ЖАНАСУ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙЫРЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК - Гальваникалық элемент электр тогын беру үшін электродтарды міндетті түрде металл өткізгіштермен тұйықтау қажет. Егер әртүрлі А және В металдары жақын жанасса, онда электрондардың белгілі бір мөлшері бір металдан екіншісіне беріледі, бір металл оң, ал екіншісі теріс зарядталады.
Егер әртүрлі электролиттер немесе бір ерітінді, бірақ әртүрлі концентрациялы жанасса, онда ерітіндінің жанасу шекарасында потенциалдар секірімі пайда болады. Ол диффузиялық потенциал ЕДИФ деп аталады. Соңғысын дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан оны азайтуға тырысады. Диффузиялық потенциалды азайтудың ең қарапайым тәсілі ол ион қозғалғыштығы бірдей ерітіндімен толтырылған (KCl, KNO 3, NH 4Cl, NH 2NO3) жалғағыш көперше қолдану (тұзды көпірше). Тұзды көпіршелерді толтыру үшін көбінесе KCl қолданылады.
Әрқашан бірдей белгілі бір тәртіппен жазылады: солға – тотығу процесі жүретін электрод сосын электролит (немесе потенциал анықтаушы ион), ерітіндісіне белгілі электрод батырылған; оң электродқа электролит – электрод кезектесуі сақталады.
Электрод пен ерітінді арасындағы гетерогендік шекара тік сызықпен (І) белгіленеді. Егер электрод пен ерітінді бірнеше әртүрлі зат болса, онда олардың бәрін үтір арқылы жазады, сонан соң диффузиялық потенциалдың болу, болмауына байланысты ерітінділер арасында бір сынық () немесе екі тік сызық (││) қойылады.
Гальваникалық тізбектің электрохимиялық схемасы:
Достарыңызбен бөлісу: |