахынъ алатъ мекен етуі өзара байланыс құрамын атап кетеді». Бұл жерде Жалайырға ұқсас атауы ретінде, Халайыр атауының мұнда қауымдар болып табылатының аңғарамыз [6, 139- б].

Доржи Банзаров еңбегінде Моғалстанның солтүстік-шығыс бөлігінде Арғын (Аргунь) Хайлар деген өзеннің Кулун көліне құйғанын жазады. Бірақта көне түркі сөздерінде Қалайыр сөз кездеспейді, мүмкін әріптердің транскрипциялық қателіктерге жазылу мүмкін [4, 202-б.]. Талас Омарбековтың еңбегінде мынандай көзқарасқа Қалаири атқа олай еместігін келіспейді. Рашид ад-адиннің соңғы аудармасында, өзен атауы Хайлар аталып кеткен тәрізді. Жалпы И. Н. Березин өзі пайдаланған Рашид ад- диннің қолжазбаларында «Қ» немесе «X» деп оқығанын аңғарамыз. Негізгі қолжазбада «ق» бұл әріп осылай берілген, сонда орыс тілінде «Қ» харпі болмағандықтан «Қ» орнына «К» немесе «Х» әрпін пайдаланған. Рашид ад-дин жазбаларында «К» харпі арабша «ک», ал «X» харпі «ح» түрінде берілген. Алайда Талас Омарбековтың пікірінше Рашид ад-диннің өзі «Ж» харпінің орнына қателесіп «Қ» әрпін жазып жіберуі мүмкін ғой деген пікір ұстанады. Ескерер алғашқы нәрсе - Рашид ад-диннің қолжазбасындағы атаулар «Ж» әрпінен басталмайды. Мұнда «Ж» -ның орнына «Дж» қолжазбада «ݚ» түрінде беріледі. Тағыда айтатын жайт «жал» және «айыр» сөзі байланыстыру арқылы жылқының жалын айырған деген сөздермен байланыстырылды [4, 151-159 -бб.].

Зерттеушілер атап көрсеткендей, Жалайыр туралы көне қытай, араб деректерінде IX-X ғасырлардағы айтарлықтай мәліметтер жоқ. Рашид ад-дин ежелден жалайыр туралы, көп өніп-өскен ру деп көрсетеді. Сондай-ақ, жалайыр Тұран мен Иранда өмір сүргенін және оларды қытайлар күйретіп, біразы моңғолдарға қосылды. Шыңғыс хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда орын алғанын жазады. Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратының нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт. Түркі аймақтық тайпалық бірлестіктің қатар өмір сүретін туралы атап көрсетеді [10, 76-б.]. Қытай деректемелерде жалайыр (Ялаиэр) деп аталған. Қидандардың Солтүстік Қытай жерінде құрған Ляо әулеті дәуіріне қатысты деректемелерде, атап айтқанда «Ляоши» кітабында алғаш рет «Цзубу чжалаэр бу» деген атпен мәлім болды [7, 61-б.].

Этникалық генеалогиялық шығу тегі туралы Шоқан Уәлихановтың еңбегінде, Жалайыр руларының үйсіннен тарағаның, тарихи зерттеулерде ежелгі чумгун және сырманақ немесе оғыздардың Сырдария тайпаларымен байланыстырып, жалайырлардағы қара марқа, ақ марқа руларының ежелгі оғыздарда ақ-қоюнлы, ақ марқа деген атпен кездесетін туралы атап көрсеткен еді. Яғни түркі тілдес екендігін айтуға болады [8, 273-б.]. Н. Аристовтың қарлықтардың Батыс Тяньшан өлкесінің Алтайдың оңтүстік-батысынан көшіп келгендерін, Алтайдағы Марқакөл атын өздерімен бірге алып келген туралы қорытынды келтіреді. Жалайырлар туралы Шыңғыс хан әскери бөлініс кезінде Шағатайға 4 мыңға жуық жалайырлар болғаның, бөлінген әскерде Мүке-нойан есімді жалайыр тайпасынан шыққанының айтылады [9, 30-31 - бб.]. Тарихи этникалық зерттеулерде Шағатайға бөлінген 4 мыңға жуық әскердің, 2 мыңға жуық жалайырлар болғанын айтылады. Ибн Арабшахтың жазуынша Шағатай ұлысындағы ең басты 4 тайпа болғанын: арлаттар, жалайырлар, каучиндер, барластар деген еді. Шағатай ұлысы Мәуереннаһр мен Жетісу аймақтарын алып жатты [10, 57-59-бб.]. С Аманжоловтың жалайырлар туралы негізгі біраз бөлігі Жетісуда, белгілі бөлігі Зерафшан (қазіргі Өзбекстан жері), аздаған тобы бурят-монғол арасында қалған деген еді [5, 114 - б.].

Жалайырлар Шыңғыс хан заманында 4 топқа бөлінді: Бірінші тобы Моңғолия, Қытайда, екінші тобы Жошы балаларына беріліп, аңыздар бойынша Шу өзені орта ағысының шығысқа орналасты, үшінші тобы Шыршық және Ангер өлкелеріне қоныстанып (ол тарихта «Жалайыр ордасы», кейде «Сыр манақ» деп аталды), төртінші тобы Құлағу ханмен Персияға кетеді. Әмір Темірді жақтаған жалайырлар 1370 жылы оның қарсыласы Дулаттар жағына шығады. Әмір Темір Жалайырлар елін тас- талқан етіп, талан-таражға салады. Жалайырлар тарихта барлық кезеңдерде Ақ орда (Ежен Ордасы) деген атпен белгілі [11, 463- б.].

Әбілғазының айтуынша «Шыңғыс хан болғанға дейін барлық жалайырлар тұтқын болған, жалайырлар өздерін еліктеп моңғол-қият ұлдарымыз дейтін. Жалайыр он бір атаға дейін, Шыңғыс ханның төртінші ұрпағына дейін» атап көрсетеді. Қыдырғали Жалайырда осы туралы деректі растайды, бірақта «Шежірелер жинағында» Жалайыр, Меркіт, Татар, Ойрат және тағыда басқа тайпаларды Моңғол деп атады, бірақ негізгі аттары Моғол емес еді деп жазады [12,49 -б.].

Рашид ад-дин жалайырлардың бұрын түркі тайпаларына жатқандығын, тіптен «моңғолдардың ертеректе түркі тайпаларына жататын халық» болғанын атап көрсетеді. Алайда Жалайырларды моңғол тайпасын жатқызылады деп айтқан И.П. Петрушевкий, В.В. Бартольд осындай қате көзқарас ұстанды. Бірақ тайпалық бірлестіктердің өзара түркі тілдес немесе моңғол тілдес байланыс әсерінен, моңғол тілдес басымырақ болғандықтан солай атаудың себебі содан [6, 157- б.]. Ю. А. Зуевтің жалайыр туралы Рашид ад-динге сүйеніп негіздеуге тырысады. Оны айтуынша жалайырлар моңғолдардың құрамында болғанын, Хилак пен Селенге өзеннің бойындағы өмір сүрген тайпаларды йалаир деп атаған. Ю.А. Зуевтің айтуынша жалайыр тұрған жерді, солтүстік ұйғырлардың астанасының мекені ретінде көрсетеді. Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін, тайпалардің бірі «йаглакар» тайпасынан таратады. Ұйғырлардың құрған жері бұрыннан Тоғыз-оғыздардың жері ретінде, жалайыр термин «jaγla, jala» сөзін маймен, майлау деген сөздерді білдіреді [13, 291-294- бб.].

Е. Кычанов қазақ руларына байланысты моңғол рулар деп атап кетеді. XIII ғасырлардағы мекендері туралы жалайырлардың Онон өзеннің бойында өмір сүрген туралы көрсетеді. Сонымен бірге, Қият пен тайчиут Онон мен Селенгі өзеннің жағасы мен Керейлер Орхон, Толы өзеннің Оңған бойымен, Хангай мен Хэнтэй екі таудың арасы, наймандар Буир-Нур мен Кулун - Нур аралық мекен етті деп жазады [14, 15-б.]. Соңдай-ақ наймандар мен Жалайырлардың өмір жайлы араб тарихшысы Ибн әл-Әсир былай дейді: «Татарлар Ұлы Қытай қорғаны маңын мекен етсе, ал Батыста Наймандар мен Жалайыр өмір сүретін дейді. Орхон өзеннің орта және жоғарғы ағысын мекендеп, Найман хандығымен тығыз байланыс орнатқан болатын [15, 24 -б.].

Жалпы XIII ғасырға дейін-ақ моңғол үстіртінде тайпалардың бірлестіктері құрамдалған 30 тайпа болатын. Ойраттар - 10, Жалайыр - 10, керейіт - 8, меркіт - 3, уақ - 4, ешқандай бағынбайтын дара тайпалар қоңырат, баяд, олқұнут, орман уранхайы, бағуд деп аталатын 150-ден астам ру- тайпалар өмір сүрген. «Хамаг Моңғол» ұлысынан бөлек «Тоғыз татар», «Найман», «Керей» мемлекеттері өмір сүрген. Ру,тайпалар, ұлыс, мемлекеттер қай тілде түсініскен туралы сұрақ туындалады. Яғни түркі тілінде, оған дәлел ретінде Енесай, Орхон, Талас жазулары, «Құпия шежіре» ескерткіштерінде дәлел бола алады [16, 9- б.].

Рашид ад-дин және Әбілғазының мәліметтері бойынша жалайыр шежіресі туралы этноформациялық бөліктерге бөлді. Адам Сафиолла → Шес пайғамбар→ Қинан→ Мәһлайыл→Берді→ Ідіріс пайғамбар→ Мұтұшлақ→ Ләмек→ Нұх пайғамбар→ Иафес→ Түрік→ Түтік→ Елше хан→ Деббақый→ Күйік→ Алынша→ Монғол→ Қарахан→ Оғызхан→ Күнхан→ Айхан→ Жұлдыз→ Меңлі хан→ Теңіз хан→ Елхан→ Нүкүз→ Дәрлікен→ Жалайыр.

Яғни, Рашид ад-дин бойынша зерттеулерде формациялық бөліктерге бөліп қарастыруға болады. Түркі немесе моңғол атауының қалыптасу белгісінің таралу, Дәрлікен атаудан тараған байқауға болады. В.Ш. Бембеевтың осыған байланысты тайпалардын қалыптасуы, Шыңғыс хан дәуірінде формациялық бөліктерге бөліп қарастыруға болады. Бұл жерде Дәрлікен атауы негізгі моңғолша «торолекун» туыстар, туысқандар деп түсіндірледі. [6, 160-162 -бб.].

Шыңғыс хан 1206 жылы ұлы хан ретінде ақ киізге отырғызып хан көтерген 94 тайпа өкілдерінің түркі тілдес басым болды. И. Н Березин Жалайырлар тайпасы туралы қазіргі Моңғолияда «Джеайд» деп аталып кеткен еді. Негізгі еңбектерді талдай келе, И.Н.Березиннің аударған Рашид ад - дин еңбегінде мынандай жолдар бар: «Племена, которыхъ ныне называютъ монгольскими, но которыхъ имя въ сущности не было Монголъ, такъ какъ это называніе они предъявили после эпохи ихъ (Монголовъ). Кадая ветвъ изъ этихъ ветвей произвела много ветвей, и у всякой явилось определенное имя».



Джалаиръ

Татаръ


Тамгалыкъ

Тумэтъ



Сунитъ

Мергитъ

Туласъ

Булагачинъ



Курлутъ

Мәселен, бұл тармақтарының түркі тілдес тайпалардың аттары моңғолдар билігіне түскен соң өзгере түскен еді [6, 163- б.].

Жалайыр тайпасы туралы моңғол тарихшысы Саган Саценнің XVII ғасырдың жазуына қарағанда, Шыңғыс хан кезінен бастап, жалайыр тайпасы хан ордасына жақын болып келген. Әскери қолбасшылық қызметтерді атқарған [17, 10 - б.]. Тайпалық этникалық бөлінісінің жалайыр сынды үлкен төрт түмен әскер шығара алатын еді. Олардың екеуін Мұқалы го ванға құрамында болатын. Қалған екі бөлігі қытайлар арасына өтіп бірігіп кеткен еді. Шыңғыс ханмен бірге аттанған екі түмен, қазіргі уақытта қазақ халқының құрамында жалайырлар құрап отыр. Қазақ руларының қоныс аудару аймағының Наймандар мен Арғындар шектесе отырып, Шығыс Қазақстан обылысынан бастап, Талдықорған обылысындағы Қаратал өзеніне дейінгі жерге келіп орналасады. Жалайырлар Іле өзені мен соның маңайындағы жерлерге келіп шоғырланады. Шыңғыс хан мемлекетінің 1218 жылғы тайпалық рулық құрамына қарай бөліп қарасақ: Қият, Жалайыр, Қаңлы, Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Сіргелі, Шанышқылы, Ысты, Сары үйсін, Ошақты, Алшын (Әлімұлы, Байұлы), Арғын, Найман, Қыпшақ, Керейіт (Керей), Меркіт, Қоңырат, Маңғыт (Ноғай), Уақ, Барын, Шырын мен татар руларын аттарын топтастыруға болады [17, 195- б.].

Қортынды айтсақ қазақ құрамындағы жалайыр тайпасының өзіндік орны бар, этникалық процесіне әсер еткен тайпалардың бірі. Жалайыр тайпасының тарихи-этникалық үрдістің, қазақ халқының ежелгі ата- бабаларының тарихи тамырының тереңде жатқанына тағы бір айқын дәлел болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Тоғысбайұлы Б. Тарихтың ашылмаған беттері. – Астана: Елорда, 2001. – 304 б.

  2. Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы: Роман – эссе. – Алматы, 1992. –320 б.

  3. Сәдібек З. Қазақ шежіресі. – Т: Өзбекстан, 1994. – 144 б.

  4. Омарбеков Т. Қазақ түркілерінің шығу тегі (IX-XV ғасырлар): оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 396 б.

  5. Исмаилов О. Әлем тарихындағы жалайырлар. – Алматы: Дәуір, 1999. – 528 б.

  6. Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде. Т. I: Жалайыр. – Алматы: «Алаш» тарихи - зерттеу орталығы, 2008. – 400 б.

  7. Банзаров Д. Собрание сочинений. – М: Издательство АН. СССР, 1955. – 371 б.

  8. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000 – 464 б.

  9. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. V том. Әулеттік тарихи жылнамалар. 3 – бөлім. – Алматы: «Дайк – Пресс». 2006, – 256 б.

  10. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1. – Алма - Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984, – 432 с.

  11. Аристов Н.А. Қазақ этногенезі мен этникалық тарихы. 2 – ші бас. толық. – Астана: «Алтын кітап», 2007, – 372 б.

  12. Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде. – Алматы: «Алаш» тарихи зерттеу орталығы, 2008. Т. II : Жалайыр. – 400 б.

  13. Қайдар Әбдуәли. Қазақ қандай халық? – Алматы: «Дайк – Пресс», 2008. – 652 б.

  14. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 2006, – 200 б.

  15. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: «Дайк – Пресс», 2002. – 338 б.

  16. Кычанов Е. И. Жизнь Темучжина думавшего покорить мир. Художник А. Озеровская. – М:, «Наука», 1973. – 144 с.

  17. Данияров.Қ. Шыңғысханның тарихы. – Алматы: «PRINT-S», 2001 – 357 б.

  18. Нұсқабаев О. Маңғытай, Маңғыт, Ноғай тарихы. – Алматы: «Қазақстан». 2015. – 256 б.

  19. Рахметолла Толқымбекұлы. Жалайыр: Он екі ата. Шежіре – Алматы: «Дәуір», 2000. – 736 б.

References



  1. Togysbaiuly B.Tarihtyn ashylmagan betteri. – Astana: Eloarda, 2001. – 304 b.

  2. Salgaraqly K. Kazaktyn kily tarihy: Roman – asse. – Almaty: Zhalyn, – 304 b.

  3. Sadibek Z. Kazak shezhiresi. – T. Uzbekstan, 1994. – 144 b.

  4. Omarbekov T. Kazak turkilerinin shygu tegi (IX-XVI gasyrlar): oku kqraly. Almaty: Kazak universiteti, 2014. – 396 b.

  5. Ismailov O. Alem tarihyndagy zhalaiyrlar. – Almaty: Dauir, 1999. – 528 b.

  6. Kazakstan tarihy jtnikalyk zertteulerde Ethnic studies of T.1: Zhalair. Almaty: «Alash» tarihi - zertteu ortalygy. – 2008. – 400 b.

  7. Banzarov D. Sobranie sochinenii. – M. Izdatel'stvo AN. SSSR, 1955. – 371

  8. Argynbaev X., Mukanov M., Vostrov V. Kazak shezhiresi xakynda. – Almaty: Atamyra, 2000 – 464 b.

  9. Kazakstan tarihy turaly kytai derektemeleri. V tом. Aulettik tarixi zhylnamalar. 3 – bolim. – Almaty:«Daik - Press». 2006, – 256 b.

  10. Valixanov CH.CH. Sobranie sochinenii v pati tomax. Tom 1. – Alma – ata: Glavnai redakqia Kazaxskoi sovetskoi jnqiklopedii, 1984, – 432 s.

  11. Аristov N.А. Kazak jtnogenezi men jtnikalyk tarixy. 2 – shi bas. tolyk. – Аstanа: «Аltyn kіtаp». 2007, – 372 b.

  12. Kazakstan tarihy jtnikalyk zertteulerde Ethnic studies of T.II: Zhalair. Almaty: «Alash» tarihi – zertteu ortalygy. 2008, – 400 b.

  13. Kaidar A. Kаzаk kаndаi хаlyk? – Almaty: «Daik – Press». 2008. – 652 b.

  14. Abіlgаzy. Тurіk shеzhіrеsі. – Almaty: Аnа tіlі. 2006, – 200 b.

  15. Zuev Ya. A. Rаnnie tyarki: оchеrki istorii i ideоlоgii. – Almaty: «Daik – Press»., 2002. – 338 b.

  16. Кychаnоv Е. I. Zhizin' Теmuchzhina dumаvshеgо pоkоrit' mir. Хudоzhnik А. Оzеrоvskai. – М:, «Nаukа», 1973. – 144 s.

  17. Dаniarоv.K. Shyngysхаnnyn tаriхy. – Almaty: «PRINT-S», 2001 – 357 b.

  18. Nyskаbаеv О. Mаngytai, Mаngyt, Nоgаi tаrихy. – Almaty: «Kазаkstаn». 2015. – 256 b.

  19. Rахmеtоllа Тоlkymbеkyly. Zhаlаiyr: Оn еkі аtа. Chеzhіrе – Almaty: «Дәuіr», 2000. – 736 b.

Ж.М. Арапов1



1Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Факультет история, археологии и этнологии, магистрант 2 курса


МЕСТО ПЛЕМЕНИ ЖАЛАИР В ФОРМИРОВАНИИ КАЗАХСКОГО ЭТНОСА

Резюме

В статье сделана попытка анализировать и сопоставить научную информацию по истории племени жалаир. Результатом начала научно-исследовательской работы является определение происхождения названия жалаир, этническая история, исторический контекст, анализ данных. В этой статье приведены данные из с истории, легенд, этнографических данных. С древних времен до настоящего времени, племя жалаир имеет особое место в этнокультурной истории казахского народа. Показано его место в формировании казахского народа. Были изучены роль и особенности племени жалаир в формировании казахского общества. В истории Средних веков известны такие тюркские племена, как жалаир, керей, меркит, конырат, основавшие казахский народ. Позже они стали племенными группами и даже маленькими странами. Это, конечно же, это требует от наших авторов углубленного изучения истории тюркского этноса.



Ключевые слова: жалаир, племена, казахский народ, этнос, тюркские племена

Zh.M.Arapov1



1al-Farabi KazNU,

Faculty of History, Archaeology and Ethnology, 2-nd Year Master’s Student


PLACE OF THE ZHALAIR TRIBE IN THE FORMATION

OF THE KAZAKH ETHNOS

Summary

In this article, the author tried to collect all the information about the history of Zhalayir tribe. The result of the beginning of the research work is the identification of origin of the name Zhalair, ethnic history, historical context, and the data analysis. In this article,there was showed the information from history, legend, and ethnographic data. From ancient times to the present, Zhalair tribe had a special place in the ethnic cultural history of the Kazakh people. Their place in the formation of the Kazakh people was shown. The role and features of Zhalair tribe in formation of the Kazakh ethnos was studied. In the history of the Middle Ages there were such Turkish tribes as Zhalair, Kerei, Merkit,Konyrat, and many others, which founded the Kazakh ethnos. Later they became tribal groups and even small countries. Of course, it demands from our historians to study the history of the Turkic ethnic group deeply.



Key words: Zhalair, tribe, Kazakh society, ethnicity, Turkic tribes

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет