Жоспар: Кіріспе Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы: ғасыр ортасына дейін


ХХ ғасырдың соңындағы әлеуметтану теориясындағы зерттеулер



бет4/7
Дата21.11.2023
өлшемі366,75 Kb.
#192634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
DQWYXCGOOCYE20112023213947

ХХ ғасырдың соңындағы әлеуметтану теориясындағы зерттеулер
Соңғы жылдардағы еңбектерде көптеген әлеуметтік теориялар микро- және макродеңгейдегі талдау арасындағы тәуелділікті зерттеуге бағытталды (Barnes, 2001; Berk, 2006; J. Ryan, 2005a). Ритцер микро- және макроинтеграция америкалық әлеуметтануда 1980 жылдары пайда болып, 1990 жылдары ең маңызды мәселелердің қатарында қала берді дейді (Ritzer, 1990). Микро- және макроинтеграцияның заманауи америкалық білімге әсерін еуропалық әлеуметтанушы Норберт Элиастың шығармашылығы айқындай түсті, ол макродеңгейдегі қалып пен микродеңгейдегі әрекет түрлері арасындағы қатынасты анықтауға тырысты (Kilminister and Mennell, 2011; Van Krieken, 2001).
Макро-микродеңгейлі талдаулар арасындағы байланысты анықтауға арналған бірқатар еңбектер мен теориялар бар. Өз жұмысында Ритцер (1979, 1981) интеграцияланған әлеуметтік парадигманы жасап шығаруға тырысқанын, ол макро-микродеңгейлерді объективті де, субъективті де формада байланыстыру қажеттігін жазды. Осылайша, әлеуметтік анализдің бірден төрт сатысымен жұмыс істеу керек: микросубъективтілік, макросубъективтілік, микрообъективтілік пен макрообъективтілік. Джеффри Александер (1982–1983) «көп өлшемді әлеуметтануды» ойлап тапты, оның нысаны талдау деңгейлері болды және Ритцердің үлгісіне ұқсас келеді.
Джеймс Коулман (1986) микродан макроға өту мәселелерін қарастырса, Аллен Лиска (1990) Коулманның түсінігін кеңейткен, сонымен қатар микродан макроға өту мәселелерін зерттеген. Кейінірек Коулман өзінің «микродан –макроға» моделін кеңейтіп, экономикадан алынған рационалды таңдау көзқарасына негізделген микро- және макроқатынастарды зерттеумен айналысты (келесі агенттік-құрылым интеграциясы бөлімін қараңыз).
Микро- мен макро-, агенттік пен құрылым бағыттары 1980 жылдары пайда болып, екеуі де әлеуметтануда 1990 жылдарға дейін жоғары позицияда тұрды. Олар жалпы кең арналы ағымға бастау болды, 1990 жылдардың басында басталған теориялық синтезге бағыт берді. Реба Льюистің (1991) пікірінше, әлеуметтанудың салыстырмалы төмен деңгейі үлкен интеграцияға апарар жолда жіктелген болуы мүмкін, әрі ол пәннің мәртебесін көтеруі ықтимал еді. Мұнда біз екі не одан көп әртүрлі теориялардың ашық түрде бірігуіне деген талпынысты байқай аламыз (мысалы, құрылымдық символизм мен символикалық интеракционизм). Ондай талпыныстар әлеуметтік теория тарихында көбірек кездеседі (Holrnwood and Stewart, 1994). Сонымен қатар әлеуметтік теорияда жаңа синтетикалық қызметтің екі айрықша сипаты айқындалды. Біріншіден, ол кең таралған әрі синтездің біртарапты талпыныстарымен шектелмеген. Екіншіден, оның мақсаты, ең бастысы – барлық әлеуметтік теориялардың орнын басатын үлкен синтезделген теорияны жасап шығару емес, теориялық идеялардың салыстырмалы түрде кең синтезделуі. Бұл синтезделген еңбектер осы тарауда талқыланған көптеген теориялардың арасында аталып өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет