Манту сынамасын: - Балалар 12 айға толғаннан бастап бұрынғы қойылған сынамалардың нәтижелеріне қарамастан 2 ТБ мен Манту сынамасы әр жыл сайын жасалады.
- Манту сынамасын жасау керектігін дәрігер анықтайды. Оны арнайы даярлықтан өткен, туберкулин диагностикасын жүгізуге рұқсат қағазы бар мейірбике немесе фельдшер жүргізеді.
Манту сынамасын орындау техникасы: - Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері қолданылады.
- Тексерілетін әрбір адам үшін бір мәртелік шприц немесе стерилденген жеке шприц, жеке ине пайдаланылады.
- Туберкулин ампуласын 70% - дық спиртке малынған дәкемен сүртеді, ампуланың мойнын арнаулы егеумен егеп, қиып сындырады.
- Шприцке 0,1 мл (2 ТБ) ертіндіні қалдырып, артығын шприцтен шығарады. Өйткені ағзаға жіберілетін препараттың мөлшері 0,1 мл (2 ТБ) болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |