Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық тұрпат саналатын көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дəйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның əлемдік өркениетке қосқан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде əділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді... Географиялық сипаттамасы- “Ұлы Дала” деп Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солт.шығысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз. Бұл белдеудің ұзындығы алты мың шақырымға созылса, ені мың шақырымды құрайды. Ұлы Дала- географиялық емес, тарихи мәдени ұғым. Бұл аймақтың географиялық атауы – Еуразия даласы. Ұлы Даланың ландшафтылары біртекті емес, ол далалық, тоғайлы, жартылай шөлейтті және құмды болып келеді. Даланың солтүстігі орманды алқаптармен, соның ішінде тайгамен шектеседі. Ұлы Даланың оңтүстігі өзен-көлдер, теңіздер(Қара, Азов, Каспий теңіздері) мен биік тауларға барып тіркеледі.
Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтену үрдісі мен нәсілдік-генетикикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты