Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізгі зерттейтін ғылым. Селекция – сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияняң ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылық тары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. Н.И. Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
Тұқым өуалатын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақталуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті – адам баласына қажетті