Қорытынды . Энеолит және қола дәуiрi қалыптасу жолындағы маңызды кезең . Жылкыны колга уйрету , Ботай - Терсек көшпелі өркениеттің жылқы шаруашылығының дамуы Еуразия даласындагы көшпелілер үшін жылқының ерекше маңызды болуына әкелді . Мал шаруашылығының өркендеуі , дөңгелекті көлікті пайдалану және атқа салт мінуді меңгеру кенешұңқырлықтар мен андрондықтар үшін көшпелі малшаруашылығына ауысудың негізін қалады . Қоланы пайдаланып , жаңа қару - жарақ түрлерін жасау далалықтарды мыкты да жеңімпаз қауымға айналдырды . Бул жерде , әсіресе жауынгер - ерлер үлкен маңызға ие болды . Энеолит пен кола кезеңіндегі далалық мал шыларға тән қорғандық жерлеу олардың рухани мәдениеті мен шығу тегінің жакындығының белгiсi болып есептеледі .
2 БӨЛІМ – Ұлы дала қонысындағы ерте көшпелілер Сақтар мен Сарматтар
Сақтар
Сақтардың Тасмола мәдениеті
Сарматтар
Қорытынды
Б.з.д I мыңжылдықтың бас кезіндегі Қазақстандағы көшпенді тайпалар устемдiгiн ерте темір ғасыры , ежелгі көшпенділер заманы , сақ заманы деп атау қалыптасқан . Сақтар - Еуразия даласындағы көшпенді тайпалардың ортақ атауы . Сақтар Ұлы даланың алғашқы көшпенді тайпалары еді . Сақтар әлем тарихында терең із қалдырған , ежелгі дүниеге кеңінен әйгілі болған халық болатын . Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды . Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды . Сақ тайпаларының мәдени ошақтары Қазақ жерінің барлық аймақтарында қалыптасқан . Мәселен , Орталық Қазақстандағы сол кезеңнің мәдениеті Тасмола мекенiндегi aca ipi apxеологиялық ескерткіштер орны бойынша тасмолалық деген атау алды . Оны басқаларының ішінен бөлектеуге ескерткіштерінің ерекше түрі - мұртты қорғандар , тас тізбекті қорғандар негіз болд Арал маңындағы ескеткіштері ішінде Шірік - Рабат қалашығының орны мен Баланды кесенесін атап өтуге болады . Сондай - ақ сақ дәуірінен бүгінгі күнге жеткен аса құнды ескерткіштер Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылды.Ал ең ерекше ескертіш әлемді таң қалдырған мәдени тарихи қазына Есік қорғанынан табылған Алтын адам моласы . Антропологтардың анықтауынша бұл қорғанда жерленген адамның жасы 17-18 шамасындағы жауынгер , ал тегі сақ . Ол мол алтынмен өрнектелген салтанатты киiм киген . Басында әртүрлі өлшемдегі алтын жапырақшалармен әшекейленген 150 - ге жуық әшекеймен өрнектелген , әшекейде барыстың , таутекенің , арқардың , жылқының , құстардың бейнелері бар . Әлемге әйгілі болған бұл тарихи олжаны археолог К. Акышев зерттеген . Міне , мұның бәрі сақ мәдениетінің дамуы өте жоғары дәрежеде болғанын айшықтап тұр . Б.з.д 7-6 ғасырларда қалыптасып , Сібір , Қазақстан , Орта Азия , Шығыс Еуропаның оңтүстігіндегі тайпалар арасына таралған аң стилі сақ өнеріндегі айрықша белгі болды.Бұл белгі киім - кешекті , ыдыс - аяқты , қару - жарақты , тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеген сан алуан аңдар мен жануарлардың бейнелері еді . Олар жай ғана бейнеленіп қойған жоқ , жоғары эстетикалық талғаммен әшекейленген . Сақтардың материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың игілігіне айналды . Сақтардан ұзын шалбарлар мен қысқа шекпендер мұраға қалып , одан қазіргі ерлер мен әйелдер киімдерінің негізін құрайтын шалбар мен қамзол келіп шықты . Сақтардан жұмсақ былғары етіктер мен шошақ төбелі киіз бас киімдерінен - қазақ қалпағының қазіргі нұсқасы таралады. . Орталық Азияның далалық бөлігі - Ұлы дала - Дунай мен Қытай арасындағы өркениеттің өзіндік дербес ошағы болғанын сақ мәдениеті көрсетеді . Ұлы даланың өркениеті - әлем өркениетінің құндылықтарын бойына сіңіре білді . Сақ мемлекеті ежелгі қазақ даласындағы мемелекеттіліктің қайнар көзі болып табылады.
Сақтардың мәдениет САҚ МӘДЕНИЕТІ -- ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелердi мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы . Бұл тайпалардың тарихы бізге сак атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен . Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде ( б.з.б. 7 -- 3 г лар ) неғұрлым толығырақ деректер береді . 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрiстедi . Жетiсу , Төменгі Сырдария , Орталық , Солтүстік , Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды , көптеген қорымдар , ғұрыптық орындар , т.б. жәдігерлер казылып , зерттелді . Жетісудағы Есік ( Алтын адам ) , Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер , Сырдың төменгі ағысындағы ұйғарақ қорымы , Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары . Шығыс Қазақстандағы Берел , Шiлiктi қорымдары , т.б. көптеген нысандар көне сактардын тамаша ескерткіштері ретінде танымал . Кең байтақ аумақтарға тарагандыктан , әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан . Сақ мәдениеті Карпат , Дунай , Батыс Тянь - Шань , Таулы Алтайдан бастап Памирге дейiнг аймақтарда қалыптасты . Сақ өнерінің зерттеушiлерi , бiрiнші жағынан , оның Иранның Ахеменид және Бактриянын көркем өнерімен , екінші жағынан , Қытайдың Чжоу мен Хань дәуiрлерi енерiмен тығыз байланыста болған.
Мәдениеттің мұндай тұтастығын сақ шеберлерінің бейнелеу өнеріндегі аң стилімен байланстырамыз . Сақ аң стилі мәдениетінің синониміне айналды . Бабажан мекені мен Сурх - дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын : жер бауырлап жатқан қобылан , қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас , буркіттердің стильдендірілген бастары , жыртқыштар заулап бара жатқан бұғылар , аттар мен түйелер бейнесін тауып берді . Сақ шеберлері кескіндеме , қолөнер бұйымдарында аң стилін талғаммен үйлесімді қолданып , қияли бейнені ұтымды бере білген . " Аң стилін " 3 кезеңге бөлуге болады : 1. Біздің заманызға дейін VIII -- VII ғасырларда – архаикалық кезең : жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай , қозғалмайтын бейнеде кескінделуі ; 2. БIЗДIҢ заманызға дейін VI -- IV ғасырларда -- классикалық кезең : жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап , қозғалыста , реалистік турде бейнеленуі ; 3. БIЗДIҢ заманызға дейін III - I ғасырларда -- біртіндеп құлдырау кезеңі : жануарлардың сұлбасын бейнелеу , жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы ( құстың тұмсығы , мүйізі және т.б. )
Аң стилі өнерін сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан , оңтүстік әсерлерімен пайда болған . Дәл осы кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан , арыстан - самұрық , өмір ағашы образдары ауысып келеді . Бұл образдар бұғы , қошқар , түйе , барыс , жолбарыс , буркіт сияқты жергілікті жануар бейнелерімен сiңiсiп кетедi . Сақ мәдениетінің керемет үлгiсi ретiнде Тувадағы Аржан обасын айтуға болады . Бұл обаны қазу кезінде диаметрі 120 м , биіктігі 3 м орасан зор құрылыс - оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты : оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8х8 м үлкен там , ал оның ішінде көлемі 4,4х3,7 м тағы бір там бар екен . Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті , оның жанында тағы бiрнеше еркектің - көсемнің туыстары мен серіктерінің мәйіттері жатыр , тегі олар өз ерiктерiмен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек . Айналага радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер - тұрмандарымен 160 ат қойылыпты . Барлық аттар құла және жирен тусті яғни патшалар мен абыздар тустеріне сәйкес келеді екен . Оба бағы заманда тоналыпты , бірақ археологтар үлесіне де көп олжа қалыпты : турi бурiсiп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма , арқарлардың бейнелері , сабы қабан бейнесіндегі қанжар , алтын өңіржиек , жебелер табылды . Оба 6.3.д.8 ғ тұрғызылған , сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниелiктер болып табылады . Соған қарап сақтың аң стилі Азия даласында туған деген болжам жасауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |