Жоспар
Кіріспе
Оқыту технологиясы
Оқудан тыс жаңа технологияларды қолдану жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді.
Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген:
«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» [1]. Елбасы Н. Назарбаев аталмыш Жолдауда «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар. Қазіргі таңдағы нәтижеге бағытталған білім оқу процесінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді. Бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту» емес, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан тұрады.
Оқыту технологиясы
Қазіргі кезде интернет, мобильді байланыс көздері, белсенді тақта, цифрлы технологиялар сияқты жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Психологтар В. Давыдов, В. Рубцов жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек деген. Студенттерді технологиялық прогрестің барлық жаңалықтары өте қызықтырып отырады. Сондықтан да тұлғаны дамыту мақсатында оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін пайдалану өте маңызды рөл атқарады [3]. Бұл технологияның қазақ тілі пәнін оқытуда да қолдану мүмкіндіктері мол. Сабақта қолдану кезінде оның мынандай мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
сабақтың, тақырыптың моделін құру;
материалды толығымен жинақтау:
қосымша мәліметтермен толықтыру;
сабақты компьютер арқылы өткізу;
уақыт үнемдеуге болады; Материалды безендіру;
оқытудың ғылыми дәлелдерін арттыру; Сабақтың белгілі бір кезеңіне назар аудару;
керек кезінде материалға қайта оралу, еске түсіру, қайталап, жаңғырту;
оқушылардың өз бетімен материалды пайдалана алуы, т.б.
Белсенді тақтаның мүмкіндіктері АКТ-ты жақсы меңгерген оқытушыға сабақ үрдісінде таптырмас құрал деуге болады. Қазақ тілінен тіл ұстарту жұмыстары, сөз таптары, т.б тақырыптарды өткенде оқушы қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында оқытудың мұндай тәсілдері мен құралдарын қолдануда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолданған жөн. Инновациялық әдіс-тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы студенттің қызығушылығын күшейтіп, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасын көтереді. Осындай жұмыстар өз нәтижесін береді:
оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды;
лексикалық сөздік қоры байиды;
тілді үйренуге деген қызығушылығы, өз күшіне деген сенімі артады;
Студенттердің білім сапасын жетілдіруде озық технологияларды пайдалану үшін оқытушының білімі жеткілікті, жаңалықты білуге, меңгеруге құштар болуы қажет.
Инновациялық іс-әрекет ойдағыдай нәтиже беру үшін оқытушының ақыл-ой дамуының көрсеткіштері аса жоғары болу керек. Сонда ғана педагогикалық іс-әрекетке деген шығармашылық қатынастың қалыптасып, дамуына қажетті мотивациялық алғы шарт пайда болады [4]. Бүгінгі күннің оқыту технологиялары заман талабына сай болуы қажет. Технология ұғымын жүйелеуде көптеген терминдер тілдік қолданыста пайдаланылып келеді: инновациялық технология, жаңа технология, озық технология, интербелсенді технология, педагогикалық технология, педагогикалық инноватика, инновациялық процесс, шеберлікпен оқыту т.б.
Технологияның өндірістік және әлеуметтік технология секілді түрлері бар. Соның ішінде әлеуметтік технология адамдық факторды қарастырып, субъектінің өсуі мен дамуына барынша ықпалдасады. Субъектіні жаңа сапалық деңгейге жеткізу мен дамытудың жолдары тек оқыту үрдісінде ғана жүзеге аса алады. Осыған байланысты технология педагогикамен ажырамас бірлікте қарастырылады. Энциклопедиялық сөздікте педагогикалық инновацияны... білім беру процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін немесе жаңартатын білім саласындағы жаңалық [5] десе, ал, Қ. Мұқанованың зерттеу еңбегінде: педагогикалық технологияалдын ала жоспарланған нәтижеге жеткізетін реттелген әрекеттер жүйесі. Ол ғылыми тұрғыдан негізделіп, оқытушының кәсіби біліктілігін жетілдіретін, оқытуда межеленген түпкі нәтижеге жетуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жүйесі [6] деп түсіндіреді. Яғни жоғарыда аталған анықтамалардан педагогикалық технология оқыту жүйесінде жаңалықты, тиімділікті, түпкі нәтижені қажет ететіндігін түсінеміз. Бұл ретте, инновацияның алатын орны ерекше.
Қ. Бұзаубақова инновацияны белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс десе, ал педагогикалық инновацияны педагогикалық жүйедегі жаңашылдық деп таниды да, инновацияның модификациялық, комбинаторлық, радикалдық түрлерін ажыратып көрсетеді [7]. Ескіні өзгерістер енгізіп дамытуды – модификациялық инновация, бұрынғы әдіс-тәсілдерді пайдаланып жаңадан құрастыруды-комбинаторлық инновация, жаңадан енгізілген оқыту жүйесін радикалдық инновация дейді. Соның негізінде жаңашылдықтың қандай сипатта, формада болатынын байқауымызға болады.
Оқудан тыс жаңа технологияларды қолдану жолдары.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.
Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Т.И. Шамова, «білім беру технологиясы - қатысушыларға камфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мүғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» десе, В.П. Беспалько «оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):
а) педагогикалық технология оқытуда педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның
меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру технологиялары ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,В.В. Давыдов;
модульдық оқытудың технологиясы;
ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;
перспективалық - озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;
проблемалық оқыту технологиясы;
ойындық оқыту технологиясы;
оқу материалдарының схемалық және белгілік модельдерінің
негізінде жеделдетіліп оқытудың технологиясы;
жекелеген оқытудың технологиясьг Инге Унт;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик.
Қазіргі- оқыту технологиялары мұғалімнің «дайын білімді» баяндауынан гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеу бағытталған. Осы жағдайды ескере отырып, біз оқыту барысындағы мұғалім мен оқушының бірлескен оқу кызметінің негізгі түрлеріне тоқталуды жөн көрдік. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсатындағы оқу қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту қайталау сияқты кезеңдерден тұратын кешенді сабақтар пайда бола бастады.
Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.
білім беру технологиясын теориялық негіздеу;
технологияның процедураларын меңгеру;
мұғалімнің әдістемелік құралдарды меңгеруі;
қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері
және өлшемдері.
Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадай тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы түсінік, олардың ғылыми негіздері және классификациясы, «дамытып оқыту технологиясының жалпы негіздері», «дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ», «әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту» т.б.
Сыныптан тыс сабақ тақырыптарын зерделеу мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:
- ұсынылып отырған сабақ мүғалімдердің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
- әртүрлі жаңа технологиямен танысу мүғалімдерге іс-тәжрибесін жинақтауға, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі;
- сабақ жаңалыққа деген бір жақты көзқарастан сақтап, әр пәннің ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.
Сабақтың соңына қарай «оқыту үрдісінде білім технологиялары» атты проблемалық іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал. Ойын мынадай мақсаттарды қояды:
- «білім беру технологиясы» ұғымының теориялық негіздерін ұғыну;
- мектепте қолданылатын технологиялар туралы білімді жүйелеу;
- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.
Ойында мынадай проблемалар талқыланады:
1. Білім беру технологияларына өзіңіздің қатынасыңызды білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын сыныптан тыс оқытуда қолдану керек. Брінші сұраққа тапсырмалар:
1) сіз тыңдаған білім беру технологиясының құрылымын моделдеңіз, анықтаңыз, сипаттаңыз,
2) практикада сол технологияны қолданудың алгоритімін жасаңыз,
3) Білім беру технологиясын қолдану оқушы, мұғалім үшін не береді?
3. Сыныптан тыс оқыту технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектескеді.
Бастауыш сыныптарда сабақтан тыс оқытуда қолданылатын қазіргі технологиялар
№
|
Технологияның
аты, авторы
|
Мақсаты
|
Тұжырымның
ерекшелігі
|
Мазмұны мен
әдістерінің
ерекшелігі
|
1
|
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
|
-Математика-лық білімнің оқушының интеллектісін дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.
-Пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамассыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау
|
- Өзара байланысты амал операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
- есеп құрастыру және шығару процесінің бірлігін қамтамассыз ету;
деформациялан-ған жаттығулар әдісі:
- тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру:
-тапсрымалар-дың баланың ойлау, операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуы.
|
- бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
-өзара қарама- қарсы ұғымдарды салыстыру, сәйкестендіру;
-жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындау тәртібін реттеу
|
2
|
Дамыта оқыту
технологиясы
(Л.С.Выготский,
П.В.Занков,
Д.Б.Эльконин,
В.В. Давыдов)
|
- Бала бойына
еркіндік,
мақсаткерлік,
ар-намыс,
мақтаныш
сезім, дербестік
адамгершілік,
еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б
қасиеттер
дамыту;
- оқыта отырып
жалпы дамыту
|
- Оқыту дамудың
алдында жүруі
керек;
- Дидактикалық
құралдардың
дамуға әсері зор
|
- Дамыта
оқыту жеке
тұлғаның
барлық
саналарын
сәйкестікте
дамытуға
бағытталған
- Дамыта
Оқыту дәстүрлі
оқытуға балама
жүйе:
|
3
|
Түсіндіре
басқарып - оза
оқыту
(С.Н.Лысенко)
|
- Білім, білік,
дағды
меңгерту;
- Мемлекеттік
стандарт
көлемінде білім
беру;
- Барлық
баланы табысты
оқыту
|
Педагогикалық
ынтымақтастық
тұжырымдары;
|
1 Болашақ
білімнің
алғашқы
бөлігін алдын-
ала енгізу
2. Оза оқыту
|
Қорытынды
Оқытудың, дамытудың негізгі құралдары-оқу жоспары, оқыту бағдарламасы және оқытушының ізденімпаздығы, шеберлігі, жаңашылдығы. Тіл үйрену үшін студенттердің жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу қажет.
Адамның ойлауы тіл арқылы шындықты көрсетеді. Өмірде, қоршаған ортада болған нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді. Студенттерге қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде оқытушылардың ескеретін жұмыстары көп-ақ. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде оқытушы білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Қай педагогикалық технологиялар болмасын, ол – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған, ол оқушының өздігінен жұмыс істеуіне, өздігінен ізденіп білім алуына итермелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.
Смирнова С.А. Педагогика. Теории, системы, технологии. – М.: Академия, 2006. – 224-231.
Юсуфбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики. – М., 1991.
Бұзаубақова Қ. Әдістемелік жұмыстағы дебат. // Қазақстан мектебі. – 2006. №7/8
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: Мектеп, 1982. -
Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі, 2003, – №2. – 11-16.
Достарыңызбен бөлісу: |