Сынтас, сымтас - мегалиттік құрылыстардың бір түрі. Жерге тіке қадалған тас бағана іспетті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірінде жиі кездеседі. Байырғы Сынтастар (неолит, ертедегі қола дәуірі) өңделмеген кесек тастардан тұрғызылған.[1] Сынтас негізінен, дінге табыну жораларына орай жасалған болуы мүмкін. Сырт пішіні және орналасу тәртібіне қарай Сынтас әр түрлі атаумен ("алыптас", "қотантас", "қанаттас", "самалатас", т.б.) аталады. Сынтас ерте дәуір құрылыстарында (тас қабір, кешен, т.б.) тіреу рөлін аткарғаны аңғарылады.[2]
Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Атауы
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды.
Зерттелу тарихы
Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.
Географиясы
Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |