Жоспар Кіріспе: I



бет1/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,31 Kb.
#142866
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
суфизм (Яссауи) Ботабекова А.Е.


Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Теология факультеті
Дінтану кафедрасы 

Суфизм, Түркістандағы сопылық, Ахмет Ясауидiң түркi сопылығы тарихында алатын орны



Қабылдаған: Мустапаева Д.
Орындаған:Ботабекова А.
Тобы: Жм-011

Жоспар  

  • Кіріспе:

I. Суфизм – түсінігі мен қысқаша тарихы

  • Негізгі бөлім:

I. Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі
II. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық

  • Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Суфизм немесе сопылық – бұл этикалық және діндар адамның өміріндегі моральдық нормалар, оның жан дүниесінің түрліше күйлерінің көрінісі болып табылатын исламдағы мистикалық – аскеттік бағыт. «Ағым ретінде, - деп жазады Рукайя Мақсұд, - суфизм исламда тамыр жайған пайдасыз доктринаға жауап түрінде пайда болды. Алайда ол қашанда Пайғамбарға ұқсап, өздерін өмірлік құлшылық етуге жәнеТәңірге жақын болуға арнаған мұсылмандардың діни өмірінде негізгі рөл атқарды. Көптеген сопы емес мұсылмандар бұл қозғалысқа күдікпен қарағанмен, оны исламнан бөлектеуге болмайды, өйткені оның негізінде шынайы мойынсұнушылық пен тағзым ету арқасында «жүректің оянуы» жатыр. Кейбір мұсылмандар суфизмді исламның аса маңызды аспектісі санайды, ал ол кезде діни өмірдің эмоционалдық және ішкі түйсік жақтарына (әртүрлі өзін – өзі азаптау, өзін – өзі кінәлау әрекеттеріне толы) сенбейтіндер оны (суфизмді) қосымша, жанама құбылысқа жатқызады. Барлығы да қай мұсылманның қандай тұлғалық түрге жататынына байланысты. Сопылықтың құндылығын ұққан және түйсінгендер оны исламның жүрегі немесе жаны десе, ал өздерінің сенімін мойынсұнушылық пен исламның барлық салттарын жүйелі орындауғы негіздеген және қандай да бір жаңашылдықтан (бида) үркетін мұсылман оған күдікпен қарайды». «Суфи» (сопы) сөзінің шығу тегі ғылыми дереккөздерде әртүрлі түсіндіріледі: біреулер ол «жүн» дегенді білдіреді дейді, өйткені дәруіш сопылар жүн матадан тігілген немесе жүннен тоқылған киімдер киіп жүретін болған, ал оның өзі сопылықтың айрықша белгісі саналатын. Екіншелері, гректің sophia – даналық мағынасындағы сөзімен ұқсастырса, үшіншілері «суфи» сөзі арабтың «тазалық» деген мағына беретін «сафа» сөзінен немесе «сафва» - «таңдаулы болу» деген етістігінен шыққан деп есептейді. Сопылықтың «саф», яғни таза, мінсіз деген сөзден шығуы да мүмкін. Қалай дегенде, сопы немесе тауасуф сөзі термин ретінде Құран мен хадисте кездеспейді. Дегенмен, хазіреті Пайғамбардың өмірі тəуекелмен, тақуалықпен, түні бойы көз жасын төгіп, Жаратқанға жалбарынумен, қанағатпен жəне сабырмен өткені белгілі. Міне, осындай Пайғамбар өмірін өздеріне өнеге етіп алған алғашқы тақуа сахабалар да пəнидің өткінші қызығынан бас тартып, өз өмірлерін мəңгілік мұрат жолында сарп қылды. Сондықтан, сопылық жолы өзге ислам ілімдері сияқты мұсылмандықтың қайнар көздері Құран мен хадистен бастау алды деуге толық негіз бар. Өйткені, бүкіл сопылық тариқаттардың силсала-шежіресі хазіреті Əбубəкір (р.а.) мен хазіреті Əли (р.а.) арқылы хазіреті пайғамбарымызға (с. ғ. у.) барып тіреледі. Оның үстіне сопылық зуһд, тəуба, тəуекел, уара, тақуа, тəсілім, тəсбих, шүкір, мухаббатуллаһ, ихлас жəне зікір сияқты Құранда айтылатын ұғымдармен тығыз байланысты. Ислам дініндегі бұл бағыттың атауының шығу тегі ғана жұмбақ болып отырған жоқ, суфизмнің мәнінің өзі мыңдаған жылдар бойы адам баласының барлығы үшін де құпиялардың құпиясы болып келеді. Кейбіреулер айтып жүргендей, сопылық ілімі исламға жат құбылыс емес. Сопылық, яғни тауасуф ілімі ежелгі үнді, грек немесе парсылық сенімдердің əсерінен туған немесе сырттан келген дүние емес, ол исламның қайнар бұлағынан туындаған рухани құндылық. Сондықтан, сопылық сөзі гректің «софос» сөзінен емес, арабтың «суф» деген сөзінен шыққандығы белгілі. Уақыт өте келе сопылық дүниеқұмарлыққа, құлқынның қалауына ерік бермей, нəпсіні тежеу; фəни дүниенің рахатын тəрк ету; харам мен күдікті нəрселерге, тіпті дінде рұқсат етілген мубах жəне халал нəрселерге де аса сақтықпен қарап, тақуа өмір кешу деген сияқты ұғымға айналып кетті. Кейбір тасаууф кітаптарында «сопы», дəлірек айтқанда «суфи» сөзінің «асхаб суффа», яғни «суффа сахабалары» деген сөзінен шыққаны жайлы да айтылады. Бұл жерде қолданылып отырған «суффа» сөзі араб тілінде «көлеңкелік» деген мағына береді. Бұл сөздің шығу төркініне тоқталсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа (с.ғ.у.) Мəдина шаһарында салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан көлеңкелік баспана жасатқан еді, міне, сол жерде тұрғандар кейінірек «асхабы суффа» деп аталып кетті. Суффа сахабалары отбасылары мен дүние-мүліктері жоқ баспанасыз һəм кедей сахабалар болатын. «Суффада» күнелтіп, пенделік əрекеттерден бойларын аулақ ұстап, күйбең тірлікке көңіл аудармай, бар өмірлерін ғибадат жасауға жəне Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (с.ғ.у.) тəлім алуға арнаған олар дін негіздерінің кейінгі ұрпақтарға дұрыс жеткізілуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосты. Сондықтан, біздің ойымызша, сопы сөзін суффа сахабаларына байланыстырып қарау да мағыналық жағынан дұрыс болып табылады. Суфизм, көптеген зерттеушілердің пікірлерінше, VIII ғасырдан бастау алады, алайда оның қайнар көзі болған аскеттік ниеттер исламмен бір мезгілде пайда болған – ды. VIII ғасырда және ХІ ғасырдың басында олар аскеттік – мистикалық ағым болып қалыптасты. Оның әлеуметтік негізін хадистерді жинаушылардан шыққандар, ел кезіп жүретін жыршылар мен уағызшылар. Құран оқитындар, діндар қолөнершілер және саудагерлер, сонымен қатар христиан жұртышылығының исламды қабылдаған бөлігі құрайды. Суфизмнің пайда болуы жайлы басқа да көптеген көзқарастар бар. Соның бірі Роберт Грейвс қазіргі заманғы сопы Идрис Шахтың «Суфизм» деген іргелі еңбегіне кіріспесінде: «Сопылар шығу тегі ешқашан анықталмаған және жылы, айы – күні белгіленбеген ертедегі рухани бауырластық болып табылады. Олардың өздерінің ойлау қабілеттерінің, ойлау салттарының көрінуіне жасалған сілтемелерді қанағат тұтып, мұндай зерттеулерге үлкен қызығушылық білдіре қоймайды», - деп жазды. Суфизм көпқырлы діни ағым. Суфизмнің ғаламат құпиясы да, біздің ойымызша, оның осы көпқырлылығында жатыр, өйткені «Шындық бағына әркім өз жолымен барады, ал оны табу оңай шаруа емес». Маңызды нәрсе мынау: сопылықтың қасиеттілеріне жанасқанда ол, пайда бола бастаған ең ерте шақтарда – ақ ежелгі данышпандар бұл ілімнің мақсаты – «елдер мен халықтардың саяси өміріне араласатын жаппай ұйымдарды құру емес, адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіру деп санағанын қашан да есте ұстау қажет. Ілімнің дәл осы саяси «ұсынылмайтындығы» зияткер исламдық Жаңғырудың ірі зиялылары – ғалымдар мен ақындар үшін тартымды болды. Оларды сонымен қатар бұл ілімнің Құдайға жеткізетін кез - келген, бірақ тек шынайы Жолды құптайтын терең төзімділің тартқан». Сахаба жəне табиəин кезеңінде Құран ілімі, хадис ілімі жəне фикһ ілімі сиқты ислам дінінің негіздері жинақталып, жүйеленіп жатқанда, исламның ішкі, рухани мазмұнына тереңірек үңілген тақуалар да Құран мен хадиске жəне пайғамбар сүннетіне сүйене отырып, тасаууф ілімнің негізін қалаған еді. Иман тақырыбына терең бойлап, амалдың тұңғиығына сүңгіген алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мəнін жəне адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Осылайша, жүрек пен көңілге негізделген исламның рухани өмірі кемелдене түсті. Қасаңдыққа бой алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен тəпсірге, хадис пен сүннетке жəне шариғаттың қағидаларына сүйеніп отырды. Сондықтан, сопылық жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Жүнейд Бағдади былай дейді: «Сопылық ілімі Құран мен сүннеттен бастау алады. Сондықтан, сопылық жолда Құран мен хадис білмейтін кісіні пір тұтуға болмайды».
Сопылық ілімнің негізгі қағидаларының бірі зікір салу болып табылады. Тауасуф ілімінде зікір – Алла Тағаланы еске алу, Оны ұмытпай, үнемі ойлау, Одан ғафыл қалмау деген ұғым білдіреді. Зікірдің үлкені – Құран оқу. Сондықтан болар, Құранның бір аты – Зікір. Намаз да зікірдің бір түрі болып табылады. Сонымен бірге намаздың белгілі уақыты болғанымен, зікір уақыт пен мекен талғамайды. Өйткені, Құран Кəрімде тақуалар туралы: “Олар Алланы тұрып, отырып, тіпті жамбастап жатып та зікір етеді, яғни еске алады” деп айтылады. Сондықтан, зікір – таңғажайып тылсым дүниенің көркем көріністеріне көз жіберіп, көңілге тоқу арқылы Алла Тағаланың əсем аттары мен сипаттарының сəулесін оқи білу; Алланы əрдайым еске ала отырып, Оның əмірлерін терең түсіну жəне ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезім мен Оған құлай беріліп, сүю.
Сопылардың  Аллаһ  тағалаға жақындаудың  негізгі  сатыларын  алып қарастырайық:
Шариғат – мұсылмандық заңдылықтарды барлық ұсақ – түйектерімен қоса бұлжытпай орындау. Шариғат (жибарут мақам - жол) – ұлықтық ғалам. Кәлима кілті: «Лә - иллаһа ил- лаһу Мухаммадун расулиллаһ».
Ұстанатын тәртіп заңы:
1.Иман келтірмектік.
2.Намаз оқу. 
3.Ораза ұстау.
4. Зекет беру.
5. Қажылық.
6. Мәдениеттілік, сыпайы қарым – қатынас жасау, сөйлесу.
7. Білім үйрену.
8. Пайғамбарымыздың сүннеттерін мүлтіксіз орындау.
9. Жамағатқа дін ислам жөнінде насихат айту (Әмір Мағруп).
10. Жаман іс - әрекеттен бойды аулақ ұстау.
Тариқат – басқаша айтқанда, сопылық жолына (тарик) түсу, (Шындықты мистикалық тану жолы). Тариқат (малакут мақам - жолы) – періштелер ғаламы және оның кәлима кілті.
Ұстанатын тәртіп заңы:
1.Тәубеге келу.
2.Пірге қол беру – мүрит болу.
3.Қауіп пен ража, яғни Жаратушы Иенің рақымынан үміттеніп, жазасынан қорқу.
4.Тәннің ұятты жерлерін жабу.
5.Шауһат ләззатынан тиылу.
6.Тамақ - нәпсіден тиылу.
7.Пір қызметінде болмақтық.
8.Насихат – уағыз тыңдау.
9.Әрбір нәрсенің ара – жігін ажырата білуді үйрену.
10.Оңашалықта, жалғыздықта болу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет