Барретт өңеші - өңештің кілегейлі қабығындағы көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің орнына өңештің кілегей қабығына тән емес тоқішектік цилиндрлік эпителий жайлайтын патологиялық жағдай (Барретт өңешін цилиндржасушалы метаплазия деп те атайды). ГЭРА-ның немесе дуоденогастроэзофагеальды аурудығ асқынуларының бірі осы Барретт өңеші болып табылады. Жасушалар метаплазиясы созылмалы қышқылдық жарақаттан, эзофагиттен, кейін дамиды.
Барретт өңеші
Этиологиясы Эндогенді факторлар: 1)Гастроэзофагеальды рефлюкс кезіндегі асқазаннан өңешке қарай қышқыл өнімдердің, сонымен бірге тұз қышқылы мен пепсиннің көп мөлшерде кері өтуі; 2)Төменгі эзофагеальды сфинктер бөліміндегі айқын гипотензия және өңештің жиырылу қабілетінің төмендеуі (өңештің өзін өзі рефлюксті түрде тазарту қабілетінің төмендеуі); 3)Дуоденальды компоненттердің (өт қышқылы, лизолецитинин, панкреатикалық фермент трипсин) қышқыл және пепсинмен қосылып рефлюкс нәтижесінде асқазанға өтуі, әрі қарай өңешке өтуі; төменгі эзофагеальды сфинктердің транзитарлы релаксациясы; 4)Тұз қышқылының жоғарылаған базальды секрециясы; 5)Эзофагеальды ауырсыну сезімінің төмендеуі; 6)Эпидермальды өсу факторы секрециясының төмендеуі; Экзогенді факторлар: 7)Зиянды әдеттер (алкоголдік заттарды қолдану, темекі шегу); 8)Құрамдас химиотерапия; 9)Психогенді себептер; 10)Өңеш және асқазанға жасалған операциядан кейін дамуы мүмкін.
Патогенезі Өңештің кілегейлі қабығының ұзақ уақыт бойы тұз қышқылымен тітіркенуі қабынуға алып келеді. Репарация процесі бағаналы жасушалар санының көбеюімен жүреді. pH- төмен болған жағдайда бұл жасушалар қышқылдық ортаға төзімді цилиндрлік эпителилерге дифференциаланады, метаплазия процесі, кейін бұл процесс дисплазияға ұласады. Өңеште кардиальды немесе фундальды типті эпителидің қалыптасуы жүреді және оларда қышқылөндіруші париетальды жасушалар болады.
Өңештің дисталды бөліміндегі дисплазия процесі
Баррет өңеші эрозивті эзофагитпен ауыратын 10 науқастың шамамен 1-де кездеседі және ракалды кезең болып табылады. 70 жастан асқан адамдар арасында және европеид нәсілді ерадамдар арасында өте жиі кездеседі. АҚШ-та 50 жастан асқан адамдардың 1%-де кездеседі. Бұл ауруды ерте кезеңінде анықтау қиын.