Жоспар: кіріспе: Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны. І тарау



бет12/15
Дата12.04.2023
өлшемі130,5 Kb.
#174318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-22885

Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады. Орта жастағы оқушы 10 минут, жоғары сынып оқушыларына 15 минуттей уақыт ішінде әңгіме сұрақ-жауап айтылады. Әңгіме әдісі - көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасын да жүреді. Мысалы, қазақ тілінен "сөз жасам", "сөз тіркестерін" өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардан сұрап түзеттіру арқылы жүргізіледі. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсін-діргенде, білім жүйесін әңгімелеп, білімді қорытындылағанда, ауызша, жазбаша жаттығуларды тексергенде, өткен материалдарды қайталағанда, баланың оқып білгенін, саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әңгіме әдісін жақсы ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімді түсініп, сабаққа белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі кеңінен қолданылды. (Эврико - грек сөзі - табамын, ашамын деген ұғымды береді). Қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесін проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушыға таптыру әдісі кең өріс алуда.
Әңгіменің нәтижелі болуы - сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.
Түсіндіру әдісі - қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құрал, таблица, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып қызықты түсіңдірсе, оқушы сол тақырыпты ынталы түрде тыңдай отырып, сол проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: 5-сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды оқушылардың өздеріне құратуға болады.
Лекция - жоғарғы сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, 9-сыныпта қазақ тілі сабағында жүреді. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 факультатив сабақтарында 15-20 минуттік лекция оқылады. Мысалы: 8-сыныпта "Қазақ тілі" С.Аманжолов, А.Әбілқаев, ААманжолов жазған оқулығының /Алматы, "Рауан"; 1993 жыл/ 9-бетінде "Тіл мәдениеті" деген тақырып бар. Онда: «Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне терең бойлаңдар. Тіл мәдениетін фонетикадан, лексикадан және грамматикадан алған білімдеріңнің қандай қатысы бар екендігі жөнінде өзара пікір алысасыздар, - деп келеді де мұғалім: Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріңдіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады т.б.», - деп, лекцияны жалғастырып оқи береді. Сөйтіп, мектеп лекциясы жай темпте, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, не соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет