Жоспар Кіріспе Дарын-адам бойындағы асқан талант Негізгі бөлім



бет1/7
Дата15.10.2023
өлшемі125,08 Kb.
#185519
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие ЖХМ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Э кология және химия кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Дарынды балаларды анықтау


Қабылдаған: Данияров Т.Ә П.ғ.к., профессор
Орындаған: ЖХМ – 211 студенттері

Түркістан – 2023 жылы


Жоспар
Кіріспе

  1. Дарын-адам бойындағы асқан талант

Негізгі бөлім

    1. Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі

2.2 Дарынды балаларды анықтау
2.3 Дарынды балаларға білім беруде туындап отырған қиындықтар
2.4 Дарынды балаларды ашу жұмыстарындағы теориялық және қолданбалы аспектілер
2.5 Ерекше дарын иелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
2.1 Дарын адам бойындағы асқан талант.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен деп тұрады. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:
«Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
ХХІ ғасыр білімділер мен зеректер ғасыры, дарындылар мен таланттар ғасыры.Дарынды балалар, ғалымдардың айтуынша, — жалпы және арнайы дарындылығын (ғылым, техника, өнер түрлері, т.б.) байқатқан балалар. Дарындылық ақыл-ой дамуының қарқыны бірдей болғанмен баланың өз құрдастарынан озық дәрежесі арқылы анықталады екен. Ақыл-ой қабілеті ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның кемелдену қарқынына және жас ерекшеліктеріне байланысты.
Дарындылықтың дамуында отбасының ролі аса маңызды, атап айтқанда:

  • отбасының құрылымы мен эмоционалдық ахуалы;

  • бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;

  • ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.

Отбасы құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалдық ахуалмен байланысты. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды. Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп есептейді.
Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған. Дарынды балаларда әзіл - сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.Ондай балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.
Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшелік оларды толғандырып, өз бетімен дамуына әсер етуі мүмкін. Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет. Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жұмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен жеке қолдау көрсетуді сезінуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді. Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталуы қажет. Баланың алған білімдерін өз бетінше дамыта білуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өздігімен іздене білуі, өзіне талап қоя білуі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы мұғалімнің немесе тәлімгердің назарында болуға тиіс.
Біздер, тәрбиешілер, дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын жасаймыз. Сынып кураторларымен және педагог — психологпен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін анықтаймыз.
Жұмыс барысында білім деңгейін игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау маңызды. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізуді қадағалаймыз. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, жобалар, т.б.),
Дарынды оқушыларды тану және дамыту жұмыстарын дамыту мақсатында сабақтарға қатысу және бақылау жүргізу, мұғалімдерден, оқушылардан және ата-аналарынан сауалнама алу, сұхбаттасу, мектеп психологының көмегін ұйымдастыру, сыныпты зерттеу нысанына алу, топпен бірлескен жұмыс жоспарларын жүзеге асырамыз. Балалардың қызығушылығын ескере отырып, факультативтік сабақтарға, таңдау және элективтік курстарға, түрлі үйірмелер мен секцияларға, пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарына, зияткерлік ойындар мен конкурстарға қатысуына ықпал етеміз. Дарынды балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуы және жалпы білімдік дайындықпен қатар жүруге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет