Манту сынамасын орындау: - Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл жоғары орта тұсының 1/3 бөлігінің терісін 70%-тік этил спиртімен сүртіп, мақтамен құрғатады.
- Иненің кесілген жағын жоғары қаратып терінің бет қабатына инені қуалай ендіріп 0,1 мл туберкулин ертіндісін, яғни бір дозасын жібереді. Сынаманы дұрыс жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады.
- Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды. Инфильтратты (папуланы) мөлдір сызғышпен білектің өсіне (ұзындығын) көлденең бағытта өлшейді.
- Организмнің сынамаға реакциясын мынадай межелер арқылы бағалайды:
- Теріс- инфильтрат және қызару жоқ болғанда;
- Күмәнді - инфильтраттың көлемі 2-4 мм немесе тек кез келген көлемдегі қызару (гиперемия)
- Оң- инфильтраттың диаметрі ең кем дегенде 5 мм-ден бастап, одан ары қарай;
- Айқын- инфильтраттың диаметрі балалар мен жасөспірімдерде 17 мм және одан да жоғары және ересектерде 21мм және одан да жоғары, сондай-ақ инфильтраттың көлеміне қарамастан везикула мен лимфангиттің, аймақтық лимфадениттің пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: |