Байланысты: Көру бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктері Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етіледі. Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршағанәлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау , қарым-қатынас жасаумен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың психикалық дамуы көретін балалардың дамуы сияқты заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай үлкен әсер етеді. Көруі бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы. Туа біткен көруі бұзылғандық – баланың ана құрсағында жатқан кездегі зақымданудан немесе аурудан, тұқым қуалаушылық жолымен берілетін кейбір көру дефектілерінің нәтижелерінен пайда болады. Жүре пайда болған көруі бұзылғандық әдетте көру мүшелерінің аурулары мен орталық жүйке жүйесінің ауруы (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит) организмнің жалпы ауруларынан кейінгі қиындықтар (қызылша, тұмау, скарлатина) мидың немесе көздің травмалық зақымдануы. Көру анализаторының бұзылысы күшейе түсетін және бір қалыптылық болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру дефектісі кезінде патологиялық процестің әсер етуінен көру функциясының біртіндеп нашарлауы жүзеге асады. Мысалы: глаукома кезінде көз ішінің қысымы көтеріліп, көз терісінде өзгерістер пайда болады. Ми ісігінің пайда болуынан көру қабілеті төмендейді. Оқу мен жазудың санитарлы-гигиеналық талаптарын орындамағанның әсері жақыннан және алыстан көргіштікке алып келуі мүмкін.
Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері сипап сезу, иіс сезу, тактильді қабылдау, есту арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Көруі бұзылған балаларда қалыпты балаларға қарағанда компенсаторлы анализаторлары жоғары деңгейде дамыған. Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол. Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды. Осы тақырып бойынша кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдауын айқындау мақсатымен түрлі зерттеу әдістері қолданылды.Біздің зерттеу жұмысымыз көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерге білім беру мекемесі « Болашақ » мектеп интернатындағы 2 сынып оқушыларына жүргізілді. Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек болады. Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Естіп қабылдау көруі бұзылғанларға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан көруі бұзылғандар үшін естіп қабылдау психикалық дамудың маңызды құралы болып табылады.Көруі бұзылғанларда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-құлқына және бағдарлануына әр түрлі әсер етеді. Естуінің төмендеуі кезінде көруі бұзылған балалар есту қабылдауынан сипап сезу арқылы өзін бақылауға сүйенеді. Көруі бұзылғанлардың сипап сезу арқылы форманы қабылдауын зерттеу олардың сезімдік тәжірибелерінің жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды.
Білім алуға дамуында мүмкіндігі шектелген балалар құқығының кепілдігі "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының конституциясында бекітілген.
Дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру саласындағы негізгі міндеті ретінде олардың психофизикалық ерекшеліктері есебімен көрсетілген санаттағы барлық балалардың сапалы білімді алуына жағдай жасау қаралуда. Мүгедек балалар, денсаулығына байланысты тұрақты немесе уақытша білім беру ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқтар, үйден жеке бағдарлама немесе толық жалпы білім беру бойынша білім алуына қажетті жағдай жасауға міндетті. Орнын келтіретін қозғалыс және басқа реті бұзылған (мысалы, есту, көру қабілеті бұзылған), арнайы техникалық жабдықтың пайда болуына байланысты олардың сәтті әлеуметтік интеграция, мүгедектерге сапалы білім алуына мүмкін болады.
Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолдануында екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:
жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету;
ерекше білім беру қажетілігі бар баланың жалпы дамуы және бұзылғанды түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.