Вирустар құрылысына қарай
Жай вирустар
–
нуклеокапсидтердің сыртында
қосымша қабат болмайтын
вирустар жатады. Жай вирустар
химиялық табиғаты
нуклеопротеиндер болып
табылады. Мысалы, темекі теңбілі
вирусы, сүйел вирусы,
аденовирустар.
Күрделі вирустар
–
нуклеокапсидты жауып жатқан
қосымша суперкапсид деп
аталатын қабат болады. Бұл қабат
липопротеинді немесе белокты,
яғни мұндай вирустарда қосымша
химиялық компоненттер -
липидтер, көмірсулар,
гликопротиедтер болады.
Вирус белоктары екі топқа жіктеледі
Құрылымдық, вирус бөлшектерінің құрамына
кірушілер.
Вирустар құрылымдық белоктардың саны
бойынша ерекшеленеді: қарапайым вирустарда белоктың
саны 4-тен аспайды, ал күрделі вирустарда 30-дан астам
болады.
Құрылымдық емес, вирустардың репродукциясына
қажетті.
Құрылымдық емес белоктарға вирус
белоктарынының алғы заттары мен ферменттер жатады.
Вириондардың құрамында ДНҚ-ға тәуелді РНҚ-
полимераза, РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимераза, РНҚ-ға
тәуелді ДНҚ-полимераза (кері транскриптаза),
протеинкиназа, ФҮШ-аза, рибонуклеаза мен
нейроминадаза болады.
Патогенділік және берілу
Патогенділігі бойынша вирусар
әртүрлі болып келеді. Патогенді,
шартты патогенді және патогенді
емес вирустар. Адамға вирус
патогенділік дәрежесіне қарай
әртүрлі әсер етеді. Берілу жолдарына
қарай: ауа-тамшылы, контакт,
трансмессивті, фекальді-оральды,
транплецатрлық жолмен беріледі.
Қорытынды
Қорыта келе, вирустар дегеніміз өз алдына
көбеюге қабілетсіз, тек тірі клеткаларда тіршілік
ететін клетка ішілік облигатты паразиттер болып
табылады. Вирустар алуан түрлі болады. Қазіргі
кезде адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің,
бактериялардың вирустары бар. Жалпыда
вирустардың систематикасы және
классификациясы өте маңызды. Сонымен қатар
қазіргі таңда вирустардың жаңа түрлері ашылып
жатыр. Қазіргі кезде әлемдік жылыну алаңдатып
отыр, себебі жылынудың салдарынан мұздықтар
еріп ондағы адамдарға беймәлім аса қауіпті
вирустарда ашылуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және
вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982 ж
2. Шығаева .М.Х, Қанаев.Ә.Т, «Микробиология және
вирусология» оқулығы, Алматы – Қазақ университеті, 2008 ж
3. Интернет желісі
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |