Тәжірбие жұмысының тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін ойын арқылы дамыту»
Өтетін мерзімі: 3 жыл
Балалар жасы:5 жастан 6 жасқа дейін
Тәжірбие жұмысына қатысушылар: Тәрбиеші Калажанова Э.О. «Қызғалдақ» ересек тобының тәрбиеленушілері, ата-аналар.
Тәжірбие жұмысының әдіс- тәсілдері:
Әңгімелесу
Санамақтар жаттау
Санның цифрлық таңбасын мүсіндету
Таяқшаларды қолдану арқылы пішіндер құрастыру
Қима пішіндерден құрастыру
Мультфилым көру
Сурет салу
Логикалық тапсырмалар
Тәжірбие жұмысының мақсаты: Қарапайым математикалық түсініктерін білім мен ұғымдар негізінде жаңа технологияларды қолдана отырып, балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы дамыту.
Тәжірбие жұмысының міндеті: -Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ақыл-ой, қиялын дамыту;
-Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін салыстыру, қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтауды қалыптастыру;
-10-20 көлеміндегі тура және кері санау дағдыларына үйрету;
-Заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен таныстыру;
-Қарапайым уақыттың бөліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;