Жоспар: Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар


Төменде осы еңбектегі мәдени қаты­настар, тілдік әлем, мәдениет пен өнердің, өмірдің тоғысар тұстары жайлы мәселелерге тоқталамыз



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#89192
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет семиотикасы реферат

Төменде осы еңбектегі мәдени қаты­настар, тілдік әлем, мәдениет пен өнердің, өмірдің тоғысар тұстары жайлы мәселелерге тоқталамыз.

Бұл тақырыпқа сөз қозғағанда ғалым таңбалар жүйесін аталған еңбегінде әуелі тілдік әлеммен байланыстырады. Лотманның пікірінше, біз тіл кеңістігіне тастай батып, судай сіңіп кеткенбіз. Әлбетте, қай жағынан алып қарастырсақ та, біз тілдік кеңістіктен қаша алмаймыз. Біз оның бір бөлшегіміз, ол да біздің бір бөлшегіміз. Бұл ретте тілмен арақатынасымыз жайбарақат деп айта алмаймыз: тілдің шегінен тысқары шығу үшін бар күш-жігерімізді саламыз, жалған мен өтірікті, ауытқушылықтарды, кемістіктеріміз бен олқылықтарымыздың денін дәл осы тілге артып қоямыз. Тілмен күресу талпыныстары тілдің өзі сияқты көнеден келе жатыр. Тарих, бір жағынан, бұл талпыныстардың үмітсіздігіне, екінші жағынан, өмірі бітпейтініне көзімізді жеткізіп отыр.

Лотманның тілдік кеңістігі күнделікті қолданыстағы тілмен шек­телмейді. Ол біздің адами, мәдени, ұлттық санамыздың қамтитын шеңберлерімен тікелей байланысты. «Рухани жаңғырудағы» сана жаңғырығын түйсінуде де бұл еңбектің маңыздылығы ерекше.

«Таңбалар әлемінің өзегінің бірі – оның әртектілігі», дейді Лотман. – Уақыт осіндегі циклдік қозғалыстарда түрлі қосалқы жүйелер қатар орналасады. Мәселен, қазіргі заманда Еуропада әйелдер модасының айналым жыл­дамдығы жылмен өлшенсе, тілдің фонологиялық құрылымы баяу өзгеретіні соншалық, тіпті біз оны өзгермейтін дүние деп қабылдауға бейім болады екенбіз».

Расында да қазіргі қазақ тілі­нің мазмұн байлығы күн санап жұтап бара жатқанымен, екінші жақтың пайымы тұрғысынан ол өзгермес дүние ретінде қара­лып, үйреншікті байбалам қалпына түсіп отыр. Осы тұс­та Ю.Лотман Лермонтовтың «Ақын­дар өз табанын өзі сорып, қоректенетін аюларға ұқсайды» деген тұжырымын келтіреді. Семиотикалық құрылымдарға қатысты бұл мысалды қазіргі ана тіліміздің ахуалымен қарай­лас қарауға да болады. Ұлттық кеңістігімізді қалыптастыратын ана тіліміз десек, оның өзге мәдениеттер кеңістігіндегі орны қандай? Бүгінде балабақшаларда қостілді тұлға қалыптасып келе­ді, оның даму динамикасы­ның қарқыны қандай? Егер бұл сұрақтарды да Лотман көтеріп отырған таңбалар әлемі аясында қарастырсақ, нендей нәтижелерге қол жеткіземіз?

Лотман кез келген ұлттың мәдени шекарасының маңыз­дылығына тоқталады. Әрі қарай ғалым ойын одан сайын тереңдетіп ұлттық мәдениеттің өзге мәдени қабаттармен қатынасын да тілге тиек етеді: «Бұл шекара семиотикадан тыс саладан баса көктеп кіретін басқыншылармен қиылысады, ал бұл басқыншылар баса көктеп кіргені былай тұрсын, өзімен бірге динамикасын ала келеді, кеңістікті түрлендіріп жібереді, әйтсе де кеңістік заңдары бо­йынша өздері де түрленеді. Сонымен бірге семиотикалық кеңістік өзінен мәдениеттің тұтас қабаттарын ұдайы шығарып тас­тап отырады. Бұл қабаттар мәдениеттің шегінен тысқары түзілім топтарын жасайды да, мәдениетке мүлдем ұмыт болып, жаңа қабат ретінде қайта кіру үшін, өз уақытын күтіп отырады. Семиотикадан тыс саламен ауыс-түйіс динамиканың таусылмас қорын қалыптастырады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет