Гальваникалық элементті алғаш рет 1774 жылы Луиджи Гальвани бақаға тәжірбие жасай отырып, тірі электр тогын ашады. Осындай тәжірибе жүргізе отырып, Луиджи Гальвани тоқ көзі ретінде табиғи электр қуатын пайдаланғысы келді, алайда ол күні аспан ашық болды да, аспанда бір шөкім де бұлт болған жоқ. Ғалым бақаның жұлынына енгізіп қойған электродтарды бақа жатқан темір торға байқамай тигізіп басып кетеді. Гальвани тура найзағай ойнаған кезде жасаған тәжірибе кезіндегідей жиырылу пайда болғанын көргенде, өте қатты таңданады. Бұлшықеттер сыртқы тоқ көзі болмаған кезде де жиырылатынын анықтағанда, Луиджи Гальвани одан да көбірек таңырқады. Өткізгішпен жалғасқан әртүрлі екі металл тіліктерін бұлшық еттерге жай ғана салған кезде де, олар жиырылады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |