Көшпелілер тұрмысы
Көшпелілер тұрмысы. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шығыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі үрдістерін өткерді. Әсіресе, мыңдаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық бірігулердің, геосаяси және әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтастырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені, көне қытай жазбаларында айтылған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқы, өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап, Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезеңдерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дәуірлеген кезеңде көшпелі тұрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді. Тұрақты дипломат және сауда-саттық қарым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек материалдық айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылықтардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәтижесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы қалыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас және Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. І-мыңжылдықтың соңы мен ІІ-мыңжылдықтың бас кезіндегі (V-VІ ғ-лардағы) түркілердің аса қуатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дәлел болады. XX ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этникалық бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип «Дала өркениеті» екендігі, белгілі қазақ зерттеуші-ғалымдары М.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, М.Барманқұлов және т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мәнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.
Экологиялық
орны
|
Тарих алаңы
|
Ашық кеңістік
|
Өзара ықпалдастық аймағы
|
Көлік дәлізі
|
Ұлы Даланың табиғи климаттық жағдайы көшпелі өркениеттің пайда болуы мен өркендеуіне ықпал етті
|
Ұлы Даланың тарихы барысында көптеген мемлекет құрылып бірқатар маңызды оқиғалар өтті
|
Ұлы Дала тілдік антропологиялық және этникалық араласулар мен өзара мәдени байланыстардың орталығы болды
|
Ұлы Даланың шегаралық аймақтары көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара ықпалдасқан аймағы болды
|
Ұлы Дала Шығыс пен Батыс арасындағы көлік дәлізі қызметін атқарды
|
Ұлы Даланың маңызды тарихи-мәдени мәндері
Қорытынды: Ұлы Дала – Еуразияның орталығында орналасқан кең-байтақ дала белдеуі, көшпелі өркениеттің «бесігі». Ұлы Далада әр ғасырда алуан тілде сөйлейтін, нәсілдік сипаты әртүрлі көшпелі және жартылай көшпелілер қоныс тепті. Олардың барлығын ортақ көшпелі өркениет біріктірді. Ұлы Дала тарихы – көшпелі мемлекеттердің және көшпелі ұлы империялардың тарихы. Ұлы Дала – үздіксіз байланыстар мен қатынастар аймағы, Азия мен Еуропаны байланыстарған ауқымды көлік дәлі
1 БӨЛІМ - Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қалыптасуы
Энеолит дәуіріндегі Ұлы Дала
Ботай ( Ботай-Терсек ) мәдениеті
Андрон мәдениеті
Сынтасты мәдениет
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Қорытынды
Энеолит дәуіріндегі Ұлы Дала . Энеолит ( тасты мысты дәуір ) дөуірі б.з.б. III - II мыңжылдыктарды қамтиды . Бұл дәуірде Далада малшаруашылығы пайда болды . Далалықтардың жылкыны қолға үйретуін Солтүстік Қазақстандагы Ботай - Терсек археологиялық мәдениетінің қалыптасуымен бай ланыстырады . Бұл өтпелі мәдениетте аңшылық алына бастады басым болып , малшаруашылығы енді ғана қолға алына бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |