Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарға жарылыс пайда болуына бейім дәрілік заттар жатады.
Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарды оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөліктермен бөлінген арнайы үй-жайларда (бөліктерде) сақтайды. 42. Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарды сақтаған кезде олардың жарылыс туғызуы мүмкін шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек. 43. Калий перманганатын арнаулы бөліктерде, қаңылтыр контейнерлерде, жұмыс орындарында - тығындары сүртілген штангластарда сақтау жүзеге асырылады. Күкіртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және органикалық заттармен, сондай-ақ жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттармен бірге сақтауға болмайды. 44. Нитроглицерин ерітіндісін шағын, жақсы тығындалған шыны немесе металл контейнерлерде оттан сақтай отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринмен жұмысты теріге тигенде улануды және нитроглицерин төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргізу қажет.