Жоспар Кіріспе І тарау Қазақтанда бокстың дамуы


І Тарау Қазақтанда бокстың дамуы



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі42,68 Kb.
#196694
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-41506

І Тарау Қазақтанда бокстың дамуы
1.1 Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. Деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ лимп, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. Ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. Соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы лимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. Және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет