Жоспар
Кіріспе 1
Тамақтану режимі 3
Дұрыс тамақтану 6
Тағамның қуаты қандай болу керек 10
Кіріспе
Өзімізге белгілі әртүрлі факторларға сүйенсек, денсаулыққа байланысты тамақтану – ең маңызды мәселе. Өйткені, тамақтану – адам ағзасы үшін энергетикалық материал ( энергия көзі ) болып табылады. Сонымен қатар, ағзадағы биологиялық белсенді заттардың пластикалық материалы мен стимуляторы болып табылады. Практикалық түрде көптеген адамдар объективті және субъективті себептерге байланысты тамақтану режимін бұзуда. Соның салдарынан ағза өте қажетті биологиялық белсенді заттарды керегінше ала алмайды.
Қазіргі таңда алиментарлық жағдайына байланысты бірсыпыра, аурулардың түрлерінің көбейгені белгілі. Қалыптан артық тамақтанғаннан кейін гипертоникалық ауру дамиды және атерсклероз, бедеулік, семіру, өте бөлу жолдары және несеп жолдарының аурулары, ишемиялық ауру, диабет және т.б. аурулар туындайды. Ал адам ағзасына тағамдық заттармен энергия жетіспеушілік мынадай ауруларға әкеп соқтырады: кахехисия, маразм, диатрофит, анемия, рахит, көздің күндіз көріп, түнде көрмеуі (куриная слепота), гингивитер,полиневриттер, нәрестелер өлімінің жйілеуі, гастриттер, ісік(рак), туберкулез және т.б. аурулар пайда болады.
Ғылыми зерттеулер қорытындылары тамақтану факторы ағзаны әртүрлі аурулардан қорғайтындығын және қорғай отырып иммундық жүйеге спецификалық және спецификалық емес түрде әсер ететіндігін, ағзаның өсіп-жетілуіне, физиологиялық жүйенің дұрыс жұмыс жасауына, денсаулығын сақтауға, жұмыс қабілетін, ағзаның ауруларға қарсылық күшін арттырып, дені сау ұрпақ келтіруіне әсер етіп, өмірін ұзартудағы маңызы зор екендігі дәлелденуде. Ол ағзаны қоршаған ортадағы бөгде агенттерге төзімділігін, кедергісін арттырады, балалардың өсу, даму ырғағын анықтайды.
Жоғарыдағы баяндалған мәліметтерден денсаулық сақтау ұйымының тамақтану факторына үлкен көңіл бөлетінін көреміз. Мәселен, қазіргі кезде денсаулық сақтау ұйымының ғылыми-практикалық қызметкерлері денсаулыққа байланысты ешқандай әлеуметтік-гигиеналық шарт қоя алмай отыр. Себебі, адамдар керекті құнды тағаммен тамақтанбау өз алдына, санитарлық-гигиеналық қалыптарға сай тамақтанбағандық салдарынан да денсаулықтары нашарлауда.
Жүкті және емізулі әйелдер жағдайы бұл фактілерді түсіндіруде маңызды топты құрайды. Себебі, бұлардың арасында анемия 30 және одан да жоғары.
1990-1995 жылдары туылған балалар 1980-1985 жж. Туылған балалармен салыстырғанда, төмен антрометрикалық көрсеткішті көрсетеді.
Әдебиеттегі деректер және біздің зерттеу материалдарымыз бойынша сапасыз, құнарсыз тағаммен тамақтанған жүкті әйелдерден сәбилердің төмен салмақпен туылатындығы және осы аналардың жүкті кезінде анемиямен, токсикозбен ауыратындығы дәлелденді.
1990-1995 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындаған кезінде туған сәбилердің антрометриялық орташа өлшемдері 1980-1985 жылдардағы деңгейімен салыстырғанда статистикалық дәлдікте төменгі дәрежеде анықталады.
Сәбилердің антенаталды өсіп-жетілуіне әлеуметтік-экономикалық және биологиялық факторлардың әсерлері тиемелді түрде болатындығы анықталды, бірақ әлеуметтік-экономикалық ахуалдың аналар мен перзенттердің денсаулық көрсеткіштеріне теріс әсер ету ықпалы биологиялық факторлардың тегеурінін пәрменді екендігі дәлелденді.
Ана денсаулығы – биологиялық фактор, бірақ денсаулығы жақсы аналар екі түрлі жағдайда сәбилерді дүниеге келтіреді. Осыған орай, 1990-1995 жылдарда туған сәбилердің самотометриялық көрсеткіштері анағұрлым төменгі деңгейде анықталды. Бұл ретте қиын жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторлардың пәрменділігі байқалды. Биологиялық фактордың күші әлсіздік танытып, экономикалық ахуал әсері басымдық көрсетті.
Денсаулығы жақсы аналардан туған сәбилердің салмақ-бой индексі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсеріне арнайы көрсеткіш бола алады. 1980-1985 жылдары бұл деңгей 65.0-65.2 г/см, ал 1990-1995 жылдары 62.2-62.4 г/см-ге тең болды(норма 65.0 г/см-ден жоғары).
ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ
Күнделікті азық-түлікті дұрыс бөлу және берілетін астың түрлерін белгілеу дұрыс тамақтанудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан дұрыс тамақтану режимін белгілерде тамақты адамның жасына, қызметіне, бос уақытына, тағы басқа да организмінің ерекшеліктеріне байланысты дайындауды талап етеді.
Мезгілімен тамақтанудың себебі – асқазан сөлі сілекей секілді асты көргенде, оның иісін сезгенде рефлекторлы түрде бөліне бастап, асқа дайын болып тұруы... Тамақты мезгілімен іше алмағаныңызды есіңізге түсіріңізші. Тамақты күтіп тұрған асқазан сөлі онымен кездесе алмай қарында бос қалып қояды. Мұның денсаулық үшін зияны көп. Бөлініп шыққан асқазан сөлінің құрамындағы тұзды қышқыл оның ішкі жұқа қабатын зақымдайды. Осы кезде адамның тамаққа тәбеті де болмай қалады. Мұндай жағдайлардың қайталана беруінен адамның асқазаны ауруға шалдығады. Сондықтан тамақты белгілі уақытта шартты түрде ішуге біз өзімізді үйретуіміз керек.
Біздер деніміз сау кезімізде дәрігерлердің пайдалы кеңестеріне құлақ аспаймыз. Кейбіреулер тіптен менің асқазаным шегені де қорытып жібереді ,- деп батырлық көрсетеді. Бірақ арада көп уақыт өтпей-ақ мұндай батырлар азып-тозып, кәрілік нышанын білдіріп, жүрегімнің басы толып тұрады,- деп шағым етеді. Дұрыс тамақтанудың режимін мойындамаған адамды суда жүзіп жүрген мұз тауы айсбергтің анағұрлым қауіпті төменгі бөлігін көрмейтін бейқабар поляр капитанымен салыстыруға болады.
Тамақтану режимі бұзылған адамдардың асқа тәбеті шаппайды. Мұндайда жұрттың көпшілігі арақ ішіп жібергенін тәуір көреді. Бұл тіпті дұрыс емес, себебі, арақ әдеттегі физиологиялық емнің ешқайсысына да жатпайды. Керісінше, оның нерв пен жүрек-қан тамыр жүйелеріне өзінің өткір жүзін қадап, бүлдіруден басқа білетіне жоқ.
Тамақты кешке, ұйықтар алдында тойып ішу тіпті жарамайды, себебі асқазан сөлі көп бөлініп шығып асқазан көк етті қысып, жүректің әдеттегіше жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Оның әсерінен адам түнде нашар ұйықтайды, шым-шытырық түс көріп, мазасы кетеді. Егер адамның жүрегі нашар болса ( стенокардия және инфаркт ауруымен ауыратын болса), осындай тамақты көп ішкен кештерден кейін оның жүрегі қысылады.
Дұрыс тамақтануға қандай режим жатады? Біріншіден, тамақтану режимі адамның еңбегіне және оның бос уақытындағы жағдайына байланысты болу керек. Москвадағы тамақ институтында жүргізілген көп жыл бойғы тәжірибенің қорытындысы мынаны көрсетті: нағыз денсаулыққа тиімдісі күніне 4 рет тамақтану – таңертеңгі асты тойып ішіп, оның қуаттылығы бір күндік норманың 25-30 бөлігі болуы керек; екінші таңертеңгі (түскі үзіліс кезіндегі) жеңіл ас – 10-15 бөлігі, жұмыс біткеннен кейінгі кешкі тамақ – 35-40 бөлігі, кешкі жеңіл тамақ – 15-20 бөлігі.
Бірінші таңертеңгі асты тойып жеудің мәнісі – 9-10 сағат ұйықтап әбден тыныққаннан кейін ол бүгінгі істейтін жұмысын ескере отырып, организміне қажетті қуат пен құрылыстық заттарды жинап алуы керек. Осы тұрғыдан таңертеңгі ішетін астың бір түрін овощ қосылған еттен, жарма қосылған балықтан, кофе немесе шай және тағы басқалардан болғаны жөн.
Екінші реттегі түскі үзіліс кезінде асты тоя жеудің қажеті шамалы. Адам асыра тоя жесе, оның ұйқысы келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Сондықтан бір-екі тілім нанды колбасамен немесе маймен (бір-екі стакан айранды булочкамен немесе бір-екі жұмыртқаны нанмен) жеп, бір-екі стакан шай ішіп тұрса, кешкі тамаққа дейін адам еркін шыдай алады.
Жұмыстан кейінгі тамақ организмнің күні бойы шығаратын шығынын өтеуі тиіс. Бұл тамақты ішкенде істеп келген жұмысты ғана емес, алдағы істелетін жұмысты да еске алып, соған орай тамақтың белоктарын, майларын, витаминдерін жеткілікті мөлшерде алу қажет. Жұмыстан кейінгі тамақ әр уақытта ыстық және оның бірінші түрі еттен, балықтан немесе овощтардан пісірілуі қажет. Бұлардан соң компот,кисель ішуге, жеміс-жидек жеуге болады. Ас алдында винегрет, салат жеу керек, себебі олар тамаққа тәбетіңізді ашады.
Кешкі ас сүттен, жармадан және овощтан пісірілсе олар организм үшін жеңіл және пайдалы болады. Ашуланшақ және нерв жүйесі нашар кісілерге кешке қарай қорытылуы қиын және көп тітіркендіргіш тағамдарды жеуге болмайды. Оларға бұрыш салып еттен жасалған тағамдар, кофе, какао, қою шай, тағы басқалары жатады. Кәрі демей, жас демей ұйықтар алдында бір стакан айран ішсе, денсауық үшін аса пайдалы.
Жоғарыда біз күніне 4 рет тамақтану керек екендігін айтып өттік. Көпшілік қауым мұндай режимге қарсы да болуы мүмкін, себебі сіздер күніне 4 рет емес, көбінесе 3-ақ рет тамақтанасыздар. Тек жадыңызда болсын; таңертеңгі асты тоя жеңіз, түскі асты тойып, ал кешкіні қоя жеңіз.
Тамақтың түрлері әрдайым өзгертіліп отыруы шарт. Алайда, үй тұрмысына астың алуан түрлі болуына әдетте жөнді назар аударыла бермейді. Үй шаруасындағы әйелдердің барлығы бірдей күн сайын таңертеңгі, түскі және кешкі тамақ әзірлеудің жоспарын жасай бермейді. Сондықтан қажетті азық-түлікті іріктеп сатып ала алмайды. Үй шаруасындағы әйелдердің көпшілігі-ақ әдетте тамақтың небәрі 10-12 түрін ғана әзірлей біледі, бұларды бірнеше жыл бойы кезекпе-кезек пісіре береді. Мұның салдарынан семья мүшелерінің біркелкі тамақ жеулеріне ғана тура келіп қоймай, олардың организмі керегінше қажетті мөлшерін тағамнан ала алмайды.
Тамақтың түрлерін (меню) жасағанда күн сайын әзірленетін асты таңертеңгі, түскі немесе кешкі асты түрлендіріліп әзірлеуді және оларды алма-кезек ауыстырып әзірлеуді және оларды алма-кезек ауыстырып әзірлеуді ескерудің зор маңызы бар. Мысалы, борщ,щи,котлет он күнде бір рет, тіпті болмағанда жұмысында бір рет қейталанып отырса, бұл тамақ неғұрлым дәмдірек болып көрінеді. Сондықтан тамақтың түр-түрін күнілгері жоспарланғанда, он күнге немесе бір жетіге арналып жасалған менюді мүмкіндігінше орындаған дұрыс. Күнделікті жасалған менюде азық-түлік пен тамақтың түрін дұрыстап ұштастырудың да маңызы бар. Егер таңертеңгі тамаққа картоп немесе ботқа берілген болса, бұларды түскі немесе кешкі тамақта қайталаудың қажеті жоқ, олардың орнына, мысалы, басқа овощтан әзірлеген жөн.
Тамақты сумен қабаттастырып ішкен дұрыс па? Бұл туралы түсініктер әр түрлі. Біреулер дұрыс деп жауап берсе, екінші біреулер дұрыс емес деген ұғымда. Шынында да, тамақ ішіп отырып, су ішуге болмайды. Бұл айтып отырғанымыздың Қазақстандағы тамақ ішіп отырып, шай ішетіндерге де қатысы бар, себебі, тамақпен бірге ішкен су асқазан сөлін сұйылтып, астың сіңімділігін әлсіретеді. Егер шөлдеп отырсаңыздар, суды тек тамақ алдында ішу керек, өйткені аш қарынға ішкен су асқазанда көп тоқталмай тез ішекке өтіп кететіндіктен, оның асқазан сөліне зияны жоқ.
Кешкі сменада істейтін жұмысшылар қалай тамақтану керек?
Бұлар таңертеңгі тамақты сағат 9-10-да, кешкі тамақты сағат 23-24-те ішулері тиіс.Түскі тамақ күндік нормасының жартысы болуы керек, ал ұйықтар алдындағы күндік норманың 10-15 бөлігіндей ғана жеңіл болу керек. Түнгі сменадағы жұмысшылардың кешкі тамағы (жұмыс алдында) құнарлы болуы керек (күндік норманың 40 бөлігі). Жұмыс арасында жеңіл ғана тамақтанып, денені сергек ұстау үшін кофе немесе шай ішкен жөн. Үйге келген соң жақсылап тамақтанып, оның мөлшері күндік норманың 25-30 бөлігі болсын.
Біз сіздерге дұрыс тамақтану режимінің дені сау ересек адамдарға тиісті бөлімін айттық.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ
Адамның барлық өмірі тамаққа байланысты. Жаңа туған сәби де бірден анасының емшегін еме бастайды. Ананың сүтінен ол өзінің өсіп жетілуіне қажетті тамақтың барлық түрлерін алады. Ана сүтінің әрбір грамында
1-1,5 процент белок,
6-7 процент қант,
3-4 процент май,
0,2 процент тұз және
88 процент су бар.
Бұлардан басқа ана сүтінде сәбиді алғашқы бірер айлығында аурудан сақтап тұратын иммунные тела деп аталатын ерекше зат пен кейбір ферменттер болады.
Сіздер білесіздер ме? Егер күнделікті аста белок жетіспесе, баланың өсіп жетілуі нашарлайды, ал үлкен кісілердің жұмысқа қабілеті төмендейді, суық тиіп түрлі жұқпалы аурулармен ауырғыш келеді.
Соңғы кезде США-ның балалар дәрігерлері жаңа туған анасының сүтін емізу керек емес дегенді айтып жүр. Сөйтіп, жас босанған әйелдерге сүт шықпайтын етіп, прожестерон дәрісін береді. Сол елдің көптеген оқымастылары, соның ішінде балалар тамағын дайындап шығаратын компаниялардың өкілдері, ана сүтінің қуатсыздығын дәлелдеуде. Әрине, мұнымен келісуге болмайды, себебі олардың ойлағаны бала мен ананың денсаулығы емес, керісінше, өздерінің баю құлқыны.
Баланы жастан демекші, балаларды әрдайым дұрыс тамақтандыруға тырысу керек. Біз көптеген жағдайда үлкен адамдардың түрлі ауруларының түпкі себебін сол жас кезінен бастап іздестіру арқылы тауып алып отырамыз.
Бала организмі өскен сайын оның тамаққа талғампаздығы өзгереді. Енді оған ана сүтінен басқа түрлі-түрлі сапалы тағамдар керек. Оның өсіп келе жатқан денесіне, органдарына қуат пен құрылыс материалдары бұрынғыдан да қажет. Бұл заттарды ол тек тамақпен ғана алады.
Организм өзін-өзі белокпен, маймен, тағы басқа тамақтармен қамтамасыз ете ала ма?
- Ия, өзін өзі біршама қамтмасыз етеді. Бірақ өмір тіршілігі кезінде адамның организмінде ыдырау процесі де болады.Ал организмдегі ыдыраудың орнын толтырып тұру үшін, адамға тамақтанып тұру керек және оның дұрыс ұйымдастырылуы шарт.
Дұрыс тамақтану арқылы ғана адам өз организмінің мүшелерін тиісті құрылыс материалдарымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады және істеген қызметіне сәйкес қуат ала алады.
Дұрыс тамақтану ережесіне сай барлық тағамдардың түрлері негізгі алты топтан тұрады:
1. Органинизм үшін нағыз қажетті құрамды белоктары бар тағамдар: сүт, айран, қаймақ, сүзбе, қымыз, шұбат, сыр, қант қосқан қойылған кептірілген құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, құрт. Бұлардың 100 грамындағы пайдалы заттар төмендегі мөлшерде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |