Жоспар: Кіріспе Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы: ғасыр ортасына дейін



бет6/7
Дата21.11.2023
өлшемі366,75 Kb.
#192634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
DQWYXCGOOCYE20112023213947

ХХІ ғасырдағы әлеуметтік теория

Теориялық интеграция, модернизм мен постмодернизм аясындағы талқылау өзекті болғанымен, ол нақты жүзеге асқан жоқ. ХХІ ғасырдың басында әлеуметтік теорияны жаңарту мақсатындағы еңбектер пайда бола бастады. Бұл кітаптағы теориялар аса құнды әрі олардың маңыздылығы арта берері даусыз. Теория әрдайым тарихқа айналған талқылауларға негізделеді. Бұл теорияның қай жерде екенін және қайда бағытталып бара жақтанын білуді талап етеді. Осы мақсатта бұл бөлімде ХХІ ғасырдың басында ерекше өзекті болған тұтыну, өндіріп-тұтыну, жаһандану, ғылым мен техника сияқты салаларды қарастырамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл салалардың әрқайсысы әлеуметтік теорияларды жаңа және әртүрлі бағыттарға жетелейтін теориялық бастама болды.
Тұтыну теориялары
Өз мәселелері мен болашағы бар өндірістің дамуы шарықтау шегіне жеткен кезде әлеуметтану теориясы да ұзақ уақыт бойы «өндіріске бағытталды». Бұл дегеніміз – теориялар да өндіріске, өндірістік ұйымдарға, еңбек пен еңбек етушілерге бағытталды деген сөз. Бұл құбылыс марксистік және неомарксистік теорияларда анық байқалады, сондай-ақ ол Дюркгеймнің еңбек бөлінісі туралы тұжырымдамасы, Вебердің Батыстағы капитализмнің дамуы және әлемнің басқа бөліктерінде сәтсіздікке ұшырағаны туралы жазған еңбектері, Зиммельдің адамның өмір сүруіне қажетті өнімдердің күрт көбеюі салдарынан пайда болған мәдениет трагедиясы, Чикаго мектебінің жұмыс берушілер мен қызметкерлер, басқарушылар мен қызмет етушілер арасындағы конфликт теориясы аясында зерттеуі сияқты көптеген теорияларда кездеседі. Әйтсе де тұтыну мен тұтынушы мәселесіне аз назар аударылды. Оның ішінде Торстейн Вебленнің «демонстративті тұтыну», Зиммельдің ақша мен сән туралы ойлары сияқты талдаулар болуына қарамастан, негізінде, әлеуметтік теорияшылар өндіріске қарағанда тұтыну мәселелері туралы әлдеқайда аз зерттеді.
Жаһандану теориялары
ХХІ ғасырдың басында теориялық тұрғыда зерттелуі тиіс өзге де мәселелер болғанмен, авторлардың көпшілігі жаһандану мәселесіне баса назар аударды. Жаһанданудың теориялық тұрғыдан қарастырылуы жаңалық емес. Маркс пен Вебер сияқты классикалық теорияшыларға осы термин жетіспей тұрды деп айтуға болады, алайда олар жаһанданудың теориялық тұрғыдан негізделуіне үлкен үлес қосты. Сондай-ақ көптеген теориялар (мәселен, модернизация, тәуелділік және әлем-жүйе теориясы) және теорияшылар (мәселен, Алекс Инкелес, Андре Гундер Фрэнк пен Иммануил Валлерстайн) түрлі терминдер мен өзге де теориялық тұжырымдарын ұсынып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет