Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.
1958 – 68 ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды.
1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспед. құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959 – 63 ж. Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола-1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын-1, -2, Нұрмамбет-1, -2, -4 зираттарында жүргізген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 ж. Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археол. мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.
1970 – 99 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғыл. айналымға түсті.
1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археол. экспед. (жетек. А.Бейсенов) далалық зерттеулері барысында (2000 жылдан) Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед. (жетек. Хабдулина) тарапынан Сілеті өз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңге байланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астам нысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташа түрлері кеңірек танымал. Диам. 30 – 40 м-ден жоғары, биікт. 3 – 5 м-ден үлкен обалары аз зерттелген, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады.
Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі “маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. Археологиялық зерттеулер барысында алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің (мұның ішінде Қытай, Иран, Грекия, т.б. мәдени ағымдар) барынша аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ғылsvb пікірлерге сәйкес, Қазақтың қатпарлы таулары толығымен Қазақстанның өз ішінде, сыртқы көршілермен жапсарлас шекаралық өлкелерден тыс жатқан далалық геогр. аймақ болғандықтан, бұл аумақтың мәдениеті ең алдымен жергілікті алғышарттар негізінде өмір сүрген. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын “мұртты обалар” семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас.
Сарматтар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарматтар мен Сақтар 100 б.з.б., тағы да Парфия көрсетілген.
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрaмында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар болған.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды:
eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)
орта сармaттар мәдениеті (суслов)
кейінгі сарматтaр мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Батыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады. Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен алтынды көп қолданған. Оcы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың aрасында зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дaмыды: бeзeндіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бaр.
Шaруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Сармат тайпалaры Еуразияның саяси-экoнoмикалық және мәдeни өмірінде елеулі рөл aтқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара теңіз скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-эконикалық дағдарыс қалыптасады. Ғылыми тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған Сарматтардың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара теңіз скифтерінің патшалығы аумағында Сармат билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген Сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Аугуст тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Жағырапиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еуропалық, ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. Сарматтардың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай Сарматтардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. Сарматтардың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археологиялық деректері аса зор рөл атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роқсоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мысалы б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роқсоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирақтарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір-ақ шығады.
Грек, рим тарихшыларының мәліметі
Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша: Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;
Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;
Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген;
Археологиялық ескерткіштері
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
Шаруашылығы
Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
Тұрмысы
Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған.
Зергерлік өнер
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеу, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |